Разделы презентаций


Жүрек

Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Жүрек

Жүрек

Слайд 2Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм.

Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек

қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys — бұлшықет, kardia — жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек етжасушалары түзеді.[1]
Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер

Слайд 3Құрылысы
Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы

екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің

әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.
Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Бұл жақтаулы қақпақшалар.
Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады.
ҚұрылысыЖүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке

Слайд 5Ж-тің миокард қабатында миофибриллалары аз, көбіне саркоплазмаға бай бұлшық ет

талшықтары шоғырланып орналасады. Олар Ж-тің ырғақты жұмысын реттеп отырады. Оны

Ж-тің өткізгіш жүйесі деп атайды. Ондағы бұлшық ет талшықтарында оқтын-оқтын қозу импульстары пайда болып, өткізгіш жүйедегі клеткалар өздігінен жиырылады. Ересек адамдарда Ж-тің салм. 250 – 330 г-дай, ұзындығы 10 – 15 см, көлденеңі 8 – 11 см, қалыңд. 6 – 8,5 см. Шамамен Ж-тің үлкендігі әркімнің өзінің жұмған жұдырығындай болады. Ж-тің қызметі жүрекше бұлшық еті мен қарынша бұлшық етінің белгілі бір ырғақпен кезектесе жиырылуы (систола) және босаңсуы (диастола) арқылы атқарылады. Ең алдымен, жүрекше жиырылып, қанды бос қарыншаға итереді, оған 0,1 с уақыт кетеді; екінші кезеңі – қарыншалардың жиырылуы (қан қолқа мен өкпе артериясына итеріледі), оған 0,3 с, ал үшінші кезеңі – жүрекшелердің де, қарыншалардың да босаңсуы (диастоласы), мұны жалпы пауза деп атайды, оған 0,4 с уақыт кетеді. Ж-тің осындай жұмысына 0,8 с уақыт кетеді. Ересек адамның Ж-гі минутына 72 – 75 рет соғады. 1 мин-та Ж-тің қантамырларға шығаратын қан мөлшерін Ж-тің минуттық көлемі деп атайды. Ж-тің жұмысы қанмен бірге келетін гормондар арқылы, сондай-ақ, өзіндегі шеткі жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырылады. Ж-тің адам организмінде алатын орны ерекше.
Ж-тің миокард қабатында миофибриллалары аз, көбіне саркоплазмаға бай бұлшық ет талшықтары шоғырланып орналасады. Олар Ж-тің ырғақты жұмысын

Слайд 6Адам жүрегінің пішіні конусқа ұқсас, оның оң жақ жалпақтау келген

бөлігі – негізі, ал сол жақтағы сүйір бөлігі ұшы деп

аталады. Жүректің ұшы сол жақтағы 5-жұп қабырғаның шеміршекті шетіне сәйкес келеді. Жүректің сыртындағы дәнекер ұлпадан тұратын қабын – үлпершек (перикард) деп атайды. Жүрек үлпершектің ішінде бос жатқандықтан, еркін жиырылып босаңсиды. Сыртындағы көлденең сайшалар жүрекшелер мен қарыншалардың арасын бөліп тұрады. Жүрекшелер жүректің негізі жағында, қарыншалар ұшы жағында орналасады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалары болады кейде оларды саңырауқұлақ деп атайды. Жүрек үш қабаттан тұрады. Сыртқы жұқа қабаты – эпикард, ортаңғы қалың бұлшық етті қабаты – миокард, ал камераларды астарлап жатқан жұқа қабаты – эндокард деп аталады. Миокард қабатындағы бұлшық ет талшықтары жүрекшелердің сыртында екі түрлі бағытта орналасқан. Сыртқы қабатындағы бұлшық ет талшықтары екі жүрекшені де тұтасымен қоршап тұрса, ішкі қабатындағы бұлшық ет талшықтары әрбір жүрекшені жекелей қоршап жатады.
Адам жүрегінің пішіні конусқа ұқсас, оның оң жақ жалпақтау келген бөлігі – негізі, ал сол жақтағы сүйір

Слайд 7Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр

жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының

жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы,жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т.б. Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді.
Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын

Слайд 8Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы

төмендейді, қол-аяғы ісінеді. Жүрек және қан тамыр неврозы – жүрек

және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы. Бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы – жалпы невроз (неврастения, истерия, т.б.). Бұл кезде жүректің соғуы бұзылады. Клиникалық белгісі: адамның беті қызарады, сұрланады, басы ауырады. Екінші тобы – гипертония, гипотония аурулары. Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, ми қыртысының ауруға шалдығуынан пайда болады. Үшінші тобына вегетативтік жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулары жатады. Ауру көбіне адамның жеке органдарында дамып, кейін жұлын және симпатикалық жүйке жүйесінің басты бөлімдеріне таралады. Бұған Меньер, Рейно аурулары, Вольфра – Паркинсон – Уайт синдромы, бас сақинасы, стенокардия, жүрек аритмиясы, жүрек тосқауылдары, т.б. жатады. Бұлардан басқа да Жүрек Аурулары бар. Мысалы, Жүрек демікпесі; қ. Демікпе.[1] Жүрек пен қантамырлар жүйесінің аурулары әр түрлі жағдайларға байланысты.
Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді. Жүрек және қан тамыр

Слайд 9Инфарктпен ауырған адам жүрегі

Инфарктпен ауырған адам жүрегі

Слайд 10Бұлшықеттерге ауыр күш түсіретін жұмыстар - жүрек бұлшықеттеріне зақым келтіріп,

жиырылу әрекетін төмендетеді. Жүрек бұлшықетін қанмен жабдықтайтын қантамырларды қанқатпа бітеліп,

оттегі мен қоректік заттарды тасуға кедергі жасайды.
Өте қауіпті жұқпалы ауруды қоздырушылардың бөлетін уы қанмен жүрекке жетіп, жүрек бұлшықеттерін зақымдайды.
Қалқанша без гормонының не аз, не көп бөлінуі ырғақты жиырылуды бұзады.
Жүрек қақпақшалары бактериялармен зақымданғанда жабылмай, жүрек жиырылғанда қанның кері ағуына әсер етеді. Жүрек - қантамырлары аурулары жүйке жүйесіне де байланысты.

Бұлшықеттерге ауыр күш түсіретін жұмыстар - жүрек бұлшықеттеріне зақым келтіріп, жиырылу әрекетін төмендетеді. Жүрек бұлшықетін қанмен жабдықтайтын

Слайд 11Жүрек-қан тамыры аурулары әлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтаудың басты

проблемаларының біріне айналып отыр. Ол көбіне ересек адамдарды не мүгедектікке

шалдықтырады, немесе өлімге әкеліп соқтырады. Жалпы өлім-жітімнің 52 пайызын жүрек-қан тамыры аурулары құрайды. Еуропада жыл сайын осы ауру салдарынан шамамен 3 миллион адам қайтыс болса, Ресейде 1 миллион адам, ал Қазақстанда 80 мың кісі осы аурудан көз жұмады.

Бүгінгі таңда жүрек- қан тамыры ауруларының алдын- алу үшін мынадай маңызды нәрселерді есте сақтау керек: • Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет; • Тиімді тамақтану ережелерін сақтау; • Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту-  тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану; • Көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану; • Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану; • Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану; • Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру; Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе айтарым- дәрігер ауру адамды емдейді, ал, аурудың алдын алу әрбір адамның өз тірлігі.

Жүрек-қан тамыры аурулары әлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтаудың басты проблемаларының біріне айналып отыр. Ол көбіне ересек

Слайд 13) Жүрек және қан жүретін тамырлар.  Жүрек – кеуденің ішкі сол жағында

орналасқан бұлшықетті мүше. 4 камерадан тұрады: 2 жүрекше және 2

қарынша.Ересек адамның жүрегінің салмағы 250-300 гр. Минутына 70 рет соққанда тамыр арнасына 4-5 литр қан айдайды. Денеге жүктеме түскен кезде қан ағымы 4-5 есе көбейеді. Дене еңбегімен айналыспайтын адамның жүрегі тоқтамастан тәулігіне 10 тонна, жылына 3650 мың, өмір бойы 300 мың тонна қан жүгіртеді. Бұл барлық мүшелерге қорек және оттегі жеткізіп тұратын тамыр мен артерияларда қан қозғалысын қамтамасыз ететін сорғымен тең. Қан жүретін тамырлар жүректен тарайды.
Қан жүргізіп, нәр бергізіп, жүректі оттегімен байытып тұратын қан жүретін тамырларды коронарлы артерия дейді. Қалыпты нормада тамырлар созылымды болады. Тамыр қабырғаларында май шоғыры жиналып қалса, тамыр қысылады, май шоғыры бұзылған кезде тромбоциттер бүлінген жерге жабысып, тромб пайда болады. Қан ағымы жүрек немесе  миға жетпей тарылып немесе бітеліп қалады. Осылайша, жүрек-қантамыр аурулары пайда болады.
) Жүрек және қан жүретін тамырлар.  Жүрек – кеуденің ішкі сол жағында орналасқан бұлшықетті мүше. 4 камерадан тұрады:

Слайд 14Бүгінгі таңда жүрек- қан тамыры ауруларының алдын- алу үшін мынадай

маңызды нәрселерді есте сақтау керек: • Ең алдымен темекіден толықтай бас

тарту қажет; • Тиімді тамақтану ережелерін сақтау; • Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту-  тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану; • Көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану; • Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану; • Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану; • Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру; Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе айтарым- дәрігер ауру адамды емдейді, ал, аурудың алдын алу әрбір адамның өз тірлігі.
Бүгінгі таңда жүрек- қан тамыры ауруларының алдын- алу үшін мынадай маңызды нәрселерді есте сақтау керек: • Ең

Слайд 15Жүрек-қантамыр ауруларының алдын алудың көптеген мүмкіндіктері бар. Себебін, белгілерін және

ауру даму қаупі факторларын білгеніңіз жөн.  Тамырлардың бітелуі белгілері  Ентігу немесе ауа

жетпейтіндей сезіну, шаршау, жүрек қағу, бас ауыру,аяқ ісу, ұйқы бұзылу. Тамырда тромб болып, жүрек бұлшықеттеріне қан жетпегенде жүрек ұстамасы болады. Қан жетпегендіктен жүрек бұлшықеттері жансыздана бастайды. Көбірек қан жүрмей қалса, жүрек те соғұрлым зақымданады. 
Жүрек-қантамыр ауруларының алдын алудың көптеген мүмкіндіктері бар. Себебін, белгілерін және ауру даму қаупі факторларын білгеніңіз жөн.  Тамырлардың

Слайд 17Жүректің құрылысы

Жүректің құрылысы

Слайд 18Леонардо да Винчидің жүректі сипаттауы

Леонардо да Винчидің жүректі сипаттауы

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика