Слайд 1Қария науқастардың күтімінің ерекшеліктері
Орындаған:Шоман Л.С
Қабылдаған:Семейғажина А.Ж
Курс:1
Группа:024-1ЖМ
ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі
С.Д.Асфендияров атындағы
Қазақ
Ұлттық Медицина Университеті
The Kazakh National
Medical University
named after
S.D.Asfendiyarov
Жоспар:
Кіріспе;
Негізгі бөлім:
1. Күтімнің басты принциптері
2.Қарт науқастардың тамақтануы
3. Сырқаттың жеке басының гигиенасы
Қорытынды;
Пайдаланылған әдебиеттер;
Слайд 3 Кіріспе:
«Геронтология және гериатрия» жас ерекшелігі физиологиясын,
қартаю заңдылықтарын, егде және қарттык кезеңдегі ауруларды зерттейтін ғылым.
Оның қалыптасуы,
дамуы, диагиостикасы, емі, қартгарға әлеуметтік-медициналық көмекті ескерту мен ұйымдастыру. Геронтологияның негізгі міндеттерінің бірі - егде және қарт адамдардың өмірінің сапасын жақсарту және ұзартуды кадагалау, ерте қартаюдың алдын алу.
Слайд 4Күтімнің басты принциптері:
сырқаттың жеке басын сыйлау,оның дене және психикалық кемшіліктеріне
шыдамдылық білдіру.
Слайд 5Қарттардың күтімі:
Кексе қарт науқастардың өзіндік күтім ерекшеліктері бар.Олардың ұйқысы жиі
бөлінеді,сондықтан мейіркештер уйықтай алмау себебін анықтап,мүмкіндігінше оны болдырмауы тиіс.Ұйықтатын дәрі
тек дәрігердің нұсқауымен беріледі.
Кексе сырқаттың терісі тез жара болатынын,сезімталдығы жойылғандығын,оған түскен жарылу,қабыну,процестері,терінің ойылулары тез өршитінің,тез жазылмайтынын есте сақтау керек.Және терісін мұқият тазалап,сүртіп отыруы қажет.
Кексе және қарттық шақта ішек жолының жұмысы жиі бұзылады,перистальтиканың нашарлауынан үнемі іші қатады .Мұндай жағдайда күнделікті тазалау клизмасын қоюға болмайды,өйткені ішектің шырышты қабатын тітіркендіреді әрі оған үйретіп қояды.Ішқатумен күресу үшін рационға клечаткасы мол тағамдарды беру керек.
Қартаю процесінде адамның нерв жүйесінде ми тамырларының атеросклероздық өзгерумен тығыз байланысты бірқатар өзгерістер болады.Мұндай жағдайда мейіркештің рөлі маңызды.
Слайд 6Мейіркештер әрдайым кексе науқастарға ілтипатпен және мейірімділікпен қарауы тиіс.
Слайд 7Қарт науқастардың тамақтануы:
Тамақтық заттар құнарлы әрі біркелкі болуы тиіс.Тамақтың калориясы
негізінен оттегі (нан,қант,кондитерлік,заттар,картоп) және жануарлар майлары (шошқаның майлы еті мен
майы,қойдың майлы еті) есебінен азайтылуы тиіс.Кексе науқастарға витаминдер қажет.Әсіресе рационда С витаминін көбейту қажет. С витамині қарақатта,итмұрында,көк пиязда,өте көп мөлшерде болады,сондықтан мұндай сырқаттарға итмұрын тұнбасын қанттқа шыланған жас қара қарақат беру қажет.Қария адамдардың көбіне тістері болмайды,бұл адамның тағамды нашар шайнап, оның асқазан мен ішекте қортылуын төмендетеді,соның нәтижесінде қарын ішек қызметі бұзылады.Сондықтан қоймалжың,жақсылап шыланған тамақты күніне төрт рет шағын үлеспен беру қажет.
Слайд 9Сырқаттың жеке басының гигиенасы:
Науқастарды жиі жуындырып немесе денесін
дымқыл дәкемен сүртіп отыруы қажет;
Егер науқасқа гигиеналық ванна рұқсат
етілсе, мейіркеш алдын ала ванна бөлмесін дайындап, сол процедураға қатысуы тиіс.Ауаның температурасы 25*C-дан төмен болмауы керек.Желорай жасауға мүлдем жарамайды.Сырқат сырғып құлап,аяқ қолын сындырып алмауы үшін ваннаның жанында еденде төсеніш ағаш немесе резеңке болуы қажет .Мейіркеш алдын ала қажетті температурадағы су құйылған ваннаға кіруге көмектеседі.Әдетте кексе және қарттық жастағы сырқатқа душ белгілейді,оны олар тұрып ,отырып немесе арнайы кушеткаға жатып қабылдайды.Өйткені сабынды қолдан отырып гигиеналық ваннаны жиі алуы сырқаттың терісін құрғатып,қышытады.
Слайд 11Қорытынды:
Біздің елімізде егде адам қоғамның масылы емес,сол қоғамның ілтипаты мен
құрметіне бөленетін мүшесі.Елімізде халықтың әл ауқатын, жалпы және санитарлық мәдениетін
көтеру,мемлекетіміз бен қоғамымыздың қамқорлығы халқымыздың денсаулығын сақтап, оның ұзақ белсенді өмір сүруіне мүмкіндіктер беріп отырғанын білеміз.
Слайд 12Қолданылатын әдебиеттер:
1. С.А.Филатова. «Геронтология».-Ростов-на-Дону, Феникс, 2005.
2. Ж.Е.Турчина. «Сестринское дело в
гериатрии».
3. А.Б.Погодина, А.Х.Газимов. «Основная геронтологии и гериатрии».-Ростов-на-Дону, Феникс, 2007.
4.Актуальные вопросы
геронтологии и гериатрии/ Под редакцией Л.И.Кательницкой.-Ростов-на-Дону, 2000.
5.Р.С.Яцемирской. «Социальная геронтология».-М.,Владос, 1999.
6.Е.Н.Хрисофанова. «Основы геронтологии».-М.,Владос, 1999.