Разделы презентаций


Домашний скот и животные

Содержание

Жоспар:Малдардың шығу тегіне жалпы сипатҚой шаруашылығыІрі қара өсіруҚұс шаруашылығыЖылқы шаруашылығыҚазақстандағы мал шаруашылығы

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Тақырыбы: Малдың шығу тегі
Орындаған: Маратов Е.Ж.
Тобы: 201
Тексерген: Долдашева Г.К
Астана 2016
Презентация

Тақырыбы: Малдың шығу тегіОрындаған: Маратов Е.Ж.Тобы: 201Тексерген: Долдашева Г.КАстана 2016Презентация

Слайд 2Жоспар:
Малдардың шығу тегіне жалпы сипат
Қой шаруашылығы
Ірі қара өсіру
Құс шаруашылығы
Жылқы шаруашылығы
Қазақстандағы

мал шаруашылығы

Жоспар:Малдардың шығу тегіне жалпы сипатҚой шаруашылығыІрі қара өсіруҚұс шаруашылығыЖылқы шаруашылығыҚазақстандағы мал шаруашылығы

Слайд 3Малдардың шығу тегіне жалпы сипат
 
Малдың шығу тегі - малдың пайда

болуы жөніңдегі зоотехнияның бір саласы. Малдың шығу тегі жөніңдегі ғылым қолда өсірілетін малдың зоологиялық жіктеуде алатын

орны, қолға үйрету кезінде пайда болған өзгерістері және олардың дамып жетілуі, қолға үйретілген алғашқы мекені мен уақыты, оның таралуы, белгілі бір мал түлігінің нақтылы жабайы тегін анықтау мәселелерін шешеді. Қазіргі уақыта қолда өсіретін малдың барлық түрлерінің арғы тегі жабайы хайуанаттар болғаны белгілі болды. Оларды қолға үйрету — күрделі де ұзақ үрдіс. Жабайы және үй малдарының дене құрылысын салыстыру, будандастыру, палентологиялық және археологиялықзерттеу деректері негізінде үй малының барлық түрлерінің арғы тегі толық анықталған. Мысалы, мүйізді ірі қара малдың арғы тегі - жабайы тур, қойдың арғы тегі – арқармен муфлон, жылқының арғы тегі - тарпан мен құлан, тауықтың арғы тегі - банкив тауығы, үйрек тұқымдарынікі - барқырауық жабайы үйрек, үй қазыныкі - жабайы сұр қазекені көрсетілген. Малдың шығу тегін және пайда болу жолын зерттеу арқылы, олардың үйретілген жүздеген ғасырлар бойында пайда болған пайдалы өзгерістердің сырын ашып, қазіргі кездегі малдың өнімдік және тұқымдық қасиеттерін жетілдірудің нақтылы тәсілдерін білуге мүмкіншілік туғызады.

Малдардың шығу тегіне жалпы сипат  Малдың шығу тегі - малдың пайда болуы жөніңдегі зоотехнияның бір саласы. Малдың шығу тегі

Слайд 4Қой шаруашылығы
Қойлар сүтқоректілер класына, қос тұяқтылар және күйіс қайыратындар тобына

жатады. Олардың арғы тектері жабайы муфлоннан, арқардан, аргалиден және жалды қошқардан

шыққан. Қойдың жабайы түрлері қазір де бар. Оларды үй қойларымен будандастыруға пайдаланады. Қойлар бұдан 9-10 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Муфлондар Кавказдың, Иранның, Түркияның таулы аудандарында, Жерорта теңізінің аралдарында мекендейді. Олардың дене бітімі шағын ширақ келеді, ал түсі қоңыр-жирен. Жүні біркелкі емес, ірі қылшықты және қысқа түбіттен тұрады. Үй қойларымен шағылыстырғанда муфлондар өсімтал ұрпақ береді. Тау мериносы — асканияновада академик М.Ф. Ивановтың басшылығымен биязы жүнді асканиялық қойларды муфлондармен шағылыстыру арқылы аралас тұқым. Қойлар сыртқы бітімі бойынша муфлондарға ұқсас болғанымен, жүні біркелкі биязы, жақсы технологиялың қасиетке ие.
Қой шаруашылығы Қойлар сүтқоректілер класына, қос тұяқтылар және күйіс қайыратындар тобына жатады. Олардың арғы тектері жабайы муфлоннан,

Слайд 5Қой шаруашылығының дүниежүзіндегі аса ірі аймағы — Аустралияның шөлейтті аудандары.

Қойдың басым көпшілігі жеке иелерге немесе компанияларға қарайтын ірі қой

шаруашылығында өсіріледі. Ондай шаруашылықтар "шипстейшнз" деп аталады. "Шипстейшнз" ондаған, кейде тіпті жүздеген мың гектарды алып жатады. Оның ең үлкенінің ауданы 2 мың км²-ден асады. Мұнда бір мезгілдегі қой басы 10—20, тіпті 50—100 мыңға дейін жетеді. Қой бүкіл жыл бойы табиғи жайылымдарда жайылып бағылады. Көбінесе жоғары сапалы жүн беретін биязы жүнді қой тұқымы — Аустралия мериносы өсіріледі. Гоулберне қаласында осы қойға "Үлкен Меринос" деп аталатын ескерткіш орнатылған.[1]

Қой шаруашылығының дүниежүзіндегі аса ірі аймағы — Аустралияның шөлейтті аудандары. Қойдың басым көпшілігі жеке иелерге немесе компанияларға

Слайд 6
Муфлондардан солтүстік қысқа құйрықты қойлар шыққан деген жорамал бар. Арқарлар

Арал мен Каспий теңіздерінің арасындағы далалы аудандарды мекендейді. Экстерьері жағынан

муфлондарға ұқсайды, бірақ ірі, аяқтары ұзын келеді. Жүні жирен-қоңыр, біркелкі емес. Арқарлардан май құйрықты және ұзынқұйрықты қойлар, соның ішінде мериностар тараған. Аргали — ең ірі жабайы қой, тірілей салмағы 240 кг тартады. Қошқарларының мүйізі ірі, иір-иір келеді, салмағы 16-18 кг. Жүні біркелкі емес, ңара-ңоңыр түсті. Аргалилар Тянь-Шаньның таулы аудандарында, Станов жотасында, Камчаткада, Канада мен АҚШ-тың жартас-ты тауларында мекендейді. Аргалидің түрлеріне Қазақстандағы арқарлар, Сібірдегі чубукилер (немесе қар қой-лары), Канададағы жуан мүйізділер жатады. Арңарлар үй қойларымен өнгіш түңым береді. Олар Қазақстанда биязы жүнді қойлардың жаңа түңымы — қазақтың арқар-мериносын шығаруға пайдаланылды. Бүл малдар Қазаңстан мен Қырғызстанның биік тауларындағы жа-йылымдарға бейімделген. Қүйрыңты ңойларды аргали-ден шыққан деп есептейді.
Муфлондардан солтүстік қысқа құйрықты қойлар шыққан деген жорамал бар. Арқарлар Арал мен Каспий теңіздерінің арасындағы далалы

Слайд 7Жалды қойлар Солтүстік Африканың таулы ауданда-рын мекендейді. Алдыңғы жағы ешкіге

үңсас: мүйіздері эллипс тәрізді, саңалы бар, көз ойығы мен түяңтарының

арасындағы кішкентай безі жоқ. Артңы бөксе жағы, керісінше, қойдікіне үңсас. Құйрығы едәуір үзын, тұяқтарының арасында кішкентай бездері бар. Жалды қойлар еуропалық және азиялық үй ңойларымен шағы-лыспайды, жабайы ңойдың бүл түрі — африкалың түқым-ның арғы тегі. Жабайы қойларды қолға үйретудің және олардың ежелгі түңымдарын шығарудың бірнеше ошаңтары: Оңтүстік-Батыс және Орта Азия, Оңтүстік Еуропа мен Солтүстік Африка болғаны белгілі. Алгашында қойлар ңылшық жүнді келген. Бүдан екі мың жыл бүрын ңүл иеленуші мемлекеттерде Кіші Азияда (Ассирия, Вави-лония) және Закавказьяда (Колхида) алғашқы биязы жүнді, жүні біркелкі түбіттен түратын ңойлар шығарыл-ды. Қойдың мүндай түрін шығару үлкен жетістік бол-ды. Еуропаға биязы жүнді қойлар Кіші Азия елдерінен әкелінген. Ірі қылшыңты ңойларды биязы жүнділермен шағылыстыру нәтижесіндө биязы және биязылау жүнді түңымдар алынды.
Жалды қойлар Солтүстік Африканың таулы ауданда-рын мекендейді. Алдыңғы жағы ешкіге үңсас: мүйіздері эллипс тәрізді, саңалы бар, көз

Слайд 8Ірі қара өсіру
– Дүние жүзінде кездесетін ірі қаралар және олардың

шығу тегі.  Ірі қараның әр түрлі аймақтың топырақ, ауа райы жағдайына

бейімделген көптеген түрлері бар. Мысалы, зебу өркешті сиыры шығу тегі жағынан сиырға жақын сүтқоректі жануар. Ғалымдар б.з.б. 3-2 мыңыншы жылдары Египетте және Кіші Азияда қолға үйретілген деп жорамалдайды. Африка, Американың тропик және субтропик аймақтарына, Таяу Шығыста, Балқанда тараған, СССР-де Азербайжан, Орта Азия республикаларында өсіріледі. Ыстық ауа райына бейім, азық таңдамайды. Зебу өркешті сиырының ерекшелігі шоқтығының үстінде салмағы 5-8 кг-ға жететін өркеші болады. Басы жеңіл, мойны қысқа, бөксесі, көкірегі құшық. 
Ірі қара өсіру – Дүние жүзінде кездесетін ірі қаралар және олардың шығу тегі.  Ірі қараның әр түрлі

Слайд 9Ал, Санта-Гертруда сиыры осы Зебу бұқасымен АҚШ-тың Техас штатында тіршілік

ететін шортгорн сиырымен будандастыру арқылы шығарылған етті тұқым. Ол жеке

тұқым ретінде 1940 ж. қабылданған. Көптеген елдерде өсірілетін сүтті, етті тұқымның бірі бұл Симменталь сиыры. Бұл тұқым Швейцарияда шығарылған, бірақ сүті мен етінің сапасы жоғары және жақсы жерсінетін болғандықтан көп елдерге тараған. Европа, Африка, Азия, Америкада өсіріледі. Бұл сиырлардан басқа дүние жүзінде украинның ақбас сиыры, латыштың қоңыр сиыры, бушуев сиыры, қырдың қызыл сиыры, холмогор сиыры, қара ала сиыр, ярославль сиыры және т.б; ал сүтті, етті тұқымдардан: алатау сиыры, бестужев, кострома, қорған, лебедин, швиц, шортгорн сиырлары; етті тұқымдардан: абердин-акгус, герефорд, қазақтың ақбас сиыры, қалмақ сиырлары өсіріледі. 

Ал, Санта-Гертруда сиыры осы Зебу бұқасымен АҚШ-тың Техас штатында тіршілік ететін шортгорн сиырымен будандастыру арқылы шығарылған етті

Слайд 10Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы

қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған.

Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.[1]

Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында

Слайд 11Сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен

халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Американың

орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия және Батыс Еуропа елдері ерекше көзге түседі. Жайылымдық жерлер мен шөптесін өсімдіктердің жеткілікті болғанына қарамастан, Африкада, әсіресе оның тропиктік аймақтарында ірі қара саны өте аз. Оның басты себебі — ұйқы ауруының қоздырғышын тарататын цеце шыбыны. Сондықтан мұнда бұл ауруға шалдықпайтын ірі қарадан зебу өсіріледі.[1]

Сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа

Слайд 12Құс шаруашылығы
Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең

қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық

сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі. Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші жеткілікті климаты қолайлы аудандарға ауысуда.[1]

Құс шаруашылығы Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің

Слайд 13Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары

жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші жеткілікті климаты қолайлы

аудандарға ауысуда.[1]
Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылық деп атайды. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының тиімді саласының бірі. Адамзатты нәруызды тағаммен қамтамасыз етуде құстай алынатын жұмыртқа мен еттің маңызы ерекше. Құс қауырсыны (мамығы) күнделікті тұрмыс қажетіне де пайдаланылады. Ал құс саңғырығы - сапалы тыңайтқыш. Созылған құстың ішкі мүшелерінің қалдықтары үй хайуанаттарына қорек ретінде пайдаға асады. Қолға үйретілген асыранды құстардың да арғы тегі өздеріне туыстас жабайы құстар. Қазіргі кезде қолға үйретілген құстардың 10-нан астам түрі белгілі. Тауықтәріздестерден -тауық, күркетауық, тысыр тауығы (цесарка), тауыс және жапон бөденесі. Үйрек пен қаз да ақолға үйретілген құстарға жатады. Кептер тәріздес құстар отрядынан қолға үйретілгені – көгершін

Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші

Слайд 14Бұдан 7 мың жылдай бұрын Еуропа мен Батыс Сібірде - жабайы сұр қаз, Қытай мен Ресейдің қиыр

шығысында жабайы қу тұмсық қаз бір мезгілде қолға үйретілген. Асыранды

қаздың жабайы арғы тегі сұр қаз бен қу тұмсық қаздар. Олар бірінен-бірі дене тұлғасы, қауырсындарының түсі арқылы ажыратылады. Сондай-ақ олар өзара жүптасып, ұрпақ бере алады.
Асыранды қазды негізінен еті үшін арнайы құс фабрикаларында қолдан өсіреді. Асыранды қаз жылына орта есеппен 30-50 жұмыртқа береді. Арнайы шаруашылықтарда жылына 50-80 жұмыртқа алуға болады. Қолда өсірілетін атақаздардың орташа салмағы 5 - 8 килограмм. Аналық қаздар 4 - 7 килограмм салмақ тартады. Қаз өсіретін фабрикаларда 2,5-3 айлық қаздарды союға жібереді, оның әрқайсысы 3,5-4,5 килограмм ет береді. Қаздардың кубань, қытай, холмогор, италиялық, рейн, үлкен сұр қаздеп аталатын қолтұқымдары көп өсіріледі. Еуропа елдерінде (Франция, Венгрия, Польша, т.б.) қаздың бауырын пайдалану мақсатында да арнайы өсіреді. Ондай қаз қолтұқымдарына тулуз, ланд, италиялық, рейн қаздары жатады.

Бұдан 7 мың жылдай бұрын Еуропа мен Батыс Сібірде - жабайы сұр қаз, Қытай мен Ресейдің қиыр шығысында жабайы қу тұмсық қаз бір мезгілде

Слайд 15Жылқы шаруашылығы
Жылқы тарихы осыдан 65 млн. жыл бұрын өмір сүрген арқасы

бүкіш, құйрығы ұзын, көлемі қанден ит сияқты (эохипус немесе хирокетрия)

хайуаннан бастау алады. Бұл хайуанның алдыңғы қолында төрт саусағы, артқы тұяқтарында үш саусағы болған. табанын тіреп жүріп бұталар мен жас ағаштардың жапырақтарымен қоректенген.Миоцен кезеңінде 25 млн. жыл бұрын. ауа райының өзгеріп, ағашты ормандар, бұталы балаусалы ұзын шөпті алқаптар құрғақшылыққа ұшырап, жер беті кеуіп. тау- тасты далалардың пайда болуына байланысты жылқының арғы тегін де өзгертті. Тұрпаты қазіргі пониге, бас сүйегі мен тісі қазіргі жылқыға ұқсас , жұмсақ айыр тұяқтары қатты тұяққа айналып, секіріп, жылдам жүретін болды.Шамамен 12 млн. жыл бұрын жылқы тегінің келесі тізбегі- гиппарион пайда болды. Гиппарин үш айыр тұяқты, дене тұрқы киіктей, жылдам шауып жүретіні соншалық, өздерінің отаны Аляскадан бастап Беринг"көпірі" арқылы Азияға, Еуропаға ең аяғы Африкаға таралып кеткен. Бірақ әлі күнге дейін гиппарион қазіргі жылқының арғы тұқымы ма, әлде жанама бұтағы ма деген сауалдар төңірегінде таластар көп.
Жылқы шаруашылығы Жылқы тарихы осыдан 65 млн. жыл бұрын өмір сүрген арқасы бүкіш, құйрығы ұзын, көлемі қанден ит

Слайд 16Қолға үйрету тарихы
Қазба қалдықтары жылқының б.з.б. 7000 ж. бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін

дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй

жылқысы жабайы жылқыға жатады, одан басқа оған керқұлан (немесе Пржевальский жылқысы) және қазір жойылып кеткен Тарпаң жатады. Соңғысы19 ғ. дейін Батыс Қазақстан, Батыс Сібір, Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен. Керқұлан үйірлері қазір Моңғолияда ғана кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша үй жылқысының ең жақын тегі осы керқұлан. Жабайы жылқының сүйегіФранцияның солтүстігінен көп табылған. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жықылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен.

Қолға үйрету тарихыҚазба қалдықтары жылқының б.з.б. 7000 ж. бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, жабайы жылқы болып 4

Слайд 17Қазақстандағы тарихы
Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені

болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б.з.б. 4-3-мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола

дәуірінде (б.з.б. 2-мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетінарий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б. 1-мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.

Қазақстандағы тарихыЕжелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде

Слайд 18Қазақстандағы мал шаруашылығы
Қазақстанда 19 ғасырдың соңына дейін негізінен қой, ешкі,

түйе және жылқы түліктері өсірілуінің бірнеше басты себептері бар: Жер

аумағының 70%-ға жуығын (182 млн. га) осы малдарды өсіру арқылы тиімді пайдалануға болатын жайылым алқаптары алып жатты; айтылған малдар жергілікті табиғат жағдайларына барынша бейімделді, жыл бойына дерлік жайылым азығын пайдаланып өсіп-өнді, сонымен бірге, жергілікті халық олардың өзіндік құны төмен және зор сұранысқа ие өнім түрлерін өндіру мен оларды өңдеудің тиімді технологияларын (ет, май, сүттен, тағам, жүн, теріден киім-кешек, көшпелі баспана —киіз үй жасау) жақсы меңгерді. Әр түрлі аймақтардағы мал шаруашылығының дамуы мен түлік түрлерінің үлес салмағына нақты аудандардың жер, су,ауа райы ерекшеліктері үлкен әсерін тигізеді. Сиыр өсіру әуелден-ақ топырағы құнарлы, шалғынды аймақтарда нәтижелі жүргізілсе, шөл және шөлейт жерлерде малдың негізгі бөлігін (80%-дан аса) уақ малдар (қой, ешкі) құрады.

Қазақстандағы мал шаруашылығы Қазақстанда 19 ғасырдың соңына дейін негізінен қой, ешкі, түйе және жылқы түліктері өсірілуінің бірнеше

Слайд 19Қазақстанда 1916 жылы 18,4 млн. бас қой мен ешкі, 4,3

млн. жылқы, 733 мың түйе, 5,0 млн. бас сиыр өсірілді.

1918 — 21 жылыАзамат соғысы мен бірнеше рет қайталанған жұт нәтижесінде мал саны 1916 жылмен салыстырғанда 3 еседен аса төмендеді. 1923 — 29 жыды аралығында ауыл шаруашылығын игеруге бағытталған жан-жақты шаралар барысында мал саны қайтадан 1916 жылғы деңгейге жеткізілді. Алайда, 1930 — 33 жылы ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру науқанында жіберілген өрескел қателіктер салдарынан мал басы 10 еседен аса қысқарды. Республика мал шаруашылығын қалпына келтіруде 1932 жылы Орталық комитет қабылдаған “Қазақстан мал шаруашылығы туралы”
Қазақстанда 1916 жылы 18,4 млн. бас қой мен ешкі, 4,3 млн. жылқы, 733 мың түйе, 5,0 млн.

Слайд 20Қорытынды
Бүгінгі таңда әр елдің ұлттық өндірістері негізінде дүниежүзілік біртұтас тауарлы

ауыл шаруашылығы қалыптасып келеді. Өндірілген жалпы өнім мөлшері жөнінен Қытай,

АҚШ, Жапония, Аустралия сияқты елдер жетекші орын алады. Жан басына шаққанда ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етілу дәрежесі жөнінен Батыс Еуропаның дамыған елдері мен Канада, АҚШ, Жапония және Аустралия ерекше көзге түседі. Дамушы елдерде бұл керсеткіш өте төмен, тіпті жалпы өнімді аса көп өндіретін Қытай мен Үндістанда ол Канада және АҚШ-пен салыстырғанда 5—6 есе төмен.[1]
Сол себепті ауыл шаруашылығының алдында әлі де оңтайлы шешімін таппаған мәселелер баршылық. Ең бастысы — халықты сапалы, құнарлы әрі арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету; айналадағы ортаны ластанудан қорғау және табиғат байлықтарын пайдалануды, жетілдіру.
 

ҚорытындыБүгінгі таңда әр елдің ұлттық өндірістері негізінде дүниежүзілік біртұтас тауарлы ауыл шаруашылығы қалыптасып келеді. Өндірілген жалпы өнім

Слайд 21Пайдаланылған әдебиеттер
1 Назарбаев Н.Ә. Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі //Егемен

Қазақстан, 2005, 1 ақпан. 2 Козыбаев М.К. История и современность. —

Алматы: Ғылым, 1991. –С.254; Тулепбаев Б.А. Социалистические аграрные преобразования в Средней Азии и Казахстане. -М: Наука: 1984. -269 с.; Дахшлейгер Г.Ф., Нурпеисов К. История крестьянства советского Казахстана. -Алма-Ата, 1985. -247 с.; 3 Омарбеков Т. Зобалаң. -Алматы: Санат, 1994. — 272 бет. 4 Берденова К.А., Иманбердиева С.И. Аграрная политика тоталитарного государства как фактор кризисного состояния сельского хозяйства Казахстана. -Алматы: Ғылым, 1994. -142 с. 5 Байтілен С.А. Кеңес мемлекетінің Қазақстандағы аграрлық саясаты: ауыл шаруашылығындағы экстенсивті бағдар және дағдарыс (1965-1990): т.ғ.д… авторефераты. –Алматы, 2000. -36 б. 6 Байсарина Қ.Қ. Қазақстанда ауыл шаруашылығының дамуы: тарихы және сабақтары: т.ғ.д. … автореф. – Алматы, 2006. -37 б. 7 Медеуов Т.Ж. Қазақстандағы колхоз құрылысының соңғы кезеңі: дағдарыстан шығу жолдарын іздестіру тәжірбиесі (1981-1991): т.ғ.к. … авторефераты. –Алматы, 1999. — 27 бет. 8 Мұқатова Д. Тоқырау жылдарындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайы. (1971-1991): т.ғ.к. … авторефераты. — Алматы, 2007. — 27 б.
Пайдаланылған әдебиеттер1 Назарбаев Н.Ә. Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі //Егемен Қазақстан, 2005, 1 ақпан. 2 Козыбаев М.К.

Слайд 22Назарларыңызға рахмет

Назарларыңызға рахмет

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика