Разделы презентаций


?лулар типі

                                    Бауыраяқты ұлулар класы

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Ұлудар типіне жататын жәндіктердің

негізгі ерекшеліктері
Ұлулардың буылтық құрттардан

негізгі айырмашылығы - денесі бунақтарға бөлінбейді. Сондықтан ішкі мүшелердің денеде орналасуы қайталанбай, атқаратын қызметі бірдей, біртұтас күйде болады. Айқын жіктелмесе де, олардың бас бөлігін тұлғалан ажыратуға мүмкіндік бар. Ұлулардың ішкі мүшелері бастан кейінгі тұлға қапшығында орналасады. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат - шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.
Ұлудар типіне жататын жәндіктердің             негізгі

Слайд 4                                  
  
Бауыраяқты ұлулар класы

                                     Бауыраяқты ұлулар класы

Слайд 5Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен

құралады. Қан құрамындағы улы заттар бүйректен өтіп, сүзінді сыртқа бөлініп

шығады. Табиғатта қосжынысты да, дара жынысты да ұлулар тіршілік етеді. Қосжынысты ұлулар өзін-өзі ұрықтандыра алмайды. Сондықтан ұрықтандыруға өзге дарағы қатысады. Мұны айқаспалы жолмен ұрықтану деп атайды. Жұмыртқадан тікелей жәндіктер дамиды. Қосжақтаулы ұлулар және басаяқтылар - дара жынысты жәндіктер. Бұлардың даму жолдары түрліше өтеді. Мысалы, қосжақтаулы ұлулардың ұрықтануы іште өтеді. Жұмыртқадай дернәсіл дамиды, ал дернәсілден ересек жәндік өседі. Дамудың бұл жолы - түрленіп даму деп аталады. Паразит қосжақтаулылардың (айқұлақтың) дернәсілдері балықтың терісінде паразиттік жолмен тіршілік етеді. Басаяқты ұлулар (ірі басаяқтылар) су астындағы әр түрлі заттарға топтастырып жұмыртқа салады. Жұмыртқадан тікелей, пішіні ересектеріне ұқсас жас ұлулар өрбиді. Басаяқтылардың көз құрылысы да күрделі.
Кальмарлар,каракатицалар, сегізаяқтар өте жылдам реактивті қозғалыс жасайды.
Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады. Қан құрамындағы улы заттар бүйректен өтіп,

Слайд 6Бауыр аяқты ұлулар класы
Бұлар - теңізде және құрлықта тіршілік ететін

жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Туйіртек, жұмырлақ

көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошқармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі.
Жузім ұлуын - жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау-бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз. Бұлардың көпшілігінің денесін бақалшақ қаптайды. Бақалшақтарының пішіні әр түрлі болады. Кейбіреулерінде, мысалы, жалаңаш шырыш денесінде бақалшақ қалдығы ғана сақталған. Денесі жұмсақ. Бақалшақты ұлулардың денесін жобалан бас, тұлға және аяққа жіктеуге болады. Аяғы дененің астыңғы бөлігі - бауырын толық қамтитындықтан, бұлар бауыраяқты ұлулар класына жатқызылады. Бауыраяқтылардың 80 мыңға жуық түрлері белгілі. Бау-бақшаға, жүзімдіктерге, баққа жалаңаш шырыш, жүзім ұлуы айтарлықтай зиян келтіреді.
Бауыр аяқты ұлулар класыБұлар - теңізде және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге

Слайд 7Бауыр аяқты ұлулар класы

Бауыр аяқты ұлулар класы

Слайд 8Қосжақтаулы ұлулар класы
Бұлар - Жер шарына кең таралған көпжасушалы жәндіктер.

Олар мұхитта, теңізде, тұщы суқоймаларында, өзендерде тіршілік етеді. Құрлықта кездеспейді.

Жануартекті жеммен қоректенеді, паразиттік жолмен өмір сүретіндері де бар. Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі айқұлақ. Олардың бақалшағы ашып-жабылатын екі жақтаудан тұрады. Сондықтан бұл жәндіктер қосжақтаулы ұлулар деп аталған. Бұлардың бас бөлігі жойылып кеткен. Денесі тек тұлға және аяқтан ғана құралады. Мысалы, айқұлақтың аузы аяғының қасында орналасқан. Айқұлақта бас болмағандықтан, оның тілі де, жұтқыншағы да жоқ. Сондықтан қорек тікелей өңешке түседі. Одан қарынға өтіп, ішекке барады. Қосжақтаулы ұлулар - дара жынысты жәндіктер. Олардың ғаламшарымызда 20 мыңға жуық түрлері мекендейді. Бұлар суды денесі арқылы өткізіп, оны бактериялардан, планктон және қалқып жүрген өлі қосындылардан сүзіп тазартады.
«Планктон» - грек сөзі, «кезбе» деген мағына береді. Ол - теңіздің қалың қабатында кезіп жүріп тіршілік ететін ұсақ тірі ағзалар жиынтығы. Теңізде тіршілік ететін кейбір қосжақтаулы ұлулар (мидия, устрица, гребешок) тағам ретінде пайдаланылады. Теңіз қосжақтаулыларының бақалшағынан түйме жасалады. Көптеген ұлулардың бақалшағынан ұн тартылып, ірі қараға жем ретінде беріледі. Қосжақтаулы ұлулардың ағаштан жасалған құрылыстар мен кеме түбін тесетін түрлері бар..
Қосжақтаулы ұлулар класыБұлар - Жер шарына кең таралған көпжасушалы жәндіктер. Олар мұхитта, теңізде, тұщы суқоймаларында, өзендерде тіршілік

Слайд 9Басаяқты ұлулар класы
Басаяқты ұлулардың бір өкілі - кальмар. Шеміршекті бассүйегінде

ми орналасады. Бұл - оның басы. Бастың екі жағында үлкен

көздері бар. Оның құрылымы адам көзінің құрылысына ұқсас. Бір қызығы: көздің біреуі бір затты, екіншісі екінші затты жеке-жеке көре алады. Кальмарлар су тереңінде сағатына 50 шақырымдық жылдамдықпен жүзіп, қорегін аулайды.

Каракатица да - басаяқты ұлу. Ол су түбін ала тіршілік етеді. Құмда жасырынып жатқан асшаянды аулайды. Жемін аулау үшін құмға бас бөлігіндегі ойыстан су атқылатады. Құм жан-жаққа ұшып, асшаян көрініп қалады. Енді оны ұстап жеу каракатинаға қиындық келтірмейді. Сегізаяқ су түбінде баяу қозғалады. Өзге басаяқтылар тәрізді сегізаяқ жауынан сиялы сұйықтығын шашып, құтылып кетеді. Бір қызығы сегізаяқты «сиқырлан» ұйықтатуға болады. Ол үшін сегізаяқтың аузын жоғары қаратыл, қармалауыштарын төмен салбыратса болды. Ол дереу ұйқыға баталы. Енді оған не жасаса да сезбей, ұйықтай береді. Бұлар жыртқыш болғандықтан, теңіздегі балықтарды, шаянтәріздестерді, өзге ұлуларды, т. б. қорек етеді. Кәсіптік балық үйірінің шырқын бұзып, оларды құртады (мысалы, қиыршығыстық кальмар). Сондай-ақ басаяқты ұлуларды тісті киттер, акулалар, ескекаяқтылар (теңізмысық), т. б. қорегіне жаратады. Кейбір елдердегі тұрғындар каракатицаны және сегізаяқты тағам ретінде пайдаланады.

Басаяқты ұлулар класыБасаяқты ұлулардың бір өкілі - кальмар. Шеміршекті бассүйегінде ми орналасады. Бұл - оның басы. Бастың

Слайд 10Каракатица

Каракатица

Слайд 11Каракатица да - басаяқты ұлу. Ол су түбін ала тіршілік

етеді. Құмда жасырынып жатқан асшаянды аулайды. Жемін аулау үшін құмға

бас бөлігіндегі ойыстан су атқылатады. Құм жан-жаққа ұшып, асшаян көрініп қалады. Енді оны ұстап жеу каракатинаға қиындық келтірмейді. Сегізаяқ су түбінде баяу қозғалады. Өзге басаяқтылар тәрізді сегізаяқ жауынан сиялы сұйықтығын шашып, құтылып кетеді. Бір қызығы сегізаяқты «сиқырлан» ұйықтатуға болады. Ол үшін сегізаяқтың аузын жоғары қаратыл, қармалауыштарын төмен салбыратса болды. Ол дереу ұйқыға баталы. Енді оған не жасаса да сезбей, ұйықтай береді. Бұлар жыртқыш болғандықтан, теңіздегі балықтарды, шаянтәріздестерді, өзге ұлуларды, т. б. қорек етеді. Кәсіптік балық үйірінің шырқын бұзып, оларды құртады (мысалы, қиыршығыстық кальмар). Сондай-ақ басаяқты ұлуларды тісті киттер, акулалар, ескекаяқтылар (теңізмысық), т. б. қорегіне жаратады. Кейбір елдердегі тұрғындар каракатицаны және сегізаяқты тағам ретінде пайдаланады.
Каракатица да - басаяқты ұлу. Ол су түбін ала тіршілік етеді. Құмда жасырынып жатқан асшаянды аулайды. Жемін

Слайд 12 Сегізаяқ

Сегізаяқ

Слайд 13Кальмар
Кальмар — он аяқты моллюскілер отрядының жеуге жарайтын бір тармағы.

Ұзындығы — 0,25—0,5 м, кейде 18 м жететін омыртқалы жануарлар

арасындағы ірі моллюскілер. Етінде 81,4% белок, 5-8% май, 1,4% гликон, 10,2% минералдық заттар бар; дәмді әрі сапалы тағамдар әзірленеді.[1]

Кальмар

КальмарКальмар — он аяқты моллюскілер отрядының жеуге жарайтын бір тармағы. Ұзындығы — 0,25—0,5 м, кейде 18 м

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика