өсімдіктерде өркеннің түріне қарай Бүршіктің
вегетативтік және
генеративтік түрлері бар.
Вегетативтік (өсімді) Бүршік
тек ұзарған өркенде орналасады, одан сабақ пен жапырақ өсіп шығады.Генеративтік (көбеймелік) Бүршік, (басқаша айтқанда гүл Бүршік), сәл ірілеу және тек қысқарған өркенде ғана орналасады, оны ұзынынан қақ жарып қарағанда бастама сабақтың жан-жағына бекіген гүлшанақтары (ашылмаған гүлдер) көрінеді. Олар гүлдеп, жеміс береді. Сондай-ақ бір ғана гүл өсіп шығатын гүл бүрі (бутон) болады.