Разделы презентаций


Атамекен - алтын бесік

Содержание

Мақсаты: Атамекеннің адамның өсіп-дамуындағы, өмірдегі рөлі туралы түсінік беру

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Атамекен – алтын бесік
№185 орта мектебі
Камалбекова Жансая Камалбекқызы

Атамекен – алтын  бесік№185 орта мектебіКамалбекова Жансая Камалбекқызы

Слайд 2Мақсаты: Атамекеннің адамның өсіп-дамуындағы, өмірдегі рөлі туралы түсінік беру

Мақсаты: Атамекеннің адамның  өсіп-дамуындағы, өмірдегі рөлі туралы түсінік беру

Слайд 3

Міндеттері:

Атамекенді қадірлей білу, атамекенге қызмет ету,

адам өміріндегі атамекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру.
Оқушылардың өз атамекені, туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту.
Өз атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру.
Міндеттері:Атамекенді қадірлей білу,

Слайд 4Сабақ барысы І.Ұйымдастыру кезеңі Жағымды күйге ену сәті. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып

отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге

қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
Сабақ барысы  І.Ұйымдастыру кезеңі Жағымды күйге ену сәті. «Нұрға бөлену»Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.

Слайд 5 Үй тапсырмасын тексеру 1. Дәптердегі тапсырманы тексеру 2. Мәтінмен жұмыс

Үй тапсырмасын тексеру 1. Дәптердегі тапсырманы тексеру 2. Мәтінмен жұмыс

Слайд 62. Үй тапсырмасын тексеру
Біліміңді тексер

2. Үй тапсырмасын тексеруБіліміңді тексер

Слайд 7«Азаматтық» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Адам бойында азаматтық қандай қасиеттер
болуы

шарт?
Алдыңа қойған мақсатыңа жету үшін қандай
жұмыстар жасауың керек?
Алдыңа қойған

қандай азаматтық ұстанымың бар?

Жақсы азамат болу дегенді қалай түсінесіңдер?

Мәтінмен жұмыс

«Азаматтық» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?Адам бойында азаматтық қандай қасиеттер болуы шарт?Алдыңа қойған мақсатыңа жету үшін қандай жұмыстар

Слайд 8 Дәйексөз
Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың.


Халық мақалы
Дәйексөз  Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың.

Слайд 9ІҮ. Әңгімелесу (сұхбат)
Асанқайғының Жерұйықты іздегені
Асанқайғы Желмаяға

мініп, жиһан кезіп «Жерұйық» дейтін ну орманды, көгорай шалғынды, сулы

жер, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді.
Асанқайғы Маңғыстауға үш барып, үш қайтыпты: «Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас» депті.
Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісудың ағашының әр бұтағы жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс» депті.
Осы күнгі Мерке жеріндегі Аспараны көргенде: «Ей, Аспара, көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер!» деп жүріп кетіпті.
Баянауыл тауын көргенде: «Баянға жаймай, қой семірмес» деп Асан қазіргі Баянауылды өзіне жайлау етіпті.
Әулиеатаның батысындағы Жуалы жерін көргенде: «Жерің семіз, шөбің шүйгін, қарың мол, топырағың май екен, қадіріңді егін салған ел білер» депті.
Қарсақбай аймағын көргенде (Жезқазған жері): «Айналаң жапан түз екен, тауыңның асты жез екен. Жұртың ашықпас!» деп жүріп кетіпті.
Шыңғырлау өзенін көргенде, Асан түсе қалып, Желмаясын суарады: «Жылқының өзі өскен жоқ. Шыңғырлау, сен құт болған екенсің, сен өсірген екенсің!» деп қонып кетіпті.
Асан шұрайлы қоныс, нулы өлке іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп өткен екен. Ұлытаудың бас жағына келіп дүние салыпты.
ІҮ. Әңгімелесу (сұхбат)Асанқайғының Жерұйықты іздегені    Асанқайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп «Жерұйық» дейтін ну орманды,

Слайд 10Сұхбат айдары бойынша сұрақтар:
Асанқайғының Жерұйықты іздеудегі мақсаты не?
Асанқайғы «қой үстіне

бозторғай жұмыртқалайтын қоныс» деп нені айтқысы келді?
«Атамекен» және «туған жер»

сөздерінің қандай айырмашылықтары бар?
Атамекеннің адам үшін маңызы қандай?
Асанқайғы көрген жерінің бәріне айтқан пікірімен келісесің бе?
Атамекен дегенде ойыңа бірінші не келеді?
Әркімнің туған жері – Жерұйық. Егерде сенің туған жеріңе Асан ата келген болса, қандай баға қояр еді? Өз көзқарасың?
Сенің қандай еңбегіңді елің мақтан еткенін қалайсың?
Болашақта өз туған жеріңнің көркейіп, гүлденуі үшін қандай жұмыстар жасар едіңдер?
Сенің арман-қиялыңда атамекеніңе қандай орын берілген?


Сұхбат айдары бойынша сұрақтар:Асанқайғының Жерұйықты іздеудегі мақсаты не?Асанқайғы «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс» деп нені айтқысы келді?«Атамекен»

Слайд 11Құрастырмалы карта

Құрастырмалы карта

Слайд 12Ү. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
І топ. Менің пайдам – туған

еліме сурет салу арқылы постер қорғау
ІІ топ. Мақтанышым – туған

жерім (кесте құру)
ІІІ топ. Болашақтағы менің ауылым (жоба жасау)
ІҮ топ. Туған жерім – Жерұйығым мақал-мәтел, нақыл сөздер арқылы постер қорғау
Ү. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмысІ топ. Менің пайдам – туған еліме сурет салу арқылы постер қорғауІІ топ.

Слайд 13Отан сүйер ұлан бол!
Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,
Арым бар,

намысым бар жан тербеткен.
Қазақтың қарапайым бір ұлымын
Жанымды арым үшін құрбан

еткен.

Балаларым, немере, шөберелеріме, келер ұрпаққа айтар жалғыз тілегім: Елді сүйер ұлан болыңдар! Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер!
Б. Момышұлы

Отан сүйер ұлан бол!Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,Арым бар, намысым бар жан тербеткен.Қазақтың қарапайым бір ұлымынЖанымды

Слайд 14ҮІ. Топпен ән айту

Атамекен
Сөзі: Қ.Мырза Али
Әні: Е.Хасанғалиев

Жасыл жайлау – түкті

кілем, көк кілем.
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сыйпап өткен

самалды
Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы:
Қайда жүрсең, атамекен
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен.

Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.
Асқар тауың, аспаныммен таласқан
Қазағымның мәртебесі деп білем.

Қайырмасы:
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем.
Көк кілемде көп ойнаймын, көп кілем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін,
Қазағымның махаббаты деп білем.

Қайырмасы.

ҮІ. Топпен ән айтуАтамекенСөзі: Қ.Мырза АлиӘні: Е.ХасанғалиевЖасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем.Көк кілемде көп ойнаймын, көп

Слайд 15
«Алма ағашы» әдісі

Оқушыларға сабақ басында

екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу

керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.


«Алма ағашы» әдісі    Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма

Слайд 16 Қазақстан – қазақ халқының мекені, ежелгі қонысы, Отаны. Бұл

жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның кең жазира жерін

қасық қаны қалғанша қорғап, ұрпақтан ұрпаққа қалдырып келеді. Ол біздің ең қасиетті, қадірлі мұрамыз. Ал еліміздің болашағы сендерсіңдер! «Елін сүйер ұлан болыңдар!!!»
Қазақстан – қазақ халқының мекені, ежелгі қонысы, Отаны. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның

Слайд 17Сабақтың қорытынды сәті

Баяу әуен қойылып, балалар денелерін

түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып,

еркін тыныстаймыз. Айналадағы барлық тіршілік иелері бізді аялап, қоршап, қамқор болып жатқандай. Тұла бойымыз жақсылыққа, махаббатқа толуда. Осылай екі минут отыра тұрамыз.
Сабақтың қорытынды сәті   Баяу әуен қойылып, балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика