күйі.
Ауа райын болжауымен метеорологиялық қызмет айналысады. Олар күн сайын жауын
шашын, желдің бағытын, температураны бақылап отырады. Соның негізінде ауа райын алдын – ала хабарлап отырады. Ауа райы күрт өзгеруі де мүмкін. Мұндай құбылмалылығын білу адам жан – жануар және өсімдіктер үшін өте қажет. Ауа райы қандай болатынын алдын – ала білсе, соған лайықты киініп қажетті заттарды ала шығады, серуендеу уақытын дұрыс белгілейді. Жауан шашын ұзақ жаумаған кезде егістіктегі егін мен бау бақшадағы көшеттер қурай бастайды. Елдің бәрі жайма шуақ, жайлы ауа райын қалайды. Ауа райының болжамы алдағы тәулік, апта, тіпті бір айға да жасалады. Мұндай болжам ұшқыштарға, теңізшілерге, егіншілерге өте қажет. Олар дән себу ұшу, жүзу, сапарға шығу уақытын ауа райына қарай жоспарлайды.
ІV. Жаңа тақырыбпен таныстыру