Разделы презентаций


Баланың ойлау қабілетін дамыту

Бүгінгі күн талабы-баланың ақыл ойын дамыту,ойлау қабілетін жетілдіру,өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру,заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.Сондықтан баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың,бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы –ойын әрекеті,яғни,ойын-баланың

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

Слайд 2Бүгінгі күн талабы-баланың ақыл ойын дамыту,ойлау қабілетін жетілдіру,өзіндік іскерлік қасиеттерін

қалыптастыру,заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.Сондықтан баланың танымын алғашқы

күннен бастап дамытудың,бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы –ойын әрекеті,яғни,ойын-баланың жетекші әрекеті.Бірақ,ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай,балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек.Яғни,оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып,баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет.
Бүгінгі күн талабы-баланың ақыл ойын дамыту,ойлау қабілетін жетілдіру,өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру,заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.Сондықтан

Слайд 3Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып,сезінеді,себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті

анықтауға тырысады.Айналадағы өмір құбылыстарын,ерекшеліктерін байқай отырып,білуге қызығушылығы туындайды,осы сезім оны

талпыныстарға жетелейді.Ойын негізінде ойлай отырып тапсырмаларды өзінше зерттеп,орындау,өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы,өзіне сенімді,ерік-жігерлі,дүние танымы кеңейген,сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан,болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.

Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып,сезінеді,себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады.Айналадағы өмір құбылыстарын,ерекшеліктерін байқай отырып,білуге қызығушылығы

Слайд 4Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне ғана емес,жалпы

тәлімдік-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен  бірге ойлау,қиялдау,есте сақтау,елестету т.б қабілеттерінің,танымдық іскерлік,шығармашылық қабілеттерінің 

дамуын қамтиды.Белгілі психолог Л.С.Выготский:<<Қандай да бір оқыту үшін тиімді,яғни тым өте бір қолайлы мерзімдер болады.Олардан жоғары,не төмен талапта ауытқу мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді>> деген.Мектепке дейінгі балалардың жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып,оқыту,тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып,ойын түрінде ұйымдастыру нәтижелі болмақ.Ал,осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің,мұғалімнің шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді.
Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне ғана емес,жалпы тәлімдік-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен  бірге ойлау,қиялдау,есте сақтау,елестету т.б

Слайд 8Айырмашылығын тап

Айырмашылығын тап

Слайд 9Айырмашылығын тап

Айырмашылығын тап

Слайд 13 Артығын

тап

Артығын тап

Слайд 15

Есепте

Есепте

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика