Слайд 1“Бақыршық орта мектебі”КММ
ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Слайд 3
Тыныштық сәті
Достығы жарасқан,
Сыйлы біз баламыз.
Келісіп бәрімен,
Татулық табамыз.
Бәріміз бір болсақ,
Бәрін де женеміз!
Слайд 5
Сабақтың тақырыбы:
Дос болайық бәріміз
Слайд 6
Міндеттері:
Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас
жасауға үйрету;
Өзара
сыйластық, өзара түсіністік,
өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту;
-
Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты:Достық туралы түсінік беру,бірін-бірі сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу
Слайд 7Үй тапсырмасы
Дос туралы тақпақ жаттап келу.
Слайд 8
ДОСТЫҚТЫ ДОСТЫҚ ШАҚЫРАДЫ.
Абай құнанбаев
Слайд 9Достық неден туындайды?
Қалай түсінесіңдер?
Слайд 10 Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз
сеніп, тілектес, мұраттас болуы.
Ерте заманның ойшылы және асқан шешен
Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәуле береді. Ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады» – дейді.
Слайд 11 Достық – адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті,
сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.
Қай кезде,
қай жаста болса да адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарап, досты асықпай таңдау қажет.
Достықтың негізі – достардың өмірге қөзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.
Слайд 131. Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың
саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын
деді. Сенің әрекетің.
Слайд 142. Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек.
Оның жағдайы жоқ. Сен істер едің?
Слайд 153. Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында
оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не
айтар едің?
Слайд 164. Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді.
Сені үйдегілер күтіп отыр. Түскі тамаққа нан әкеледі деп. Досыңа
да анасы нан ала кел деп ақша берген. Ол ақшасын жоғалтып, не істерін білмей тұр. Не істейсің?
Слайд 17 «Ренжістік, достастық» ойыны
• «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып,
саусақтарыңды безейсіңдер.
• «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар.
• « ДОСТАСТЫҚ »
деген бұйрық берілгенде қайта бұрылып, қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар.
Слайд 20«Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылып бірауыздан
алдымыздағы жүкті көтере білейік.
Татулық достар арасындағы ең тамаша қасиет. Тату
балалар бір – бірін ренжітпейді, тату-тәтті ойнайды, ойыншықтарымен, тәттілерімен бөліседі. Сондақтан да достық - татулықтан басталады делінеді.
Слайд 22ДОС
Көмектеседі
Шыншыл
Жанашыр
Қамқоршы
Ұқыпты
Білімді
Мейірімді
Адал
Қайырымды
Слайд 23
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады.
Алақанмен тосып алған достық шуағының жылуын сезінейік. Өзіміздің қолымызбен жасаған
достық нұры мәңгі жүрегімізде қалуы үшін жарастықты, татулықты жақтайық, әрқашан бірлікте, сыйластықпен өмір сүрейік, деп іштей қайталаймыз.Соның дәлеліндей әркім өзінің көршісінің қолын алып, ешқашан ренжіспеуге келісім берейік. Осындай ризашылықпен бұрынғы қалпымызға
келеміз.
Слайд 24Достық
Достық – әдеп, сыйласым,
Дос – өмірлік қимасың.
Дос – арыңдай
қымбатты,
Достық сезім – тым тәтті.
Достық – игі жақсылық,
Достық ниет – жақсы үміт.
Достық жасап адамға
Достаса біл әманда.
Дос ниетпен, адал, кең
Дос бол ізгі адаммен.
Слайд 25 • Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал
бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды барда
да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.
Слайд 26Үйге тапсырма
Адал достар тақырыбына әңгіме жаз
Слайд 27Уақыт бөліп келгеніңізге көп рахмет!
Биік сенің ұстаздық қасиетін,
Мінезін жоқ
қиынға бас иетін.
Өмірге тәрбиелеп құлшындырған,
Жүрегімде әр кез айтқан өсиетін.
2“А”
сынып оқушылары.
08.02.2018ж