Слайд 1
Cабақтың тақырыбы:
Сөз бен мағына
“Қайнар” мектеп – гимназия” коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілі 5 – сынып
Пән мұғалімі: Ерғалиева Әлия
Слайд 2Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: сөз бен мағынаның бірлікте қолданылатынын аңғарту, сөздердің
де топқа бөлінетін түсіндіру;
ә) дамытушылық: ана тілінде өз ойларын көркем
тілде жеткізе білу қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру;
б) тәрбиелік: сөздердің табиғатын түсіне отырып, орынды қолдана білуге дағдыландыру, сауаттылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
сөз бен мағынаны қолдануды біледі, сөздерді топтарға бөлінетінін біліп, дұрыс пайдалана біледі
Күтілетін нәтиже:
Слайд 3Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Көрнекіліктер: интербелсенді
тақта, кеспе қағаздар
Слайд 4Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу, сыныпты түгелдеу
Ә) Сабаққа даярлықтарын тексеру
Б)
Топқа бөлу (оқушыларды мақал арқылы топтарға бөлем)
Болар адам — он
бесінде бас болар,
Болмас адам — қырық бесінде жас болар.
Сыпайы, киімді киіп тоздырады,
Сараң, киімді жиып тоздырады.
Слайд 5ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерін тексеру, талдау
Оқулықтың
15-бетіндегі 28 – жаттығу орындалуын тексеру
Слайд 6ІІІ. Жаңа сабақ
А) Психологиялық дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана
тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара
тілім.
(Ж. Молдағалиев)
Слайд 7Ә) Мағынаны тану
Лексика – белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Сөз
– зат не құбылыс атауы.
Слайд 8Тапсырма. Сөздерді өз орнына қойыңдар. Сөйлем құрауға бізге қандай тілдік
құрал беріліп тұр?
Мөлдір, сулы, айналуы тиіс, Қазақстан, желекті, жасыл, өлкеге.
«Қазақстан
мөлдір, сулы, жасыл желекті өлкеге айналуы тиіс.» Н.Назарбаев.
Слайд 9- Ал олардан сөйлем шығару үшін қандай
қасиетіне қарадық?
- Мағына
- Мағына
– сөздің ішкі мазмұны
- Алайда тіліміздегі барлық сөздердің мағынасы бар ма?
- Жоқ
- Олай болса, тіліміздегі сөздерді де топқа бөледі екенбіз.
Слайд 11Оқулықпен жұмыс
32-жаттығу. Мәтіннен бес сөз таңдап алып, олардың лексикалық мағыналарын
анықтандар.
33-жаттығу. Мәтіннен тура мағынадағы сөздерді тауып жазындар.
35-жаттығу. Жасыл, әсемпаз, үйірсек
сөздерінің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, әрқайсысы бойынша бірнеше мағыналы сөз құрандар. Кез келген дыбыстар тізбегі сөз бола ала ма?
Слайд 12Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір
тұрып,
Сәл тынығып алайық.
Слайд 13В) Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
1-тапсырма: Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып, шағын мәтін
құраңдар.
Тірек сөздер: Қазақстан, болашақ ұрпақ, ел тізгіні, әлемдік көзқарас, қазақ
халқы, тіл мәртебесі.
2-тапсырма: Сөйлемдегі асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.
Адамның ең үлкен бақыты – оның өмір сүрген әр күні.
Слайд 14ІҮ. Сабақты бекіту.
Лексика дегеніміз не?
Сөз деген не?
Сөздің мағынасы деген не?
Тіліміздегі
барлық сөздердің мағынасы бар ма?
Сөз мағынасының қандай түрлері бар?
Мағынасы қарама-қарсы,
мағынасы жуық, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздер.
Слайд 15«Тез ойла, сөз ойла!» ойыны.
(мағынасы әртүрлі сөздер ойлау керек.
Мысалы: алма тәтті, (Алма мектепте) кілт: үйдің кілті, кілт тоқтады.
Слайд 16«Кім тапқыр?» ойыны.
Мына сөздерді пайдаланып сөйлем құра. Сөйлемді мағынасын
өзгерту үшін нені пайдаланамыз? Мысал келтір.
1 топқа: Ана, жұлдыз, аспан,
өзен, гүл, жапырақ, адам, балапан, бақыт, тілек, қуаныш, анар, арман, жидек, топырақ
2 топқа: Ақ, қоңыр, көк, әдемі, жақсы, сыпайы, таза, ащы, кермек, жуас, жүйрік, таяз, лай, сары, шабан, алыс
Слайд 17 Ана – өмір шуағы.
Ана - баласына пана.
Ана тілім –
тағдырым.