Слайд 1
Тақырыбы:
Диалогтік оқыту.
Әңгіменің және сұрақтың түрлері
Слайд 2Мақсаты:
Диалогтік оқыту, әңгіменің түрлері мен сұрақтың түрлері жайлы түсінік қалыптастыру.
Сабақ үрдісіндегі диалогтік оқытудың маңызын түсіндіру;
Жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастыру дағдыларын
жетілдіру;
Мұғалімдерге сабақ барысында диалогті ұтымды пайдалануды үйрету;
Слайд 3Мұғалімнің көмекшілері
Шульман ілімі, 2007ж. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының
тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып
табылады.
Слайд 5Миға шабул:
* Диалог дегеніміз не?
*Диалогтік оқыту дегенді қалай түсінесіздер?
* Әңгіме
дегеніміз не?
* Сұрақты қалай қою керек?
* Сұрақтың қандай түрлері бар?
Слайд 6 Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім
деңгейінің өсуіне үлес қосады (Мерсер мен Литлтон).
Оқушылардың көбірек
білетін басқа біреумен (сыныптастары немесе мұғалімі) диалог жүргізуге мүмкіндігі болған жағдайда, оларды оқыту оңай болады (Выготский).
Слайд 7Оқушылардың бірлесіп сұхбаттасқандағы пайдасы
Тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік
береді;
Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
Оқушылардың өз идеяларын
дәлелдеуіне көмектеседі;
Мұғалімдердің оқушыларды оқыту барысында олардың қандай деңгейде екендігін түсінуіне көмектеседі.
Оқушы өз идеясын жетілдіре алады
Оқушының өзіне деген сенімі артады
Сыни ойлау дағдысы қалыптасады
Слайд 8Диалогтік әңгімені дамыту
Оқытудағы әңгімелесу - қарым-қатынас жасаудың бірсарынды емес,
керісінше, идеялар екі жақты бағытта жүреді, осының негізінде оқушының білім
алуында байланыс жүреді (Александер 2004).
Оқушы екі жақты идеяны ұштастыру арқылы жаңа білімге қол жеткізе алады.
Слайд 9ӘҢГІМЕЛЕСУ
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады.
Ғалым әңгіменің үш түрін ажыратып, сипаттама берген:
Әңгіме дебат;
Кумулятивтік әңгіме;
Зерттеушілік әңгіме;
Слайд 10Әңгіме - дебат
Ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде
қалады;
Ресурстарды біріктіруге бағытталған талпыныс жасалады;
Қарым –қатынас көбіне “Иә, бұл солай”,
“Жоқ, олай емес” деген бағытта жүзеге асады;
Орта бірлесуге қарағанда, көбіне бәсекелестікке бағытталған болады;
Нәтижесінде мазмұнды тұжырым шығады.
Слайд 11
Кумулятивтік әңгіме
Айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әр – қайсысы механикалық түрде келісе
беруі;
Әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай
да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы;
Идея қайталанады және жасалады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді;
Идеяның дұрыс және бұрыс жағын бағамдай алу.
Слайд 12Зерттеушілік әңгіме
Әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
Әркімнің идеясы пайдалы деп бағаланғанымен,
мұқият бағалау жүргізіледі;
Қатысушылар бір-біріне сұрақтар қояды;
Қатысушылар дәлелдемелер жасайды;
Топтағы қатысушылар келісімге
жетуге тырысады (олар келісімге жетуі де, жетпеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу).
Дәлелдемелер арқылы нақты пікір қалыптасады.
Слайд 13Талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басым болады (Мерсер).
Сұрақ қою
Сұрақ қоюдың үлгісі
(бастама-жауап-кейінгі әрекет) (БЖК).
Сыныпта бастама жасайтын және оны бақылап отыратын адам
ол мұғалім (Мерсер)
Слайд 14Сұрақтардың түрлері
Төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар.
Төмен дәрежелі сұрақтар (жабық
немесе дұрыс емес).
Төменгі дәрежелі сұрақтар ол жаттап алуға бағытталған сұрақтар
немесе мұғалімнің сұраққа өзі жауап беруі.
Жоғары дәрежелі сұрақтар белгілі бір жолмен ақпаратты қолдануға, қайта құруға кеңейтуге, талдауға бағытталады.
Слайд 15Оқушының білім алуын қолдау үшін
Түрткі болу, сынамалау және қайта
бағыттау техникаларын пайдаланамыз.
Слайд 16Түрткі болу
Жауап алу үшін және оқушының жауабын түзету үшін (сұрақты
қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау
және толығырақ жауап беруге итермелеу) қажет.
Слайд 17Сынамалау
Толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға
көмектесетіндей етіп құру
(Мысалы,“Сіз осыған мысал келтіре аласыз ба?”) қажет.
Слайд 18Қайта бағыттау
Сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау
(“Көмектесе алатындар бар ма?”)
Слайд 19Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру
Мұғалім оқушылардың жауабы арқылы білімдерін
тексеру емес, сондай- ақ оларға өз ойларын анық білдіруге, дамытуға
және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін пайдаланады.
Оқушылардың жауап беруіне уақыт беру керек және мүмкін болса, бұдан кейінгі сұрақтарды олардың өз сөздеріне орайластырып құраған дұрыс.
Слайд 20Егер жауапты күту уақыты созылып кетсе
Оқушының жауабының ұзап кетуі
Ерікті
жауаптардың саны көбейеді
Оқушы сұрағының жилігі ұзарады
Қабілеті төмен оқушының жауаптарының саны
көбейеді.
Слайд 21
«Коучинг үйретпейді, ол
үйренуге көмек көрсетеді.»
(Гэллвей,2000)