Ертеде білмейтіні жоқ бір данышпан өмір сүріпті. Күннің бір күнінде
бір адам осы данышпанның да білмейтіні бар шығар деп:- « Ал, данышпан болсаң менің қолымдағы көбелек тірі ме, әлде өлі ме? » дейді.
Ал өзі ішінен « егер тірі десе өлтіре саламын, өлі десе ұшырып жіберемін» деп ойлап тұрады. Данышпан ойланып барып: « Бәрі сенің қолыңда » деп жауап қайтарыпты