Б)Коммуникативтік құзіреттілігі:
Жаттығулар мен тапсырмаларды орындата отырып білімдерін қалыптастыру;
Бір ғана сөзден тұратын негізгі етістік дара етістік деп аталады.
Мысалы:Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды. Қозының жамырағанын. Байторының сақ құлағы бағана сезген.
Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған етістіктер туынды түбір немесе туынды етістік деп аталады. Туынды етістіктер басқа сөз таптарынан (есімдер мен еліктеуіш сөздерден) белгілі жұрнақтар арқылы жасалады.
Ол жұрнақтар мыналар:
1. ла, ле, да, де, та, те: шеге-ле, таза-ла, тіс-те, бас-та
2. а, е: ойн-а, бос-а, түн-е т.б.
3. ай, ей, й: мол-ай, аз-ай, көб-ей, қара-й т.б.
4. ар, ер, р: аға-р, көг-ер, қысқа-р т.б.
5. ғар, гер, қар, кер; бас-қа, ес-кер, тең-гер.
6. ық, ік, к: кеш-ік, зар-ық, бір-ік т.б.
7. ыра, іре: жар-ық, желб-іре т.б.
Іс-әрекеттің, амал мен қимылдың жүзеге аспауын, орындалмауын білдіретін форма етістіктің болымсыз түрі деп аталады. Етістіктің болымды түрі түбір, туынды және күрделі етістіктер арқылы берілетін болса, оның болымсыз түрі болымды етістіктердің түбіріне
– ма, -ме, -ба, -бе, - па, - пе, жұрнақтар жалғау арқылы жасалады.
Мысалы: бар-барма, көтер-көтерме, сөйле-сөйлеме, шық-шықпа, жаз-жазба, кел-келме т.б.
Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады.
Сабақты етістіктер Кімді? Нені? деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады.
Мысалы: Сөзді сен баста.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.
.
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть