Слайд 2Атай шалқан егіпті. Шалқаны үйдей боп, содан соң үйден де
дәу боп өсіпті.
Слайд 3Атай шалқанды жерден суырып алмақ боп, шалқалай тартады. Олай тартқылайды,
бұлай тарқылайды, тартып суыра алмайды.
Слайд 4Атай әжейді шақырды. Әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен
ұстайды, олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып суыра алмайды.
Слайд 5Әжей немересін шақырады. Немере қызы әжесінің белінен ұстайды, әжей атайдың
белінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды, олай тартқылайды, бұлай
тартқылайды, тартып суыра алмайды.
Слайд 6Немере күшігін шақырады. Күшік немере қыздың етегінен ұстайды, немересі әжейдің
белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды-
олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып суыра алмайды.
Слайд 7Күшік мысықты шақырады. Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың
бұрымынан ұстайды, немере қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен
ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды- олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып суыра алмайды.
Слайд 8Мысық тышқанды шақырады. Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан
ұстайды, күшік немере қыздың бұрымынан ұстайды, немере қыз әжейдің белінен
ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды- олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, суырып алыпты шалқанды.