Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыда сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына
қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғым
қалыптастыруға мүмкіндік жасау;
Дамытушылық: оқушыларды сөйлемді оқыған кезде дауыс
ырғағын салыстыру арқылы
оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру;
тіл дамыту, рефлексиялық жаттығуларды орындату арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту;
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, бірлесіп топпен жұмыс істеуге баулу; алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.