Павлодар
облысы Екібастұз қаласы Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Акишева Баян СериковнаСабақ тақырыбы:Табиғи және жасанды дыбыс көздері дегеніміз не?
Оқу мақсаттары:
1.5.3.2 дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату
1.1.2.1 қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау
Бағалау критерийлері:
-Табиғи дыбыстар мен жасанды дыбыс көздеріне мысалдар келтіреді, сипаттама береді,салыстырады.
-Табиғи дыбыстар мен жасанды дыбыстардың айырмашылықтарын біледі,берілген тапсырма бойынша сәйкес суретті таңдайды.
-Табиғи дыбыс көздерін қоршаған ортамен байланыстырады.
Сабақ мақсаттары:
Барлығы:дыбыстар тақырыбы бойынша аудио жазбаны тыңдайды жəне дауыстарды ажыратады.
Көпшілігі : дыбыстар бойынша берілген суретке қатысты мысалдар келтіреді.
Кейбіреуі : тәжірибенің негізінде дыбыстардың таралу ерекшелігін түсіндіреді