Разделы презентаций


Зат есімдер

Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды. Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1ЗАТ ЕСІМ

ЗАТ ЕСІМ

Слайд 2 Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес,

табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды,

ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.


Заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы.

Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан

Слайд 3 Зат есім
КІМ?
НЕ?
Адам атаулары деп жалпы

адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек,

еркек, әйел т. б.) туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым т. б.), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.

Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады.

Зат есім КІМ?   НЕ?	Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе,

Слайд 4 ЗАТ

Жалқы

Жалпы

Жалпы есімдер деп тілдегі

әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат

есімдер аталады.
Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отін, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.

Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз.
Мысалы:кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б.)үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас т. б.)өндіріс, мекеме, ұйым аттары ("Еңбек", "Қайрат", "Түрксіб" т. б.)газет, журнал, фильм, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары ("Егемен Қазақстан", "Өркен", "

ЗАТЖалқыЖалпыЖалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен

Слайд 5Көптік мәнді есімдер деп затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен

атайтын зат есімдерді атайды.
Мысалы: сүт, ұн, жүн, алма, ақыл, өмір, шындық,

алтын, жел, құйын деген сияқты зат есімдерді алсақ, бұлардың әрқайсысы белгілі бір жекедара затты ғана атамайды, оны тобымен атайды

Ескерту:Көптік мәнді есімдер кейде көптік жалғаулы формаларда да қолданылады. Бірақ бұл сөздер көптік формада көбінесе я басқа мағынада жұмсалады, я өздеріне қосымша мағыналық реңдер жамап алады.

Көптік мәнді есімдер деп затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді атайды.Мысалы: сүт, ұн, жүн, алма,

Слайд 6Зат есімнің морфологиялық сипаттары Зат есімнің құрылымы
Құрылымы жағынан зат есім жалаң

да, күрделі де болады
түбір зат есімдер

туынды зат есімдер
Түбір зат

есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфемаларға (түбірге және жұрнаққа) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема (сөз) ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз.
Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша (жұрнақ) морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз.
Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған формалар жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі:

Біріккен зат есімдер,
Қосарлаған зат есімдер,
Тіркес (құрама) зат есімдер,
Қысқарған зат есімдер.

Зат есімнің морфологиялық сипаттары Зат есімнің құрылымы Құрылымы жағынан зат есім жалаң да, күрделі де болады түбір зат есімдер

Слайд 7Күрделі зат есімдер
Біріккен зат есімдерге кемінде екі түбір морфемадан бірігу

арқылы жасалған зат есімдер жатады.
Мысалы: бәйтерек, бәйшешек, белбеу,т. б.

Қосарланған зат есімдерге

екі түбір морфемадан қосарланып жасалған зат есімдер жатады.
Мысалы: абысын-ажын, ақыл-айла, ас-су, ата-ана, бала-шаға т. б.

Тіркес (құрама) зат есімдерге кемінде екі я онан астам түбір сөздерден әр қилы жолмен тіркесу арқылы жасалған зат есімдер жатады.
Мысалы: ауыл шаруашылығы, сары май т. б.

Қысқарған зат есімдерге бірнеше сөзден құралып қысқарған зат есімдер жатады.
Мысалы: ҚР, БҰҰ, ҚазМҰУ, пединститут, см, мм, га, Кб, Мб т. б.

Күрделі зат есімдерБіріккен зат есімдерге кемінде екі түбір морфемадан бірігу арқылы жасалған зат есімдер жатады.Мысалы: бәйтерек, бәйшешек, белбеу,т.

Слайд 8Зат есімдердің жасалу тәсілдері
лексикалық
морфологиялық

синтаксистік

байырғы зат есімдер, сондай-ақ, басқа тілдерден енген

зат есімдер, бастапқы семантикалық мағынасы не кеңею, не тартылу, не

ауысу арқылы туған жаңа зат есімдер мен өзге сөз таптарынан субстантивтену арқылы пайда болған зат есімдер жатады.


 кемі екі я онан астам түбірлердің бірігуі, қосарлануы, тіркесіп құралуы, қысқарып құралуы арқылы және лексикалану негізінде пайда болған күрделі зат есімдер жатады.


зат есімнің өзінен, өзге сөз таптарынан тиісті жұрнақтар арқылы туған туынды зат есімдер жатады.
Сондай-ақ, егін, сауын туынды зат есімдері ек, сау деген етістік түбірлерінен жасалса, олардан -шы (-ші) жұрнағы арқылы егінші, сауыншы деген туынды жаңа зат есімдер жасауға болады т. б

Зат есімдердің жасалу тәсілдері лексикалықморфологиялықсинтаксистікбайырғы зат есімдер, сондай-ақ, басқа тілдерден енген зат есімдер, бастапқы семантикалық мағынасы не

Слайд 9Пайдаланған әдебиеттер:
Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және

денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. 
 “Қазақстан”:

Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 
А. Ысқақов, Қазіргі қазақ тілі, 1974 ж.

Пайдаланған әдебиеттер:Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998

Слайд 10Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!

Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика