Слайд 1
“Білгенге маржан”
интеллектуальдық сайыс.
7-10 сынып
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Слайд 2
Мақсаты:
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, бір -
бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз бетінше
жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.
Слайд 3
Құрметті : ұстаздар мен сайысқа қатысушы оқушылар! Сіздер бүгін
физиканың қызық та, қиын сұрақтарына жауап беріп,күнделікті көріп жүрген үйреншікті
құбылыстың өзінде қаншама физика заңдылықтары жатқандығының куәсі боласыздар.
Табиғатта физикалық құбылыс сансыз көп, сол жайлы оқып білгендеріңді ортаға салып білмейтін біраз құбылыстарды бүгінгі біздің кешімізден яғни физиканың ғажайып әлемінен табасыздар.Физика терең ойлап, көп толғануды, тәжірибе жасап, көз жеткізгенді жақсы көретін пән, асығыстықты, жалқаулықты сүймейді.
Ал оқушылар ғылымдардың ғылымы әрбір істі шешуге көмектесуші, қызық та ғажайып әлемге саяхат жасайық!
Слайд 4
7 - 10 сынып оқушыларынан құралған сыныпты екі командаға
бөліп бірінші командаға – “Білімділер”деп, екінші командаға « Білгіштер
» деп ат қойып, әр командаға капитан сайлап алып сайысымызды бастайық.
Слайд 5
Сайыстың шарттары:
I – бөлім: Жұмбақтар
II – бөлім: Кім көп
біледі.
III - бөлім: Қызықты тәжірибелер.
IV- бөлім. Логикалық сұрақтар.
V - бөлім:
«Иә» немесе «жоқ»
VI –бөлім: Ойын “Жер-Теңіз”
Слайд 6
1. Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып.
Қаға
берер таңдайды,
Әдетінен танбайды
2. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді.
3. Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысқан,
Жұмыс істейді әрқашан.
4. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
5. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді.
Слайд 7
5. Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі
жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат.
6. Күндіз қасыңнан қалмайды.
Бірақ ешкім ұстай алмайды.
Қорқақ
па, қараңғыға бармайды.
6.Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді
Бірақ өзі көрмейді.
7. Алтын теңге кетеді,
Күміс теңге келеді.
8.Отқа жанбас,
Суға батпас.
9. Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.
Слайд 8
10.Жылт - жылт етеді,
Жылғалардан өтеді.
11. Жылдың төрт мезгілінде де,
Мазасызданады
ол неге?
12. Бұлтты аспанның жүзінде,
Ойнайтын бұл немене?
13. Өзі затты
құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды.
14. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін.
15. Тетігін бассаң алаңсыз
Жазады қалам қағазсыз.
Слайд 9
IІ– бөлім: Кім көп формула біледі.
1.Ауырлық күшінің формуласы.
2. Жылу
мөлшері
3.Үйкеліс күші
4.Бұрыштық жылдамдық
5.Серпімділік күші
6.Ток күші
7.Күш моменті
8.Центрге тартқыш үдеу
9.Электр тогының жұмысы
10.
Кинетикалық және потенциалдық энергия
11.Тең әрекетті күш
12.Бүкіләлемдік тартылыс заңы
13.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
14.Авагадро тұрақтысы.
15.Математикалық және серіппелі маятник.....
16. Еркін түсу үдеуі....
17.Больцман тұрақтысы....
18.Планк тұрақтысы....
19. Электр заряды....
20.Менделеев-Клапейрон теңдеуі....
Слайд 10
IIІ – бөлім: Қызықты тәжірибелер
І топ
1. Тәжірибе: Суы
бар тарелкенің ішінен түйреуішті алу керек. Магнит бар.
2. Үріліп жіпке
байланған екі шарды газетпен үйкеп - үйкеп жақындатамыз. Не байқалды:Екінші шар жарға жабысады? Қалай? Неге?
ІІ топ
3. Суға картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. сонда нені байқауға болады?
4. Суы бар тарелкенің ішінен тиын салынады. Қолымызды суға батырмай тиынды алу керек.
Слайд 11
ІV бөлім
.
ЛОГИКАЛЫҚ СҰРАҚТАР
(СЕРГІТУ СӘТІ)
Слайд 12
Неліктен су аяқтан дымқыл шұлықты шешу қиын?
.
Жауабы: Аяқ су
болған кезде дымқыл шұлық аяққа жабысады, олардың молекулаларының арасындағы өзара
тартылыс күші болады.
Слайд 13
.
Терезенің әйнегін неге екі қабаттан жасайды?
Жауабы: Себебі терезе әйнегінің
ортасында ауа болады. Ол жылуды нашар өткізеді. Сондықтан іштегі жылы
ауа сыртқа шықпайды,сырттағы суық ішке кірмейді.
Слайд 14
.
Адам жүргенде көлеңкесінен тез жүруі мүмкін бе?
Жауабы: Мүмкін,
егер көлеңке қабырғаға түссе және одан оған қозғалу керек. Жарық
көзі адамның алдына түсу керек.
Слайд 15
.
Әлсіз өсімдіктің өзі қалайша асфальті жарып өсіп шығады?
Жауабы: Жапырақ
пен сабақтың ішкі қысымы жоғары
Слайд 16
.
1 топ.
1.t1=70C температурадағы массасы m2=0,2 кг су бар массасы
m1=0,1 кг жез калориметрге t3=127 0C температурадағы массасы m3=0,1 кг
денені салады. Осыдан кейін калориметрге Ө=270C-тағы температура орнығады.Дене жасалған материалды меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңдар.
2-топ
2. Массасы mo=1.5*103 кг ракета v=1,2*108 м/с жылдамдық алу үшін оған қандай кинетикалық энергия беру қажет?
Слайд 17
«ИӘ» НЕМЕСЕ «ЖОҚ»
1. АТТАС ЗАРЯДТАР БІР - БІРІМЕН ТАРТЫЛАДЫ
МА?
2. ЗАТТАР ҮШ КҮЙДЕ БОЛАДЫ МА?
3. ЖЕЛДІ КҮНІ АСФАЛЬТ БЕТІ
ТЕЗ КЕБЕДІ МЕ?
4. ЖОЛДЫҢ ӨЛШЕМ БІРЛІГІ СЕКУНД ПА?
5. ОМ ЗАҢЫН АШҚАН ҒАЛЫМ АМПЕР МЕ?
6. ЖЫЛДАМДЫҚ БІРЛІГІ М/С
7. ТЕМПЕРАТУРАНЫ ӨЛШЕЙТІН ҚҰРАЛ ДИНАМОМЕТР МЕ?
8. ДЖОУЛЬМЕН ӨЛШЕЙТІН ФИЗИКАЛЫҚ ШАМА ЭНЕРГИЯ.
9. УАҚЫТТЫ САҒАТПЕН ӨЛШЕЙДІ МЕ?
10. ГАЗҒА НЕМЕСЕ СҰЙЫҚҚА ТҮСІРІЛГЕН ҚЫСЫМ СОЛ СҰЙЫҚТЫҢ НЕМЕСЕ ГАЗДЫҢ ӘРБІР НҮКТЕСІНЕ ӨЗГЕРІССІЗ БЕРІЛЕДІ. ПАСКАЛЬ ЗАҢЫ МА?
.
Слайд 18
.
1. МОЛЕКУЛАЛАР ЗАТТЫҢ ҰСАҚ БӨЛШЕГІ МЕ?
2. СУДЫҢ ТЫҒЫЗДЫҒЫ
1000КГ/М3 - ҚА ТЕҢ.
3. ҚУАТТЫҢ ӨЛШЕМ БІРЛІГІ ВОЛЬТ ПА?
4.
БАРОМЕТР АТМОСФЕРАЛЫҚ ҚЫСЫМДЫ ӨЛШЕЙДІ МЕ?
5. ӨЗІНІҢ ПІШІНІ МЕН КӨЛЕМІН САҚТАУ ҚАТТЫ ДЕНЕГЕ ТӘН ҚАСИЕТ.
6. ДЕНЕНІҢ ЖЕРГЕ ТАРТЫЛУЫ ҮЙКЕЛІС КҮШІ МЕ?
7. МЕНЗУРКАМЕН СҰЙЫҚ КӨЛЕМІ ӨЛШЕНЕДІ МЕ?
8. СҰЙЫҚТЫҢ ҚАТТЫ КҮЙГЕ АЙНАЛУЫ КРИСТАЛДАНУ МА?
9. P=PGҺ ҚЫСЫМНЫҢ ФОРМУЛАСЫ МА?
10. ЖҰМЫСТЫҢ ӨЛШЕМ БІРЛІГІ ВАТТ.
«ИӘ» НЕМЕСЕ «ЖОҚ»
Слайд 19
.
VI - бөлім. Ойын «Жер - Теңіз »
1 -
топ «Теңіз»
2 - топ «Жер »
Сұрақ: Осы екі сөз туралы
физика, биология, химия , әдебиет тілдерінде не айта аласыңдар?
Слайд 20
.
VII. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ БӨЛІМІ.
БҮГІНГІ КЕШІМІЗДІ МЫНА БІР ФИЗИКТЕРДІҢ ӨМІРІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ
ХИКАЯЛАРМЕН АЯҚТАҒЫМ КЕЛІП ТҰР.
1. НЬЮТОННЫҢ ЕКІ МЫСЫҒЫ БОЛЫПТЫ. БІРЕУІ ҮЛКЕН,
ЕКІНШІСІ КІШІ. МЫСЫҚТАРДЫ ТАҢЕРТЕҢ ОНЫҢ МАЗАСЫН АЛМАС ҮШІН, ЕСІККЕ ЕКІ ТЕСІК ЖАСАПТЫ. БІРІ ҮЛКЕН ЕКІНШІСІ КІШІ. МҰНЫ КӨРГЕН КӨРШІСІ НЬЮТОНҒА: «НЕГЕ ЕКЕУ ЖАСАДЫҢ, БІРЕУІ ДЕ ЖЕТЕР ЕДІ ҒОЙ»- ДЕПТІ. СОНДА НЬЮТОН БАСЫН ҚАСЫП: «ИӘ, БҰЛ КЕРЕМЕТ ОЙ! БІРАҚ БҰЛ ОЙ МАҒАН КЕЛМЕГЕН ЕКЕН,- ДЕГЕН ЕКЕН.
2. РЕНТГЕН СӘУЛЕЛЕРІН АШҚАН ФИЗИК РЕНТГЕНГЕ БІРЕУ ХАТ ЖАЗЫПТЫ. ХАТЫНДА РЕНТГЕН БІРНЕШЕ СӘУЛЕЛЕРДІ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕРЕКТІГІН КӨРСЕТЕТІН НҰСҚАУДЫ ХАТПЕН САЛЫП ЖІБЕРУДІ СҰРАПТЫ. ХАТ ИЕСІНІҢ СӨЗІНЕ ҚАРАҒАНДА КӨКІРЕГІНДЕ ОҚ ҚАЛЫП ҚОЙЫПТЫ. РЕНТГЕН ХАТТЫҢ ИЕСІНЕ МЫНАДАЙ ЖАУАП ЖАЗЫП ЖІБЕРЕДІ: «ӨКІНІШТІ - АҚ, ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА МЕНДЕ БҰЛ СӘУЛЕЛЕР ЖОҚ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖІБЕРУДЕ КӨП ЖҰМЫС ТУҒЫЗАДЫ. СОНДЫҚТАН СІЗДЕН СҰРАРЫМ, ЕҢ ОҢАЙЫ, МАҒАН СІЗ ӨЗІҢІЗДІҢ КӨКІРЕГІҢІЗДІ САЛЫП ЖІБЕРІҢІЗ».
3. АМПЕР БАСҚАЛАРДАН ҰМЫТШАҚТЫҒЫМЕН ЕРЕКШЕЛЕНГЕН ЕКЕН. БІР КҮНІ ОЛ ҮЙІНЕН ШЫҒАРДА ЕСІГІНЕ ХАТ ЖАЗЫП КЕТІПТІ. « МЫРЗАЛАР! АМПЕР ҮЙДЕ ЖОҚ, БҮГІН КЕШКЕ КЕЛІҢІЗДЕР» - ДЕГЕН СӨЗ ЖАЗЫЛҒАН ЕКЕН. БІРАЗ УАҚЫТТАН КЕЙІН АМПЕР ҮЙІНЕ КЕЛІП ХАТТАҒЫ ЖАЗУДЫ ОҚЫП, КЕРІ ҚАЙТЫП, ҮЙІНЕ КЕШКЕ КЕЛІПТІ.
4. ҰЛЫ ҒАЛЫМ ЭДИСОННЫҢ БАҒЫНА КІРЕТІН ЕСІК ӨТЕ ҚИЫН АШЫЛАДЫ ЕКЕН. ҚОНАҚТАРДЫҢ БІРІ ЭДИСОНҒА ӨЗІҢ ӘЙГІЛІ ӨНЕРТАПҚЫШ БОЛА ТҰРА ОСЫ ЕСІКТІ ОҢАЙ АШЫЛАТЫН ЕТІП ҚОЮ ҚОЛЫҢНАН КЕЛМЕЙ МЕ ДЕПТІ. СОНДА ЭДИСОН: «МЕНІҢШЕ ЕСІК ЖАМАН ҚҰРАСТЫРЫЛМАҒАН, ОЛ ҮЙДІҢ СУ ҚҰБЫРЫМЕН БАЙЛАНЫСҚАН. ӘР АДАМ ЦИСТЕРНАҒА 20 ЛИТР СУ ҚҰЙЫП КЕТЕДІ»- ДЕП ЖАУАП БЕРГЕНДЕ ҚОНАҚТАРЫ ТАҢ ҚАЛЫПТЫ.
ОСЫНДАЙ КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ КҮЙМЕН СІЗДЕРГЕ «САУ БОЛЫҢДАР» ДЕМЕКПІН.