Слайд 1Тақырып :Жұлдызды аспан.Әлемнің құрылымы және масштабтары.
Жұлдызды аспан. Әлемнің құрылымы және
масштабтары.
№ 2 орта мектеп
Ашық сабақ
Өткізген : Мамбеталина Жулдыз.
Слайд 2Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Амандасу
Оқушыларды түгендеу
3.Оқушыларды отырғызу.
II.Үй жұмысын тексеру:
1.Формула құрастыр.
2.
Есептер шығару.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
IV.Бекіту.
1. Полиглот
Слайд 3Есептер шығару
1 қатар. Ұзындығы l=4,9 м математикалық маятник t=5 мин
уақыт ішінде неше (n) тербеліс жасайды.
2 қатар. Су айдынына
тас тастағанда толқындар пайда болды. Су бетінде қалқып жүрген кішкене дене 15с ішінде 6 рет жоғары көтеріліп, төмен түсті. Егер толқын өркештерінің арақашықтығы бір-бірінен 40 см қашықтықта болса, онда су айдынында тарайтын толқын жылдамдығы неге тең?
3 қатар. Жиілігі 510 Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340 м/с жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығын табыңдар?
Слайд 5
Жұлдыз дегеніміз – бірнеше мың градус температураға дейін қызып
тұрған аспанның жарық денесі.
Жұлдызды аспан – аспан күмбезінде түнде көрінетін
шырақтардың жиынтығы.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген 300-ге тарта жұлдыздың төл атауларының 15% - ы грек, 5 % - ы латын, 80 %- ы араб тілінде айтылады.
Слайд 61603 жылы Иоган Байер әр шоқжұлдыздағы жарық жұлдыздарды грек алфавитінің
әріптерімен таңбалауды ұсынды. Әдетте ең жарық жұлдыз α әрпімен, одан
сәл солғындау жұлдыздар реті бойынша грек алфавитінің келесі әріптерімен белгіленді.
Жұлдыздардың көзге көрінерлік жарықтылығын санмен өрнектеу үшін астрономдар көрінерлік жұлдыздық шама деген ұғымды пайдаланады. Мұны алғаш ежелгі грек астрономы Гиппарх енгізген.
ХIХ ғасырдың ортасында ағылшын астрономы НОРМАН ПОГСОН жұлдыздық шаманың осы заманғы шкаласын ұсынды.
Көрінерлік ж.ш. m (лат. magnitudo- «шама» сөзінен ) әрпімен таңбаланады.
Жұлдыздардың шын мәніндегі жарықтылығын анықтау үшін абсолют жұлдыздық шама түсінігі қолданылады. М- абсолют ж.ш. белгіленуі.
Аспандағы ең жарық жұлдыз Сүмбіленің (Сириус) көрінерлік ж.ш.- сы m = -1,58; Күннің ж.ш.-сы m=-26,6; толған Айдың ж.ш.-сы m=-12,7
Слайд 8.
Жетіқарақшы не ұрлаған?
Қазақ атаулы түгел білетін шоқжұлдыздың бірі
– Жетіқарақшы (Большая Медведица).
Жетіқарақшы Темірқазықты
(дәлірек айтқанда дүние полюсін) тәулігіне
бір рет айналып өтеді. Оның іңірдегі,
түн ортасындағы, таң алдындағы орны
жыл мезгілдеріне қарай әрқилы өзгеріп
отырады. Мал шаруашылығымен
шұғылданған ата-бабаларымыз
Жетіқарақшының қозғалысын бақылай
отырып, оны түн мезгілдерін
анықтайтын аспан сағаты есебінде
пайдалаған. Жетіқарақшы туралы
этномәдени когнитивтік ақпарат төмендегі
аңызда кеңінен баяндалады.
«Жетіқарақшы бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін ұрлаған баукеспе ұры болыпты. Халық болып соңына түскен соң қылмысы басынан асқан жеті ұры жеткізбей аспанға қашып шығып кеткен. Бастаған – алдыңғы төртеуі, ана артындағы үшеуі ерер-ермес болып жүрген олардың құйыршығы. Екі бүйірдегі жарық жұлдыз – екі батыр. Сонау қатар тұрған екі жұлдыз Ақбозат пен Көкбозат батырлардың аттары. Олар Темірқазыққа арқандаулы. Шұбатылған арқаны да көрініп тұрады. Аттар Темірқазықты айнала оттайды. Оларды аңдыған жеті ұры да түнімен төңіректеп, айналып жүреді. Ұрылар қайтсе де осы аттарды түсіріп алмақшы. Сақ күзетші алдындағысынан көз жазбайды. Сөйтіп жүргенде таң атады. Таң атысымен Жетіқарақшы көзден тайып, тасаланады. Ертеңінде тағы солай болады.
Слайд 10Қазақ мифологиясында Темірқазық пен Жетіқарақшы туралы ертегі айтылады. Аңыз бойынша
Темірқазық Тәңірінің құдіретімен аспанға қағылған ат байлайтын алтын қазық болып
, ол дүниенің кіндігі есептеледі.Оған Ақбозат пен Көкбозат арқандаулы тұрады, олар түнімен Темірқазықты айнала отырып жүреді. Ал, шөміш пішінді Жетіқарақшы болса олардың соңынан аңдып жүреді.
Темірқазықты төңіректеп әр түні бір айналып шығатын Жетіқарақшы және
Қара құрт (Кассиопия шоқжұлдызы, W әрпіне ұқсайтын). Темірқазық төңірегіндегі жұлдыздардың әр түн сайынғы Темірқазықты өзек өс етіп айналуы Жер шарының өз өсінен айналуынан екені белгілі.
Қазақтың жауынгер ақыны Махамбет Өтемісұлының «Ерлердің ісі бітер ме!»деген өлеңінде «Темірқазық жастанбай, қу толағай бастанбай » деген өлең жолдары кездеседі. Мұндағы «Темірқазық жастану » - сол жұлдызы самсыған түнде батырлардың далаға түнеуі мағынасын береді. Ондайда адам басы бейне қу толағай секілді қатып қалады дегенді айтса керек.
Слайд 11Шоқжұлдыз дегеніміз – аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі.
Аспанда
барлығы 88 шоқжұлдыз белгіленген
Шоқжұлдыздардың 31-і аспанның солтүстік жартышарында, 48-і оңтүстік
жартышарында, ал қалған 9-ы аспан экваторының бойында екі жартышарға да ортақ орналасқан.
Слайд 12Шоқжұлдыздардың атаулары мифтік батырлардың, жануарлардың және заттарға ұқсастығына байланысты қойылған.
Ең белгілі шоқжұлдыздар – Үлкен Аю, Кіші Аю, Айдаһар, Жираф,
Цефей, Кассиопея және 12 зодиак шоқжұлдыздары- Тоқты, Торпақ,Егіздер, Шаян, Арыстан, Бикеш,Таразы, Сарышаян, Мерген, Тауешкі, Суқұйғыш және Балықтар.
Слайд 14Күн – табиғаттағы ерекше жаратылған сансыз көп жұлдыздардың бірі, жерге
ең жақын орналасқан жұлдыз.
Күн мен Жердің орташа арақашықтығы 150 млн
шақырым.Күн ядросының температурасы- 15 млн. 0 С.
Күн дегеніміз- балқыған ыстық газды жарқырап тұрған өте үлкен шар.
Слайд 15Күн жүйесіне қанша ғаламшар кіреді?
Слайд 18Назарларыңызға рахмет!!!
Спасибо за внимание!!!
Thank you for attention!!!