Слайд 1Ауа райының адам ағзасына әсері
Орындады: Тнимжанова Дильназ 5 «Ә» сынып
оқушысы Жаңаөзен қаласы
№ 7 орта мектеп
Слайд 2Мақсаты: Ауа райының құбылыстарын зерттей отырып,адам ағзасына күнделікті өмірде қалай
әсер ететінін анықтау,тәжірибе жинақтау.
Зерттеу барысы:
Ауа райының түрлі өзгерістері мен жылдың
он екі айындағы табиғат құбылысына байланысты халықтық қағидаларға сәйкес болжамдар мен атаулар туралы түсініктің мәнін зерттеу.
Адам ағзасына ауа райы қалай әсер ететінін тәржірибеде анықтап көрсету.
Ауа райын бақылау,сарамандық жұмыстар арқылы мектеп оқушылары арасында табиғатты зерделеп үйрену, оны аялауды насихаттау.
Слайд 4Метеопатия -ауа райына сезімталдық
Слайд 6 Ауа райына тәуелділіктің төрт түрлі себебі бар:
1. Тұқымқуалаушылық түрі.
2.Александр Чижевскийдің пайымынша, метеопатия адамның туған күнінің ерекшелігіне байланысты.
3.
Ауа райы мен ғарыштың біздің ғаламшарға әсері.
4. Адамның өз жеке биоритмі мен ұстанатын өмір салты.
Слайд 11Ғарыштың біздің ғаламшарға әсері
Слайд 12Ауа райының адам ағзасына әсері
Ғылым мен техника дамыған қазіргі заманда
ауа-райының тосын құбылысты, магнитті күндерінің, көктем мен жаз, жаз бен
күз, күз бен қыс, қыс пен көктем мезгілдерінің бір-бірімен ауысқан өтпелі кезеңінің, күн мен айдың адамзатқа әсері бар.
Әйгілі кеңес биофизигі, гелебиология ғылымының негізін қалаған Александр Чижевскийдің пайымынша, метеопатия адамның туған күнінің ерекшелігіне байланысты.
Слайд 13Ауа температурасы
Ауа температурасының өзгеруі де артериялық қан қысымының ауытқуына соқтырады.
Мысалы, аллергияға бейім адамдар тіпті суық ауа қысқа уақытқа әсер
еткеннің өзінде тұншығып қалатын кездері болады. Мұндай күйге адам моншада ыстық будан шыққан соң суы мұздай бассейнге сүңгігенде, күн белсенділігі тым жоғары кезде салқын су көзінде шомылғанда ұшырауы да мүмкін.
Слайд 14Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысымның ауытқуы артериялық қысымды, және қуысты органдар мен
буындардағы қан қысымын көтереді. Мұндайда бас ауырады, іш желденеді, буындарда
ауырсыну пайда болады, қан қысымы «ойнайды». Әсіресе оны бұрын түрлі жарақат алған адамдар нәзік сезінеді.
Слайд 15Ауаның жоғары ылғалдылығы
Гипертония, стенокардия, астма сияқты аурулардан зардап шегетіндерге ауаның
жоғары ылғалдылығы ауыр әсер етеді. Өйткені бұл кезде ауа құрамындағы
оттегі азаяды, ағза оттегіне «ашығады» да, адам әлсірейді, жұмысқа қабілеті жоғалады, ұйқысы келе береді, өзін үнемі шаршаңқы сезінеді.
Слайд 16Ауа ағысының қысымы,жел
– Қанның биохимиялық құрамына ауа ағысының қысымы, жел,
боран, дауыл да әсер етеді. Ғалымдар екі түрлі ауа ағысы
бірнеше күн бойы «текетіресіп» тұрғанда адамда қанның ұйығыштығы артатынына көз жеткізген. Суық ауа тамырдағы тромбтардың сіңіріліп кетуіне, ал жылы ауа бүйрекке, қанда минералды заттардың, инсулиннің, глюкозаның жинақталуына әсер етеді.
Слайд 17Ауа құрамындағы оттегі мөлшері
Ауа құрамындағы оттегі мөлшерінің қажетті деңгейден ауытқуы
да адам ағзасына жайсыз тиеді. Бұл әсіресе қалалықтарға қатысты. Өйткені
қалаларда ауа ылғалдылығы жоғары, шаң-тозаң, түрлі газдар көп.
Слайд 18Күн радиациясы
Адам ағзасына күн радиациясы да әсер етеді. Ұйқы мен
демалыс уақыттары, көңіл-күй, ағзаның қорғаныс қабілеті, гормондар түзуі сияқты нәрселер
де күн радиациясы әсерімен өзгеріске ұшырап жатады.
Жер шары халқының 50-ден 75 пайызға дейінгісі магнит өрісі мен ғарыштан жететін сәулелердің жағымсыз әсерін сезінеді.
Слайд 19Ауа райы көңіл-күйге әсер етеді
Кейбір адамдардың сергектігі ауа райна байланысты.Күн
жарқырып тұрса көңіл-күйлері жақсы.Егер нашар болса,онда мұңайып жүреді. Ауа райы
бұзылғанда өзіне-өзі қол көтерушілердің де саны артады. Күлкімен емдеуге тырысыңыз.
Слайд 20Ауа райының біздің оқушыларға әсері
1. Сіз неше жастасыз?
2. Сізге ауа
райы әсер етеді ме?
А) Ашық күндерде өзімді көңілді,белсенді сезінемін.
Б) Ауа
райына тәуелді емеспін.
В) Мен ол туралы ойланған жоқпын.
Г)Ауа райы бұзылғанда,менің көңіл-күйім көтеріледі.
3. Ауа райы сіздің жұмыс жасау қабілетіңізге әсер етеді ме?
А) Ашық күндері мен көп жұмыс жасаймын.
Б) Ондай тәуелділік жоқ.
В) \Мен ол туралы ойланбаймын..
Г) Ауа райы бұзылғанда, менің жұмыс жасау қабілетім артады.
4. Ауа райы сіздің денсаулығыңызға әсер етеді ме?
А) Ашық күндері мен ауырмаймын.
Б) Ондай тәуелділік жоқ.
В) Мен ол туралы ойланбаймын.
Г) Ауа райы бұзылғанда, мен ауырып бастаймын.
Слайд 21Сауалнаманың қорытындысы
Қорытынды: Сауалнамаға 13-15 жас аралығындағы 32 оқушы қатысты.Мынадай нәтиже
берді:қатысушылардың көпшілігі А жауабын таңдады.Сондықтан оқушылардың көпшілігі метеотәуелді.
Слайд 22Ауа райына сезімтал оқушыларға практикалық кеңес
1. Дене жаттығуларын және интелектуалдық
жүктемелерді шектеу.
2. Ұрыс-керістен аулақ болып,конфликтке түспеңіз.Түнгі ұйқының уақытын ұзартыңыз. Күндіз
де демалуға уақыт табыңыз.
Слайд 23Ауа райына сезімтал оқушыларға практикалық кеңес
3. Метеотәуелділік кезінде «Метеошай» жақсы
көмектеседі.
4. «Қолайсыз күндері» майлы, қуырылған,ащы тамақтарды,нан мен тәтті тамақтарды аз
жеу керек.Оның орнына сүтті тағамдарды.балық,көкөніс пен жемістерді көп жеу керек.
Слайд 24Қорытынды
Бүкіл адамзат пен ғаламзат жер шарында бір заңдылыққа бағынып ,
күннің активті жағдайына әркелкі әсер етеді.
Табиғат құбылыстары өзгерген кезде
адамның ахуалы да біршама өзгеріске ұшырайды.
Денсаулығыңызды күтіңіз және де табиғи орта құбылыстарын қадағалап отырыңыз.