Слайд 1 Батыс Қазақстан облысы
Тасқала
ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Тамақ өнеркәсібі
9 сынып
Абдрахманова К.С. география пәнінің мұғалімі
Слайд 2 Сабақтың мақсаты
Білімділік :Оқушыларға тамақ өнеркәсібінің құрылымы, сапасы, таралу
аймақтары жөнінде білім беру.
Дамытушылық: Ізденіс, шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге қалыптастыру.
Кесте, картамен жұмыс жүргізу дағдысын жетілдіріп дамыту.
Тәрбиелік: ысырапқа жол бермеу, үнемдеу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан экономикалық картасы, интерактивті тақта, тағам түрлері, таратпа материалдар
Сабақ типі: өз бетімен меңгеру, ізденіс сабағы
Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан оқыту стратегиясы ДЖИГСО
Слайд 3Үй тапсырмасын тексеру
1.Жеңіл өнеркәсіптің салаларын ата
2.Жеңіл өнеркәсіптің басты саласын ата
3.Мата
шығарумен өңдеу неше сатыдан тұрады және оны сипатта?
4.Мақта-мата өнеркәсібі қандай
орталықтарда орналасқан?
5.Жүн өнеркәсібінің өңдеу фабрикалары қайда орналасқан?
6.Мата тоқитын фабрикалар қайда орналасқан?
7.Тері өңдеу өнеркәсібінің негізгі орталықтарын ата
8.Киіз аяқ-киім фабрикасы қандай қалада жұмыс жасайды?
9.Тұтынушы көзіне жақын орналасатын жеңіл өнеркәсіптің салалары қандай?
10.Шикізат көзіне жақын орналасатын жеңіл өнеркәсіптің салалары қандай?
11.Шикізат пен тұтынушыға жақын орналасатын жеңіл өнеркәсіптің салалары қандай?
Слайд 4Жаңа сабақты меңгеру
Қызығушылықты ояту кезеңі. Тамақ өнеркәсібінің құрылымы, сапасы,
таралу аймақтары жөнінде бейнеролик көрсетіледі). Кластер стратегиясын қолдану арқылы
оқушылардың қызығушығын оята отырып тақырыпты ашу.
Мағынаны тану кезеңі. « ДЖИКСО» әдісімен әрбір топқа мәтіндер үлестіріледі, топ басшылары өз тобына түсіндіріп болғаннан кейін, келесі топқа түсіндіреді.
1 топ - Шикізат көздеріне жақын орналасатын тамақ өнеркәсібінің салалары
2 топ – Тұтынушыға жақын орналасатын тамақ өнеркәсібінің салалары
3 топ - Шикізат пен тұтынушы көздеріне жақын орналасатын тамақ өнеркәсібінің салалары
Сонында әрбір топ өз тақырыбын топта талқылап алып, топ оқушылары шығып қорғайды.
Слайд 5 Тамақ өнеркәсібі- АӨК 3-ші буынына жатады,
азық –
түлік өнімдерін шығарады.
Тамақ өнеркәсібі ауыл шаруашылығымен, көлікпен, машина жасаумен
, саудамен байланысты.
Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені .
Тамақ өнеркәсібінің орналасуына әсер ететін 2 фактор- шикізат пен тұтынушы.
Слайд 6 Тамақ өнеркәсібінің 1-ші тобына жататын салалары:
Май
айыру
Шарап жасау
Қант өнеркәсібі
Жарма
Балық өнеркәсібі
Консерві
Шикізат көздеріне
жақын орналасады
Слайд 7
1 топ тапсырмасы: Шикізат көздеріне жақын орналасатын тамақ
өнеркәсібінің салалары
Қант өнеркәсібі- маңызды тағам түрлерінің бірі, оны
өндіру үлесі 2012 ж. есеп бойынша 531419 т құраса, жан басына шаққандағы тұтыну көрсеткіші 38,1кг –ға жетті. 1 т құмшекер алу үшін 6-7 т қант қызылшасы керек .
Қант зауыттары қант қызылшасын егумен айналысатын Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан. Боралдай, Тараз, Шу , Мерке, Қарабұлақ қант зауыттары құмшекер мен шақпақ қант шығарады.
Май айыру өндірісі күнбағыс майы Өскемен комбинатында, мақта майы Шымкент қаласында өндіріледі.
Балық өнеркәсібі – балықты аулау мен өңдеуден тұрады. Балық өндейтін ірі кәсіпорындарға Атырау, Баутино, Балықшы, Зайсан, Балқаш балық зауыттары жатады.
Слайд 10
Нан пісіру
Макарон өнімдері
Кондитер өндірісі
Май шығару
тұтынушыға
жақын орналасады
Тамақ өнеркәсібінің 2-ші тобына жататын салалары
Слайд 112 топ тапсырмасы : Тұтынушыға жақын орналасатын тамақ өнеркәсібінің салалары
Нан пісіру – тамақ өнеркәсібінің екінші саласы. Жан басына шаққандағы
нан тағамдарын тұтынудың орташа көрсеткіші 120 кг құрайды. Ұн тарту мен жарма өнеркәсібі шикізат пен тұтынушы көздеріне жақын орналасады. Шағын нан пісіру комбинаты елді мекендердің барлығында ұйымдастырылған. Ұн – жарма нан ірі өндірісі “ Желаев” АҚ Орал қаласында жұмыс жасайды.
“ Тасқала - Дән” өндірісі аудан орталығында нан, нан өнімдерімен халықтың сұранысын қанағаттандыруда. Аудан орталығында
“ Нұрай”,” Светлана” ЖК орталықтары жұмыс жасауда.
Макарон зауыттары Алматы . Қарағанды , Петропавл, Семей қалаларында орналасқан.
Ірі кондитер өндірісі- Алматыда “ Рахат”, Қостанайда “ Баян сұлу”, Оралда “ Шаныбек”кондитер фабрикалары жұмыс жасайды.
Слайд 12
Тамақ өнеркәсібінің өнімдері
Рахат кондитер фабрикасы Алматы қаласында орналасқан
Слайд 13 Ет өнеркәсібі
Сүт өнеркәсібі
Ұн тарту
шикізат көзіне таяу
орналасады
тұтынушыға таяу
орналасады.
Слайд 15 3 топ тапсырмасы :Шикізат пен тұтынушы көздеріне жақын орналасатын
тамақ өнеркәсібінің салалары
Ет өнеркәсібі – тамақ өнеркәсібінің ірі саласы,
ол тамақ өнімдерінің ¼ құрайды. 2011жылғы көрсеткіш бойынша ет және ет тағамдарын тұтыну жан басына шаққанда 65,9 кг көрсетті. Алысқа тасымалдауға жарамды өнімдер ет консервілері ( бұқтырылған ет) шикізат көзіне таяу комбинаттарда шығарылады. Ет өнімдерін даярлау шұжық, жіңішке шұжық (сосиска), құс еті тұтынушыға жақын орналасады. Ет комбинаттары Семей, Петропавл, Орал, Алматы, Қызылорда қалаларында орналасқан.
Слайд 17 3 топ тапсырмасы: Шикізат пен тұтынушы көздеріне жақын орналасатын
тамақ өнеркәсібінің салалары
Сүт өнімдері өнеркәсібі- тамақ индустриясы салаларының ішінде
3-ші орында. 2011 жылы жан басына шаққандағы сүт және сүт өнімдері 227,6 кг құрады. Сүт, қаймақ,ірімшік, айран, ашытқы сүт зауыттары мен комбинаттарда шоғырланған. Ірі сүт зауыттары Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар , Шымкент, Ақтөбе қалаларында орналасқан. Орал қаласында “ Береке” АҚ сүт өнімдері өндірісі бар.
Слайд 19
Қапталған печенье
Бұл өнімдер
автоматты машина құралдарымен жасалады.
Слайд 20 Кондитер фабрикаларындағы
арнайы автомат машина
құралдары.
Слайд 24Конвейер – қораптарды целлофандармен орайды.
Слайд 27ТЕСТ
1.Тұтынушыға бағытталып орналасатын өнеркәсіп кәсіпорындары:
А)балық; Б)консерві;С)шай шығару;Д)ет;Е)сүт;
2.Шикізатқа бағытталып орналасатын
өнеркәсіп кәсіпорындары:
А)ет;Б)нан пісіру;С)балық;Д)ұн тарту;Е)макарон;
3.Қазақстандағы балық өнеркәсібінің басты кәсіпорны ”Атыраубалық” АҚ:
А)Ақтауда;Б)Ақтөбеде
С)Шашубайда;Д)Балықшыда;Е)Қарағандыда;
4.Қазақстандағы кондитер өнеркәсібінің орталығы;
А)Талдықорған;Б)Көкшетау;С)Алматы;Д)Астана;Е) Павлодар:
5.Қант өнеркәсібі қайда орналасқан?
А)Алматы,Жамбыл;Б)Алматы,Астана;С)Жамбыл,Қостанай;Д)Орал,Ақтөбе;Е)Тараз,Көкшетау:
6.Күнбағыс майы зауыттары қайда орналасқан?
А)Алматы;Б)Петропавл;С)Қарағанды;Д)Өскемен;Е)Ақтау.
Слайд 28Дұрыс жауаптары
1.С
2.С
3.Д
4.С
5.А
6.Д
БАҒАЛАУ:
6балл-”5”
5балл-”4”
3балл-”3”
2балл-”2”
Слайд 29 Практикалық жұмыс : «Тамақ өнеркәсібі»
Тақырыбы: Қазақстанның тамақ өнеркәсібі
орталықтарының орналасуына сараптама жаса. Оқулық мәтіндегі 125, 126 суреттерді және
атластағы картаны пайдаланып тамақ өнеркәсібінің негізгі салалары бойынша кестені толтыр.
Слайд 30 Үйге тапсырма
§ 35
Тамақ өнеркәсібі . Тамақ
өнеркәсібінің мамандықтары туралы мәлімет дайындап келу Бекіту, Рефлексия арқылы сабаққа
қорытынды жасау.Стикермен ұсыныс ілу.
Бағалау
Әр топтың топ басшысы критериялар бойынша өз тобының мүшелерін бағалайды,
Слайд 31 Рефлексия. Бекіту, рефлексия арқылы сабаққа қорытынды жасау. Стикермен ұсыныс
ілу.