Слайд 1Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігі
білім бөлімінің» КММ әдістемелік кабинеті
Аудандық география пәні мұғалімдеріне арналған оқу-консультациялық
пунк материалдары
Тақырыбы: Атмосфера және оның құрамы
Өткізген: №26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектептің
география пәні мұғалімі Кожанова У.А.
Қордай ауылы
2014-2015 оқу жылы
Слайд 2
Тақырыбы:
Атмосфера және оның құрамы
Слайд 3Мақсаты:
Білімділік: Атмосфера қабаты туралы оқушыларға түсінік бере отырып, оның жер
қабықтары ішіндегі ерекшелігі туралы ұғым қалыптастыру. Атмосфера қабаттарының ерекшеліктерін, оның
маңыздылығын айта отырып, оны зерттеу мәселелеріне тоқталу
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Атмосфераны зерттеу тәсілдерімен таныстыра отырып, оны қорғау мәселелерін қарастыру
Слайд 4Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, жұмбақ, әңгіме
– дәріс,
проблемалық сұрақтар, топтық жұмыс, мәтінмен жұмыс, тест.
Сабақтың көрнекілігі:
Қосымша деректер, оқулық, дүниежүзі картасы, слайд, арнайы плакаттар, т. б.
Слайд 5Ол бар жерде бар ма,жоқ па білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір
сүріп жүрмейсің
(Ауа)
Слайд 6
Атмосфера-Жердің ауа
қабығы.Атмосфераның
жоғарғы шекарасы ретінде
соңғы деректер бойынша
1000 км биіктік алынды.
Ауаның қасиеттері:
Көзге
көрінбейді
Түссіз
Дәмсіз
Иіссіз
Сығылады
Жылуды сақтайды
Отты жағады
Слайд 7Атмосфераның құрамы
100 км-ге дейінгі биіктік аралығында ауаның құрамы: Азот-78%
Оттек-21%
Инертті газдар-1%
Көмір
қышқыл газы-0,03%
Слайд 8Атмосфераның құрылысы
1.Тропосфера
2.Стратосфера
3.Мезосфера
4.Экзосфера
Биіктеген сайын ауаның физикалық қасиеттері (температурасы, тығыздығы, қысымы және
т.б.) өзгереді
Слайд 9
Атмосфералық қысымды қалай өлшеу керектігін ең алағаш итальян ғалымы Э. Торричелли
ойлап тапты. Оның ұсынған тәжірибесін 1643 ж. Г. Галилейдің шәкірті В. Вивиани жүзеге
асырды. Бұл тәжірибеде бір ұшы бекітілген ұзындығы 1м-ге жуық шыны түтік қолданылды. Оны сынаппен толтырып саусақпен жауып, (сынап төгілмеу үшін) төңкеріп сынабы бар ыдысқа саламыз. Түтіктен саусақты алсақ, біраз сынап бөлігі ағып, жоғары жағында ауасыз кеңістік — “торичелли бостығы” пайда болады. Мұндағы сынап бағанының биіктігі (ыдыстағы сынап деңгейі) 760 мм еді. Егер бұл қысымдар тең болмаса, сынап тепе-теңдікте болмас еді. pсынап>pатм болғанда сынап түтікшеден табаққа төгілер еді, ал pатм>pсынап болғанда түтікше бойымен жоғары көтеріледі.Сондықтан ауа қысымын сынап бағанының сәйкес биіктігімен (әдетте мм арқылы берілген) өлшеуге болады. Мысалы, егер қандай да бір Жерде атмосфералық қысымы 760 мм сын. бағ тең десе, онда бұл жердің ауа қысымы биіктігі 760 мм вертикаль сынап бағаны түсіретін қысымына сәйкес келеді. Сынап бағанының биіктігі үлкен болса атмосфералық қысым үлкен, ал биіктігі аз болса қысым да аз болады.
Мәтінмен жұмыс
1 топ
Слайд 10
Егер, Торричелли тәжірибесіндегі сынабы бар түтікшеге вертикаль шкала бекітсек атмосфералық
қысымды өлшеу құралы — сынап барометрі (грек сөзі “барос” —
ауырлық) пайда болады. 1648 ж. Паскальдың тапсырмасымен, Ф. Перье Пюи-де-Дом тауының етегі мен төбесіндегі барометрдің сынап бағанының биіктігін өлшеп, Паскальдің атмосфералық қысым биіктікке байланысты деген болжамын дәлелдеді: тау төбесіндегі сынап бағаны84,4 мм аз болып шықты. Жер бетінен биіктеген сайын атмосфералық қысымның азаятынына ешқандай күмән қалмас үшін Паскаль тағы да бірнеше тәжірибелерін, бұл жолы Парижде, Нотр-Дам соборының етегі мен төбесінде, Сен-Жак мұнарасында, сондай-ақ 90 баспалдақты биік үйде жасады. Өзінің нәтижелерін ол “сұйықтардың тепе-теңдігінің ұлы тәжірибесі туралы” еңбегінде жариялады.
Мәтінмен жұмыс
2 топ
Слайд 11
Барометр-анероид
ХІХ ғасырдың ортасына дейін атмосфералық қысымды өлшеу үшін Э. Торричелли ойлап
тапқан сұйық барометрлер (негізінен сынапты) қолданылды. 1844 ж. Л. Види жаңа сұйықсыз
барометр жасап шығарды, ол барометр-анероид деп аталды (“анерос” — грек сөзі — сұйықсыз). Сынапты барометрлермен салыстырғанда барометр-анероидтар аса берік, сенімді емес, өйткені ондағы серіппе мен мембранасы уақыт өтуімен өзінің серпімділігін өзгертеді. Дегенмен, ол әрі портативті және сұйығы жоқ, қолдануға ыңғайлы болғандықтан іс жүзінде жиі пайдаланады. Барометрлер метерологиялық зерттеулерде ең қажетті құралдар болып саналады, өйткені атмосфралық қысымды білу, жақын күндердегі ауа райын болжауға қажет.
Слайд 12Сергіту сәті
Саусақпен мұрын қысайық,
Әншіге біраз ұқсайық.
Әрбір сөздің дыбысы,
Қандай екен
ұғайық.
- Сергіту сәтінде дыбыс неге дұрыс шықпады?
- Ауа аузымыз арқылы
ғана шыққандықтан дыбысымыз өзгерді.
Слайд 13 Атмосфераның ең төменгі және тығыз қабаты, мұнда ауаның
4/5 бөлігі шоғырланған. Тропосфераның жоғарғы шекарасы географиялық ендіктер мен жыл
мезгілдері бойынша әр түрлі биіктікте орналасуы мүмкін.Орташа есеппен тропосфера полюстер үстінде полюстер үстінде 9 км-ге қоңыржай ендіктерде 10-12 км-ге ал экватор үстінде 15-17 км-ге дейін созылады.Бұл қабатта атмосфера құрамындағы су буының барлығы шоғырланған, мұнда бұлттар мен тұмандар пайда болып, ауа райы қалыптасады.
Тропосфера
Слайд 14Стратосфера
Шамамен 25км биіктіктен соң ауа температурасы күрт жоғарылай
бастап, 50 км биіктікте максимум шамасына жетеді. Шамамен 15-70 км
биіктікте оттектің біраз бөлігі ультракүлгін сәулелер әсерінен атомдарға ыдырайды. Озон негізі-нен 25-30 км биітікте шоғырланған, бұл қабатты озон қабаты деп те атайды. Стратосфераның үстінде мезосфера жатыр.
Слайд 15 Бұл қабат 80-85 км биіктікке дейінгі аралықты алып жатыр. Мұнда
ауаның тығыздығы жер бетімен салыстырғанда 200 есе төмен болады, ал
температура қайтадан биіктеген сайын төмендейді. Мезосфераның жоғарғы шекарасында ауа температурасы 90°С шамасында болады, мұнда мұз кристалдарынан тұратын айрықша күміс бұллтар байқалады.
Мезосфера
Слайд 16 Атмосфераның ең жоғарғы қабатында өте жоғары температура (1000-1500°С) байқалады, сондықтан
бұл қабатты темросфера деп атайды. Термосфера өз кезегінде зарядталған бөлшектерден
(иондар) тұратын ионосфера мен “сыртқы атмосфера” деп аталатын экзосфераға жіктеледі. Қазіргі заманғы ғарыштық зерттеулер экзосферадан шашыраған сутек Жердің айналасында шамамен 20 000км биіктікке дейін созылатын жер тәжі деп аталатын түзілісті құрайтыны анықталып отыр.
Термосфера
Слайд 17
Атмосфералық қысымды қалай өлшеу керектігін ең алағаш итальян ғалымы Э. Торричелли
ойлап тапты. Оның ұсынған тәжірибесін 1643 ж. Г. Галилейдің шәкірті В. Вивиани жүзеге
асырды.
Слайд 20
Шамамен 200-1000 км биіктікте ауа
құрамында оттек басым, ол
ультракүлгін сәулелер әсерінен
атомдарға
ыдыраған күйінде болады.
1000 км –ден биіктікте сиреген
атмосфера негізінен гелий мен
сутектен
тұрады, сутек зарядталған
атомдар күйінде таралған.
Слайд 21
Жасыл өсімдіктер
көмірқышқыл газын
пайдаланып,
органикалық заттар
түзеді.
Слайд 23
2 топ
1.Анероид қандай мағынаны білдіреді?(Сұйықсыз)
2.Барос қандай мағынаны білдіреді?(ауырлық)
3.Жердің бетін ауа
қабатын не қоршап тұр?(атмосфера)
4.Торричелли тәжірибесінде шынының ішінде не құяды?(сынап)
5.Атмосфералық қысымды
өлшеуге арналған құрылғы?(барометр)
Слайд 24 36 Сағат ішінде Күннің Жерге беретін жылуының мөлшері дүниежүзіндегі барлық
электр станцияларының жыл бойы өндіретін энергиясына парапар болады. Күн радиациясының
тура, шашыранды түрлері болатынын және олардың жиынтық радиацияны құрайды. Атмосферада Күннен келетін радиацияның 15-20% жұтылады.
Атмосфераның жылынуы
Слайд 25 Жер бетінің Күн сәулесін кері шағылдыруы альбедо деп аталады. Жаңа
жауған қар Күн радиациясының 90% жуығын шағылдырса, құм 35-40% өсімдік
жамылғысы 10-25%, ал ылғал топырақ 5% ғана кері қайтарады.
Атмосфера құрамында жалпы көлемі 13 000 км³ болатын су буы бар, оның атмосферадағы үлесі ұдайы өзгеріп отырады. Ауа ылғалдылығы экватор маңында ең жоғары көрсеткішке жетеді, мұнда салыстырмалы ылғалдылық жыл бойы 85% шамасында болады.
Слайд 26 Муссонды аудандарға ылғалдылық жазда жоғары, қыста төмен. Қыс кезінде құрлықтың
жоғары ендіктерде орналасқан аудандарында ауа өте ылғалды болады. Ауаның ылғалды
Сахара, Арабия және Мексикадағы шөлдерде Оңтүстік Америка, Аустралиядағы, Оңтүстік Африкадағы шөлді аудандарда Монғолияда өте төмен (50% дан кем).
Слайд 28Қорытынды тест.
1.Өте биікте, жауын-шашын жаумайтын бұлт:
A) Будақ
B) Қабат
C) Шарбы
2.Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы
А) Ауа температурасы.
В) Атмосфералық жауын-шашын.
С) Атмосфералық қысым.
3. Атмосфераның төменгі қабаты
А) Тропосфера.
В) Стратосфера.
С) Мезосфера.
4. Тәулік ішіндегі ез жоғарғы және ез төменгі температура арасындағы айырмашылық
А) Тәуліктік орташа температура.
В) Температураның тәуліктік амплитудасы.
С) Ауа-райыныз өзгерісі.
5. Ауаның құрамындағыең көп кездесетін газ.:
A) оттегі
B) азот
C) көмір қышқыл газ.
6.Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге айналуы:
A) Ылғадылық
B) Конденсация
C) Амплитуда
Слайд 29
Проблемалық сұрақ
1.Орманға демалуға барғанда жаққан отынды өшірмесе табиғи
ортаға қандай зиян келтіреді?
2.Өнеркәсіп орындарының табиғатқа әкелетін залалы қандай?
3.Ерте кездегі
адамдар табиғаттты қалай пайдаланды?
4.Не себепті қала мен орманда ауаның құрамы біркелкі емес?
5.Ауа қандай жағдайлардан ластанады?
Слайд 31
Үйге тапсырма:
Атмосфера және оның қасиеттері. Тест құрастыру.