кесте сызып, ғаламторға белгілі бір уақытта кіріп, қай уақытташығуды жазып
қой. Бір апта бойы осы кесте ғана арқылы кір. Егер сен ғаламторда көп уақыт отыруға үйреніп қалсан, алғашқы күндері қиналасын бірақ уақыт өте үйреніп кетесін.2. Білім деңгейіңізді көтеріңіз. Үйіңізде бұрыннан оқығыңыз келіп жүрген кітаптар бар шығар. Соларды оқуға кірісіңіз. Википедияның орнына энциклопедия оқыңыз. Осылайша интернеттен алшақтап қана қоймай, өз біліміңізді де жетілдіресіз.
3. Керегіңді жазып ал. Егер ғаламторда саған керек мәліметтер, жаңалықтар, кестелер, күнтізбелер және ойындар болса оларды қағазға жазып ал. Есесіне сен ғаламторға көп отырмайсың, әрі уақытында басқа керек сайттарға кіруге пайдаланасың.
4. Әуесқой бол. Белгілі бір курстарға жазыл. Өзіне ұнайтын спортпен, ән айтумен, би мен айналыс. Достарынмен киноға немесе концерттерге бар, қызықты кітаптар оқы. Интернет қолжетімді жерлерге барудан бас тартыңыз, мысалы, интернет-кафеге.
5. Отбасы көмегі. Үйдегілердің көмегіне жүгін. Олардан ғаламторда артық уақыт отырғаныңды көрсе, орнынан тұрғызып жіберуін өтін. Мысалы: ғаламторда, компьютерді, тоқты өшіру сияқты.
6. Компьютерде отыру уақытын шектеңіз. Күніне осынша сағаттан осыншаға дейін отырамын деп арнайы уақыт тағайындаңыз. Аптасына қанша рет шығу керектігіне де кесте жасаңыз. Егер жұмысыңызды аяқтасаңыз, тез шығып кетуге тырысыңыз.
7. Достарыңызбен интернет арқылы сөйлескенше, кездесіп әңгімелесуге тырысыңыз. Әлеуметтік желілерге көп уақыт бөлмеуге тырысыңыз.
8. Таймер қолданыңыз. Компьютерге отырарда таймерді 30 минутқа қойып қойыңыз. Сигнал компьютер алдында қанша уақыт отырғаныңыз жайлы хабар беріп отырады.
9. Компьютер алдында тамақ жемеңіз. Ас үйге барып, тамақ ішу онлайн режимнен біраз уақытқа болса да босатады.
10. Шынай өмірде бол. Ғаламтордың ішіндегі барлық нәрсе шын өмірде бар екенің ұмытпа. Аң – құстарды көргін келсе зоопаркке бар. Футбол көргін келсе стадионға барып көр. Әншілерді көргін келсе олардың концертіне бар. Өз өмірінді шынайы етіп өткіз.