да көп компьютерлер физикалық біріктірілгенде компьютерлік желі пайда болады. Жалпы
жағдайда компьютерлік желілер құру үшін арнайы (желілік) аппараттық жабдықтар және арнайы (желілік) программалық жабдықтар қажет.Компьютерлік желілер құрғанда шешілетін негізгі мәселе – аппараттық жабдықтардың электрлік және механикалық көрсеткіштер бойынша және және ақпараттық жабдықтардың программалар мен деректердің кодтау жүйесі мен деректер пішімі бойынша үйлесуін қамтамасыз ету. Бұл мәселені шешу стандарттау саласына жатады және OSI (Model of Open System Interconnections – ашық жүйелердің өзара байланыс жүйесі моделі) деп аталатын моделге негізделген.
OSI моделіне сәйкес компьютерлік желі құрылымын (архитектурасын) әртүрлі деңгейде (деңгейлердің жалпы саны – жетіге дейін) қарастыруымыз керек. Ең жоғарғы деңгей – қолданбалы, ең төменгі деңгей – физикалық.