Слайд 1Модельдерді сипаттау әдісі, модельдеу қасиеті.
Модель түрлері
Слайд 3Модель – ол:
Нысанның қарапайым көшірмесі;
Заттың кішірейтілген түрі (макет)
Табиғатта, қоғамда болып жатқан құбылыстарды, үдерістерді сызба, сурет немесе сипаттау
түрінде көрсету;
Жұмыс істеу өлшемдері нақты нысанның жұмыс атқару өлшемдеріне ұқсас физикалық немесе ақпараттық аналог болып табылады.
Слайд 4Модель – нысанның (объект) , құбылыстың, үдерістің кейбір ерекшеліктерін сипаттайтынкөрсетілім.
Слайд 5Модельдеу – модельді құру және зерттеу үдерісі.
Слайд 6Модель мақсаты
Әртүрлі мақсатпен құрылған бірнеше модельдер мысалын қарастырайық:
Ұшақты басқаруды үйрететін
жаттығу құрылысы;
Киім үлгілерін көрсететін манекен;
Бәйтеректін сызбасы;
Менделеев кестесі
Осы көрсетілген модельдер қандай мақсатпен құрылғанын, кімге қажеті бар екенін анықтаңдар.
Слайд 7Мысалдардан байқағанымыз, адамдар құрған нысандардың модельдері әртүрлі есептерді шешуге мүмкіндік
береді.
Белгілі қасиеттері бар нысандарды құру;
Белгілі фактілерді түсіндіру;
Гипотезаларды құру;
Зерттеу нысандары жайлы
жаңа мағлұмат алу;
Болжаулар, басқару және т.б.
Слайд 8
Манекен
Қуыршақ
Скульптура
Өндірістік жұмыстар
Фотосурет
Видеофильм
Анкета
Медициналық карточка
Адамға қатысты әртүрлі модельдеу
Слайд 9Модельдің негізгі қасиеттері:
Бейімділік
Дәлдік
Құндылық
Слайд 10Модельдеудің негізгі қасиеті - дәлдік
Слайд 11Модель түрлері
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктеуге болады:
1. Қолданылу аймағы
бойынша
2. Уақыт факторы бойынша
3. Білім саласына қарай
4. Модельді көрсету
тәсіліне қарай
Слайд 12Қолданылу аймағына қарай модельдеу келесі түрде жіктеледі
1. Оқу
2. Тәжірибелік
3. Ғылыми
– техникалық
4. Ойын
5. Имитациялық
Слайд 16Ойын модельдері:
Іскерлік
Экономикалық
Әскери
Спорттық
Слайд 172. Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі
топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель нақты бір уақыт аралығында болып жатқан
өзгерістерді елеп ескермейтін нысанды. Мысалы тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі оқушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді:бастауыш сыныптағылардың сүт тісі, орта және жоғарғы буындағы оқушылардың емделген, емделуге тиісті тістерінің саны т.б.
Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерін өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар.
Слайд 183. Білім саласына қарай жіктелуі
Бұған келесі модельдер жатқызуға болады: физикалық,
химиялық, географиялық, тарихи, математикалық т.б.
Слайд 194. Модель көрсету тәсіліне қарай жіктелуі
материалдық
ақпараттық
Слайд 20Ақпараттық модель дегеніміз – объектіні, процестің,
құбылыстың қасиеттері мен күйін
сипаттайтын ақпарат
жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып
табылады.
Ақпараттық
модель таңбалық және вербальдық ақпараттық
деп бөлінеді.
Вербальдық модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде
жасалған ақпараттық модель.
Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген
жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық
модельді айтады.