Слайд 1ТЕРЕЗЕЛЕР. ФАЙЛДАР,БУМАЛАР ЖӘНЕ ЖАРЛЫҚТАР
Слайд 2Терезе бұл экранның қоршаулармен шектелген тікбұрышты аймағы
Терезені Alt+F4 пернесінің көмегімен
жабуға болады.
Слайд 3Терезенің түрлері:
1 . Бумалар терезесі
2 . Қосымшалар терезесі
3. Сұхбаттық
терезелер
4. Анықтама терезелері
Слайд 8Файл – байттардың әлдебір атауы бар тізбегі.
Windows операциялық жүйесінде файл атының
ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін. Файлдың аты екі бөлімнен:
сол жақ (аты) және оң жақ (кеңейтілуі) бөлімдерінен тұрады. Файлдың кеңейтілуі оның тұрпатын (мазмұнын) меңзейді.
Файлдың атын жазу үшін мына символдарды қолдануға болмайды: \ /: * > < |.
Слайд 9Бума – объектілер қоймасы.
Бумалардың түрлері:
Жүйелік бумалар. Windows операциялық жүйесін өзі құрып тұтынушыға
жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезеге алмастыруға болмайды.
Олар суреті бар белгішелермен жабдықталады.
Жұмысшы бумалар. Тұтынушылардың өздері құрады. Оларға Windows - де рұқсат етілген амалдардың барлығын қолдануға болады. Олар арнайы белгімен жабдықталады. Мұндай бумаларды олардың белгішелерін тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту арқылы ашады.
Слайд 10Жарлық – нысанға қол жетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші.
Жарлық программаны тез
іске қосуға немесе файл мен буманы ашуға арналған.
Жарлықты басқа файлдардан
немесе бумалардан ажырату оңай. Себебі жарлықтың төменгі сол жақ бұрышында сілтеменің суреті салынған.
Қарапайым файлда немесе бумада мұндай сілтеменің суреті жоқ.
Егер негізгі орындалатын файлды жойсақ, онда программа жұмыс істеуін тоқтатады.
Жарлық жойылса программаға ештеңе болмайды. Сендерге тек жаңа жарлық құру немесе программаны орындалатын файл арқылы ашу керек болады. Жарлықты кез келген нысан үшін құруға болады.
Слайд 14Мақал – сөздің мәйегі
1.Вирусты антивирус өлтірер,
Антивирусты уақыт өлтірер.
(Ерді намыс өлтірер,
Қоянды
қамыс өлтірер.)
Слайд 152.Антивирус компьютер үшін туады, Компьютер үшін өледі.
(Ер жігіт ел үшін
туады, Ел үшін өледі.)
Слайд 163.Байт биттен құралады.
(Теңге тиыннан құралады)