Слайд 1Тармақталған алгоритм
Өз өміріңде мынадай жағдайлар бірнеше рет болған шығар, мәселен,
сабақ оқу керек, алайда сен компьютердегі ойынды аяқтағың келеді. Немесе
далада жаңбыр жауып тұр, сен серуенге шығасың ба, әлде шықпайсың ба? Келтірілген мысалдар біздің ойымыздың тұжырымын көрсетеді: кейбір оқиғалар болды ма, жоқ па?
Мысал келтірейік: Егер жаңбыр басылса, онда қолшатырды жабуға болады. Бұл мысалдағы шарт «жаңбыр басылды» болып табылады. Егер шарт «ақиқат» болса, біз қолшатырды жабамыз. Әйтпесе, егер шарт «жалған» болса, онда қолшатыр ашық күйінде қалады.
Сөз арасындағы ақиқат немесе жалған мәндерін қабылдайтын «егер» және «онда» сөздері шарт деп аталады. Алгоритмдегі шарттарды жазу үшін >, <, = сияқты салыстыру таңбалары қолданылады
Слайд 2Тармақталған алгоритм – бұл шартқа
байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын
орындайтын алгоритм.
Мысалы: Егер < жауын басылса > онда
Қолшатырды жабамыз
Тармақталу соңы
Слайд 3Мысалы:
Егер жауын басылса онда
Қолшатырды жабу
Басқаша
Қолшатырды жаппау
Тармақталу соңы
Слайд 4Атқарушы «Бота» тармақталған алгоритмді орындауы
«Алгоритм» пунктін «Тармақталуға» ауыстыру
Батырмалар автоматты түрде
белсенді күйге өту
Бота тұрған алаңға тікенек пен алма қосылады.
Барлығы 5
үлгі алма мен текенек саны алдын ала қарастырылған 3 цифры, тікенек пен алманы тор көздің ортасына өз қалауыңша орналастыруға болады.
Шартты өзгертуге болады.(егер –алмаға немесе тікенекке; онда жеуге немесе өтіп кетуге; басқаша жоғарыға бұрылуға, солға,төменге,оңға, алма жүру)
Жоғары, төмен, оңға, солға, жіберу, қадам командалар батырмалары қолданылады.
Слайд 5Алма мен тікенекті бір сызықтың бойына қойып көрейік.
Шарты: ЕГЕР алма
ОНДА жеу БАСҚАША алмаға жүру және қадам батырмасын бас, Бота
алманы жейді, түзу сызықты сыза отырып, тікенектің жанынан өтіп кетеді.
Слайд 6Басы
Алма, Тікенек
Алма мен тікенекті бір сызыққа орналастыру
Алма кездесті ме?
Алға жүру
Жеу
Соңы
Тармақталған
алгоритм
Слайд 7Шарт дегеніміз не?
Тармақталған алгоритм дегеніміз не?
Тармақталған алгоритмнің қандай
формалары болады?
Тармақталған алгоритмге мысал келтіріңіз.
Слайд 8Атқарушы «Бота» алманы жейтін
алгоритм құру керек.
Блок – схемасын сыз.
Алма
алгоритмі.
Слайд 9Атқарушы «Бота» тікенекті кездестіргенде солға бұрылып кететін алгоритм құр.
Блок схемасын
сыз.
Тікенек алгоритмі