Слайд 1
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
(аудандық семинар )
Пән мұғалімі: Г.Утепқалиева
М.Әуезов атындағы орта
мектептің тарих және қоғамдық білім негіздері пәнінің мұғалімі
Слайд 2Мақсат:
Білімділік: Оқушылардың 1916 жылғы ұлт –азаттық қозғалыс туралы білімдерін қосымша
ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп бейнелеу және тарихи мәліметтерді пайдалана отырып
қорытындылау.
Дамытушылық: Оқушылар өздігімен жұмыс жасай отырып, осы қозғалыстың ұлт-азаттық соғысқа ұласқанын және тарихи оқиғаны өз көзқарасы бойынша дәлелдеуге , талқылауға үйрету, бейнелі жадыны дамыту.
Тәрбиелілік: Қазақ халқының тарихын оқып білуге, ұлт-азаттық қозғалыс басшылары арқылы оқушылардың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Отанды сүюге , қорғауға, елжандылыққа , батырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: 1916 жылғы қозғалыс бейнеленген карта, интерактивті тақтадағы суреттер, трек- схемалар, кестелер, суреттер, документ, мәтінмен жұмыс.
Слайд 3 «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»
А.Байтұрсынов
Слайд 4 Ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі мақсаты- ұлтты отарлық езгіден азат
ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін , тәуелсіздігін қалпына келтіру.
Ұлт-азаттық қозғалыс тек ұлтты азат етумен шектелмеуі мүмкін , шаруалардың жер үшін , халықтың демократиялық дамуы үшін болған қозғалысын да осыған қосуға болады.
Слайд 5
Астрахан губерниясының, Сібір мен Орта Азияның “Бұратана” халқын
соғысып жатқан армия ауданында қорғаныс құрылыстарын салу жөніндегі жұмыстарға алу
туралы патша жарлығы
...Соғысып жатқан армия ауданында қорғаныс құрылыстары мен әскери қатынас жолдарын салу жөніндегі жұмыстарға, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс үшін қажетті өзге де кез келген жұмыстарға осы соғыс бойында империяның 19 жастан 43 жасты қоса алғанға дейінгі төменде алатын бұратана еркек халқы тартылсын...
Слайд 6
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басталуына себепші болған факторлар
ұлттық- әлеуметтік езгі
1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы
Слайд 7. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс картасы.
Слайд 8
1916 жылғы ұлт-азаттық
себептері.
Отаршылдыққа қарсы
Патша
Жарлығы
Алым -салықтың өсуі
Жерінен айырылуы
Слайд 9«Реквизициялау- жұмылдыру (мобилизациялау) немесе әскерге шақыру емес керісінше өткізу, алу.
Майдандағы
тыл жұмыстары- қорғаныс құрылыстарын, әскери қатынас жолдарын, майдан аймағында жолдар
мен басқа да құрлыстар салу.
Слайд 10Ұлтының қамын жеген, теңдік, еркіндік азаттық үшін күрескен қазақ зиялылары
Қазақ
зиялыларының көзқарасының ерекшелігі мен
ортақ белгілерін анықтау
Слайд 11Көтеріліс басшылары
Ә.Жанбосынов
(1870-1919)
А.Иманов
(1873-1919)
М. Иманова
А.Имановтың
қызы
Рамазан
А.Имановтың
ұлы
Шәріп
А.Имановтың
ұлы
Слайд 12Торғайдағы көтеріліс пен Жетісудағы көтеріліс
Слайд 13
Қозғалыстың жеңілу себептері.
Бытыранқылығы, ұйымшылдықтың жетіспеуі
Қарапайым қару-жарақтармен сол кездегі техниканың жетістіктерін
пайдаланған тұрақты армиямен соғысуы.
Кейбір бай-феодалдардың сатқындық жасауы
Патша үкіметінің қолға түскен көтеріліс басшыларын тез, шұғыл жазалап отыруы.
Слайд 14
Ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан , көтерілісшілерге көмектескен өзге ұлт өкілдері.
Слайд 15
Қозғалыстың тарихи маңызы
Халық бұқарасының ұлттық санасы оянды.
Отаршылдыққа қарсы күрес тәжірибесін
молайтты
Саяси аренаға қазақ зиялыларының демократиялық бағыттағы
күрескер тобының өсіп шығуына
тікелей ықпал етті.
Слайд 16Семантикалық карта.
(Дұрыс жауапқа + белгісін қояды)
Слайд 17 1. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде және жазалау нәтижесінде
Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны кеміді:
а)екі жүз мыңға жуық;
б)жарты миллионға жуық, с)сегіз жүз мыңдай; д)бір миллион
е)екі миллионға жуық
2.Торғайдағы көтерілісшілер саны;
А) 15 мың Б)20 мың, с)30 мың; д)40 мың е)50 мың
3. 1916 жылғыТорғайда болған көтеріліс ерекшеленді.
а)Амангелдіні көтеріліс сардарбегі етіп тағайындаумен;
б)Бір орталыққа бағындырылған тәртіпке келтірілген жүйесімен ,
с)Кейкі батыр жігіттерінің құйындай жасаған шабуылдарымен;
д)Ұлттық зиялылыр қатарында бірліктің болмауымен,
е)Көтерілістің бытыранқылығы, бірліктің болмауы.
4. 1916 жылы 23 тамызда үстем тап өкілдерін қара жұмысқа алудан босату туаралы жарлық шығарған генерал- губернатор :
а)М.А. Фолбаум; б)А.Ф.Керенский с)Г.А.Колпаковсий; д)Е.Е.Курев е)А.Курапаткин.
5. 1916 жылы тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер жазалаушы отрядын талқандап, басып алған жәрменке:
а)Тайншакөл; б)Қоянды, с)Ірбіт; д)Бөкей ордасы; е)Қарқара
6. 1916 жылғы 10 мыңнан астам қазақ-қырғыз көтерілісшілері басып алған елді мекен:
а)Тоқмақ; б)Мерке, с)Әулиеата; д)Қарқара е)Ұзынағаш:
7.1916 жылғы үндеу хатында «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар» -деп жазды;
а) Байтұрсынов, Бөкейханов, Дулатов; б) Байтұрсынов, Бөкейханов, Рысқұлов;
с) Байтұрсынов, Бөкейханов,Бокин; д) Байтұрсынов, Бөкейханов,Жангелдин;
е) Байтұрсынов, Бөкейханов,Сейфуллин ;
Слайд 188.1916 жылғы көтерілісшілерге Ж.Мәмбетов пен Ұ.Саурықов басшылық жасаған жер;
а) Торғай
облысы; б)Жаркент уезі;с ) Құрақты болысы; д)Қарқара аймағы; е)Лепсі уезі
9. 1916 жылғы оқиғалар қарсаңында Қазақстанда енгізілген салық түрі;
а)көлік салығы; б)болыстық алым;с)табыс салығы; д)жер салығы; е)соғыс салығы;
10. 1916 жылы көтерілісшілердің Қарқара ошағын ұйымдастырушылардың бірі;
а) Е.Е.Курев; )А.Иманов;с)Ә.Жанбосынов; д)А.Қосанов; е)С.Меңдешов;
11. 1916 жылы Торғайда көтерілісшілерді соғыс ісі шеберлігіне үйретіп, өзі жазалаушыларға қарсы шайқаста қаза тапқан орыс ұлтының өкілі;
а)Е. Е.Курев; б)Н.Кротов;с)А.Ужгин; д)Е.М.Скобелов; е)А.Чуков;
12.Торғайдағы көтеріліс сардарбегі А.Имановтың серігі,мерген :
а) А.Ұзақ; б)Жәмеңке;с)Кейкі; д)Бекболат; е)Монай
13.Торғайда 15 мың көтерілісшілермен қоршаған сардарбек.
а)Б.Әшекеев ; б)Ж.Мәмбетов;с)Ұ.Саурықов; д)А.Иманов; е)Ә.Жанбосынов
14.Өзінің ұрыс жүргізу тактикасымен ерекшеленген ұлт-азаттық қозғалыстың қолбасшысы:
а)К.Қасымұлы; б)И.Тайманұлы;с)С.Датұлы; д)А.Әбілғазыұлы ; е)А.Иманов
15.1916 жылы әскери іс мәселелерімен айналысқан әскери кеңес құрылған жер.
а) Жетісу; б) Торғай ;с)Орал; д)Сырдария;е) Орынбор.
16.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезіндегі Жетісу генерал-губернаторы.
а) А.Ф.Керенский; б) М.А.Фольбаум;с) А.Курапаткин; д)Г.А.Колпаковский;е)С.Ужгин.
17.1916 жылы қара жұмыстан босатылмағандар:
а) Имамдар, молдалар; б)шаруалар;с)есепшілер,бухгалтерлер; д)төменгі полиция шенділері;е) Үкімет жұмысындағы лауазымды адамдар.
18.Ырғыз, Торғай уездерінде дала ақсүйектерінің хан сайлаған өкілдерінің саны.
а)6; б)7;с)8; д)9;е) 10:
19.1916 жылы көтеріліске шыққан ұйғырлармен, қырғыздармен және дүнгендермен күш біріктіріп қимыл жасаған:
а) албандар; б)үйсіндер;с)дулаттар; д)қаңлылар;е) жалайырлар.