Слайд 1 Казахбаева Зоя Бердимуратовна
Слайд 2 Қазақ болып соғып тұрса жүрегің,
Барша жұртқа «Алаш»
атты ұраны.
Бабалардың қасиетін бойыңа,
Ұлт тағлымы ұғындырып тұрады.
Үй тапсырмасын сұрау:
Слайд 3 «Көш» ойыны:
1. Ертегілер мен батырлар жырының тәрбиелік
мәні қандай?
2. Қазақ халқы төрт түлік мал өсірген
және малдың піріне сиынған соларды ата?
3. Діни наным сенімдерге байланысты қандай өлең-жырлар бар? Соның ішінде бәдік айту туралы не білесің?
4. Жарапазан қай кезде айтылады? Одан үзінді айт.
5. Кісі өліміне байланысты қандай жоралғыларды білесіңдер?
6. Ғашықтар жырында не бейнеленеді және қандай ғашықтарды білесіңдер?
7. «Мұңлық Зарлық» дастаны мен домбырада қандай байланыс бар?
8. Бақсылардың зікір салып, ауру адамды айналып шығуы мен қазақтың баланы жақсы көріп, еркелетіп айтатын «айналайын» сөзінің арасында қандай байланыс бар?
9. Жар-жар қай кезде айтылады?
10. Нәресте дүниеге келгенде қандай той болады?
Қызығушылығын ояту
Слайд 4«1001 мақал, 101 жұмбақ» ойыны:
Мақал-мәтел:
1. Ел іші .......
(алтын бесік)
2. Ел – елдің
бәрі жақсы....
(Өз елің бәрінен де жақсы)
3. Туған жердің ....
(түтіні ыстық)
4. Ер жігіт ел үшін туады....
(ел үшін өледі)
5. Ел ағасыз болмас....
(тон жағасыз болмас)
6. Басшысы жоқ ел жетім....
(балығы жоқ көл жетім)
7. Жүк ауырын нар көтереді....
(ел ауырын ер көтереді)
8. ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені...
(еменнің иілгені сынғаны)
9. Ақыл азбайды....
(білім тозбайды)
10.Баланың бас ұстазы...
(ата-ана)
Слайд 5Жұмбақтар:
1. Бір түкті кілем, бір түксіз кілем
(Аспан мен жер)
2. Отқа
жанбас, суға батпас
(Мұз)
3. Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар
(Қой)
4. Жағалай-жағалай тас қойдым, жирен атты бос қойдым
(тіс пен тіл)
5. Отырғанда – аттан биік, тұрғанда – аласа.
Ойлап көріңіз, бұл не деген тамаша
(ер тоқым)
Слайд 66. Екі бала қатар тұрса, бірін бірі көрмейді
(көз)
7. Екеуі елеңдеп келеді, төрттеуі төбелесіп келеді
(аттың 2 құлағы мен 4 аяғы)
8. Тіріден өлі туады, өліден тірі туады
(жұмыртқа)
9. Екі кісі қарауыл қарайды, бір кісі шөпшек тереді
(түйенің өркеші, ерні)
10. Отбасында құмған, екі көзін жұмған
(Мысық)
Слайд 11 Сабақтың тақырыбы: §25. Эпостық аңыздар мен ақын -
10”а”сынып
жыраулар
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының эпостық аңыздары мен
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы ақын-
жырауларына түсінік беру
Дамытушылық: Әр түрлі сұрақтар қою арқылы
оқушылардың ой-өрісін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін, Отанын,
сүюге, қорғауға тәрбиелеу
Слайд 12Эпостық аңыздар
Аспан әлемінің
жаратылысы
Ру,тайпа,
жүздердің шығуы
туралы
Батырлар туралы
Айдың тууы
Күннің батуы
Жұлдыздардың
шығуы
Жер-су
аттарының
шығуы
Мағынаны ашу
Слайд 13Қауысты – аты ұмыт балған ай аты.
Мысалы: “Қобыланды батыр” эпостық жырында:
Қараша емес, қауысты,
Қоңыраулатып дауысты,
Жақын қылды алысты,
Берсін кімге намысты.
Күн төбеден аумай-ақ,
Түзеді бурыл шабысты.
немесе
Қыстың басы қауысты,
Артық туған Қобыланды
Ерегіскен дұшпанның
Басын қоймай тауысты.
Слайд 15ХҮ-ХҮІ ғ ақын-жыраулар
Шалкиіз
жырау
Доспамбет
жырау
Қазтуған
жырау
Қодан тайшы
Асан қайғы
Сыпыра
жырау
Слайд 16ХҮ-ХҮІ ғғ ақын-жыраулар
ХІҮ ғасырда Қазақстанның батысында өмір сүрген Сыпыра жырау.
Ол түркі тілдес ру-тайпалардан шыққан. Қазақ пен ноғайға ортақ тұлға.
Жырау есімі ел қамын жеген қамқоршы ақсақал ретінде “Ер Тарғын”, “Едіге” жырларында кездеседі.
Сыпыра жырау
Слайд 17Асан қайғы Сәбитұлы -ХҮғасырда Еділ бойында дүниеге келген.
Асан қайғы
Жерұйықты іздеп, Жетісуда болған кезінде: “Жетісудың ағашының басы жеміс екен”,
Шуға барғанда “Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты, мына ну қамысың еліңді ешбір жұртқа бере қоймас”-депті.
Слайд 18Асан қайғы Жәнібек пен керейдің Жетісуға ауған кезінде ешбір кеңес
құрмағандығын кінәлап, былай депті:
Қырында киік жайлаған,
Суында балық ойнаған.
...................................
Жемде кеңес қылмадың,
Ойылдан
елді көшірдің.
....................................
Нәлет біздің жүріске,
Еділ менен Жайықтың
Бірін жазға жайласаң
Бірін қысқа қыстасаң,
Ал қолыңды маларсың,
Алтын менен күміске! -
Слайд 19Қодан тайшы
Аты Дешті Қыпшаққа әйгілі Дайырқожа бидің әкесі.
ХҮ
ғасырда өмір сүрген.
Слайд 20
Қазтуған Сүйінішұлы 1420 жылы Астраханьдағы Қызылжар деген жерде дүниеге келген.
Жыраудың бізге жеткен 3 жыры бар. Соның ішінде “Алаң да
алаң, алаң жұрт” деген жырында Еділ мен Жайықты мақтап елге, малға жайлылығын суреттейді.
Қайран да менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың.
Қайырлы болсын сендерге
Менен бір қалған мынау Еділ жұрт.
Слайд 21Доспамбет жырау ХҮ ғасырдың 90 ж Дон өзенінің төменгі ағысындағы
Азау қаласында дүниеге келген. Доспамбеттің: “Айнала бұлақ басы жоқ”, “Тоғай,
тоғай, тоғай су”, “Азау, азау дегенің”, “Арғымаққа оқ тиді”, “Айналайын Ақ Жайық” деген жырлары бар.
Слайд 22
Шалкиіз жырау (1465-1560 жж)
Жайық өзенінің шығыс жағалауында дүниеге келген. Ол
ноғай әміршісі Темір бидің жанында көбірек болған. Жырау әскери жорықтар
мен Кавказ, Қырым, Дон бойларын аралап шыққан.
Слайд 23
ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ ақын-жыраулар
Жиембет
жырау
Ақтамберді
жырау
Бұқар жырау
Тәтіқара ақын
Үмбетей жырау
Марғасқа
жырау
Слайд 24ХҮІІ – ХҮІІІ ғғ қазақ жыраулары
Жиембет Бортоғашұлы ХҮІ ғ соңы
ХҮІІ ғ өмір сүрген. Ол Есім ханның әскербасы қызыметінде және
кеңесшісі болған. Бірақ кейін хан мен екеуінің арасында қайшылықтар пайда болып, ханның қаһарына ілініп аудауда болады.сол жерде қайтыс болады.
Марғасқа жырау ХҮІІ ғ өмір сүрген. Есім ханның ең жақын жорық жырауы болған. Есім ханға арнаған “Еңселі бойлы Ер Есім” атты 7 мың жолдық тарихи жыры белгілі.
Слайд 25 Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768жж) Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау бойында дәулетті отбасында
дүниеге келген.Жырау 93 жасында Семей өңіріндегі Жүректі деген жерде қайтыс
болған.
Күлдір де күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер мекенбіз?!
Күдіреден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екенбіз!
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екенбіз?!- жерін жаудан азат етуді аңсап, халқын ұрысқа жігерлендірген.
Тәтіқара ақын
Қостанай обылысы Сарыкөл маңында туып өскен.
Жыраудың өзіне тән ерекшелігі-ол өзінің жырларында Қазақ батырларының қай ру-тайпадан екендігін хабарлап отырған.Мысалы:”Қамыстың басы майда, түсі сайда” атты жырында дулат руынан Бөкей, Сағыр, қыпшақтан Деріпсәлі, Маңдай, уақтан Сары мен Баян, т. б. батырларды атайды.
Слайд 26
Үмбетей жырау
(1706-1778жж.) Ақмола обылысы Ерейментау ауданында дүниеге
келген. Жырау батырларды мадақтап, елге танытып отырған.Мысалы: “Ей Ақтамберді, Қабанбай”,
“Бекболат биге” немесе “Бөгенбай өліміне” деген жырларының тарихи танымдық жағы басым.
Слайд 27
Бұқар Қалқаманұлы (1693-1787жж) Абылай ханның ақылшы биі болған. Арғын тайпасынан
шыққан. Мемлекет істеріне араласып, Абылайға ақыл-кеңес беріп отырған. Бұқар Баянауыл
ауданының Далба тауының етегінде жерленген.
Слайд 28Үмбетей жыраудың шығармасынан үзінді:
Әруағыңа болысқан,
Әділ билік қылысқан.
Қашпаған қандай ұрыстан,
Керейде батыр
...,
Қаз дауысты ....,
Қу дауысты ....,
Қанжығалы .... ,
Абылай сенің тұсыңда
Сол бесеуі болыпты-ай!
Кені батыр,кені би,
Тәңірім берген сондай сый
Ұмыттың ба, соны....
Жәнібек
Қазыбек
Құттыбай
Бөгенбай
Абылай
"Есімді тап"
Слайд 29ХҮ-ХҮІ ғғ ақын-жыраулар
ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ ақын-жыраулар
"Венн" диаграммасы
Слайд 30Бекіту сұрақтары:
ХҮІІІ ғ қазақ әдебиетінің өкілі ұлы тұлғаларының бірі Абылайдың
кеңесшісі болған жырау?
Бұқар жырау
Ақтамберді жырау қай
жерде дүниеге келген?
Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау бойында
3. Абылайдың ұнатқан ақыны кім?
Тәтіқара жырау
4. Эпостық жырлардағы батырларды ата?
Қобыланды батыр, Алпамыс, Ер Төстік т.б.
5. ХҮ-ХҮІ ғғ ақын-жыраулардан кімдерді білесіңдер?
Сыпыра, Асан қайғы, Қодан тайшы, Қазтуған т.б.
6. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ қазақ жырауларын ата?
Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар, Тәтіқара ақын, т.б.
Слайд 31Үйге тапсырма:
§25. Эпостық аңыздар мен ақын-
жыраулар
Ақын-жыраулар туралы рефераттар жазу