Разделы презентаций


Ежелгі грекия презентация

Ежелгі Грекияның орналасқан жері мен табиғаты. Ежелгі Грекия Балқан түбегінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Жері — таулы жартасты. Онда жүзім мен зәйтүн ағаштары жақсы өскен.Балқан түбегін айнала теңіздер қоршап жатыр. Олар: Эгей, Иония

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Ежелгі Грекия

Ежелгі Грекия

Слайд 2Ежелгі Грекияның орналасқан жері мен табиғаты. Ежелгі Грекия Балқан түбегінің оңтүстік

бөлігінде орналасқан. Жері — таулы жартасты. Онда жүзім мен зәйтүн

ағаштары жақсы өскен.
Балқан түбегін айнала теңіздер қоршап жатыр. Олар: Эгей, Иония және Жерорта теңіздері. Теңіз шығанақтары құрлыққа терең еніп жатқандықтан кеме тоқтауға колайлы еді.
Табиғат жағдайына байланысты Грекия үш бөлікке — оңтүстік, орта және солтүстікке бөлінеді. Оңтүстік Грекияны — Пелопонес, ал орта Грекияны — Аттика аймағы деп атайды. Теңіздерде аралдар көп. Олардың ең үлкені — Крит аралы.
Ежелгі Грекияның орналасқан жері мен табиғаты. Ежелгі Грекия Балқан түбегінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Жері — таулы жартасты. Онда

Слайд 5Ежелгі Грекия театры

Ежелгі Грекия театры

Слайд 6Грекиялық мерекелер мен ойындар. Ежелгі грекиялықтардың мерекелері мен ойындары бүкілхалықтық сипат

алды. Бұл мерекелер грекиялықтардың негізгі кәсібі мен әдет-ғұрыптарына байланысты болған.

Олар Дионис, Деметра, Зевс құдайларының құрметіне және ынтымақ пен бірлікке арналды.
Грекиялық мерекелер мен ойындар. Ежелгі грекиялықтардың мерекелері мен ойындары бүкілхалықтық сипат алды. Бұл мерекелер грекиялықтардың негізгі кәсібі мен

Слайд 9Гректердің діни нанымдары мен мифтері. Гректерде діни нанымдар б. з. б.

ХІ-ІХ ғасырларда пайда болған. Олар жаңбыр мен куаңшылықты, теңіздегі дауылдарды,

жыл мезгілдерінің ауысуын, егіннің жөнді шықпауын, адамдардың әр түрлі қиын жағдайларға ұшырауын кұдайлардың әрекетімен болады деп есептеді. Гректер құдайларды ақкәңіл, ақжарқын, кешірімді әрі қатыгез де мейірімсіз болады деп ойлады. Сондықтан құдайлар өздері орнатқан тәртіпті бұзғандарды жазалайды деп, оларға жалынып-жалбарынған. Ежелгі гректер 40-ка Жуық құдайларға сиынған. Оларды көбінесе аң, құс ретінде бейнелеген.
Гректер басты құдайлар ездерінің отбасыларымен бірге Олимп тауының басында, салтанатты сарайда тұрады деген нанымда болды. Ағайынды үш құдай: Зевс, Посейдон, Аид күллі әлемді өзара бөлісіп билік жүргізеді. Зевс — кәкті, Посейдон — теңізді, ал Аид өлілер патшалығын билейді.
Құдайлардың әкесі Зевс басты кұдай деп саналды. Оның кұрметіне Олимпиадалық ойындар өткізіліп тұрды. Дионис жүзім шаруашылығы мен шарап жасау ісінің құдайы еді. Оның құрметіне Дионис мерекесі ұйымдастырылды. Афина даналық пен жеңістің кұдайы, Афродита сұлулық пен махаббаттың құдайы деп саналды.
Гректер кұдайларға құрбандық шалған, олардың құрметіне храмдар тұрғызып, олар жайында аңыздар шығарды.
Гректердің діни нанымдары мен мифтері. Гректерде діни нанымдар б. з. б. ХІ-ІХ ғасырларда пайда болған. Олар жаңбыр мен

Слайд 11Грек мүсіндері. Ежелгі Грекияда сәулет өнерімен қатар мүсін енері де

жоғары дамыған. Мүсін өнерін дамытуда грек мүсіншілері Фидий мен Миронның

еңбектері жоғары болды. Грек мүсін өнері б. з. б. V ғасырда ерекше дамыды. Фидий мүсіндері дүниежүзілік тарихқа енген.

Мүсіндер храмдарда, қала кәшелерінде, алаңдарда орнатылған. Гректер мүсінді ағаштан, мәрмәрдан, алтыннан және қоладан жасаған.

Мүсіншілер адамдарды қимыл-әрекет үстінде бейнелеген. Бұл бейнелерде жүгіріп бара жатқан, диск, найза лақтырып тұрған адамдардың тұлғаларын жасаған. Олар адам тұлғаларының сұлулығын, оның бойындағы жігер мен батылдығын көрсете білген.

Гректер қаланың неғұрлым көрнекті жерлеріне әз отанына атағы жайылған азаматтардың, қолбасшылардың, ақындардың, сайыс жеңімпаздарының мүсіндерін орнатқан.

Ежелгі Грекиядағы ең ғажайып мүсіндер Зевс және Парфенон храмдарында шоғырланған.

«Әлемнің жеті кереметінің» бірі (өз кезінде әлемде теңдесі жоқ жеті туынды «жеті керемет» деп аталған) саналатын Зевс мусіні Олимпия қаласындағы Зевс храмында орналаскан. Бұл мүсінді атақты мүсінші Фидий жасаған. Мүсіннің биіктігі 14 метр.
Грек мүсіндері. Ежелгі Грекияда сәулет өнерімен қатар мүсін енері де жоғары дамыған. Мүсін өнерін дамытуда грек мүсіншілері

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика