Слайд 1«Бізді тура жолға баста! Ізгілік бергендеріңнің жолына!
Ашуға ұшырағандар мен адасқандардың
жолына емес!» (Фатиха сүресі)
Слайд 2Діни экстремизм – ақиқат діннің жауы
Слайд 3Тәрбие сағатының мақсаты:
а) Ақпараттық құзыреттілік.
Оқушыларға діни экстремизм, терроризм ұғымдары
сынды секталардың шырмауы туралы түсінік беру. Ауылдық ішкі істер басқармасының
инспекторларымен, Келлер селолық мешітінің имамымен сұхбаттаса отырып, діни сауаттылықты қалыптастыру.
ә) Коммуникативтік құзыреттілік
Қоғамда етек жайған теріс ағымдардан оқушыларымызды сақтандыру. Білім мен сауаттылықтың қаншалықты маңызды екенін, мейірімділік, имандылық, ізгілік, адалдық сияқты адами құндылықтардың шарапатын ұғындыру.
Слайд 4б) Проблеманы шешу құзыреттілігі.
Басқа ағымардағы ұйымдарға жастарымыздың еліктеуіне тосқауыл қою.
Келтірілген фактілер, мысалдар арқылы жеке тұлғаның санасына діни экстремизмнің алдын
– алу бағыттарын қалыптастыру. Көрікті қыздарымыз бен намысты ұлдарымыздың бойына рухани құндылықтарды сіңіру
Слайд 5Тәрбие сағатының міндеті:
«Ел болам десең – бесігіңді түзе» дегендей
мемлекеттің ертеңгі күнгі тұтқасын ұстайтын, ұлт мүддесін, халық қамын ойлайтын
жастарды тәрбиелеп қалыптастыру.
Слайд 6
Экстремизм латынның extremus –
деген сөзінен шыққан. Ол «ең соңғы, ақырғы,
төтенше» деген мағынаны білдіреді.
Terror – латын сөзі – қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді
Слайд 7
Мәзһаб – жол, мектеп, бағыт, көзқарас деген мағынаны білдіреді. Шариғат
тұрғысынан алғанда, арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған
үкімдер мен көзқарастар жиынтығын мәзһаб дейміз. Мұсылмандар өміріндегі намаз, ораза, зекет, қажылық сынды діни іс-амалдардың барлығы мәзһаб ғұламалары анықтаған үкімдерге сай атқарылады. Исламның төрт құбыласын тең қылып тұрған төрт мәзһаб ішіндегі қарға тамырлы қазақтың жүрегі мен табиғатына, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпына жақыны, әрі жалпақ даланы желіп өткен бабаларымыздың ықылым заманда-ақ таңдағаны
имам Ағзам бу Ханифа мәзһабы.
Слайд 8
Негізінен Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан Түркия, Ресей, Кавказ, Орта Азия мен
Қазақстан жұртына кеңінен тараған Ханафи мәзһабы тұла бойы адамгершілік пен
бүкіл адамзатқа ортақ асыл құндылықтарға бай
Мазхабтардың саны төртеу: ханафи, шафиғи, мәлики, ханбали
Слайд 9
Сәләфизмнің кеңінен таралған елдеріне Сауд Арабиясы және де онымен жапсарлас
жатқан Парсы шығанағы елдері жатады. Оларда ханбали мазхабы басымдыққа ие.
Қазақстандағы сәләфиттердің көпшілігі қазақ салт-дәстүрлерін «бидғат» («рұхсат етілмеген жаңалық») немесе «ширк» (Аллаға серік қосу) санай отырып түбегейлі жоққа шығарады.
Бұл ретте олар қазақтардың кейбір ұлттық дәстүрлерінің пайда болуының тарихи себептерін түсінуге тырыспайды.
Слайд 102012 жылы 25 қазанда діни ұйымдарды қайта тіркеу процесі аяқталған
соң діни ұйымдар саны 4551-ден 3088-ге дейін, ал діни конфессиялары
саны 46-дан 17-ге дейін азайған.
"Жалған діни құрылымдар мен құжаттарында сенімсіз деректер келтірген кейбір діни бірлестіктер қайта тіркеуден өтпей қалды"
Бұған қоса діни істері агенттігі былтыр 1900-ден астам сайтқа діни сараптама жүргізіп, сот 45 шетелдік сайттың Қазақстан аумағында таралуына тыйым салған.
Слайд 11
«Таблиғи жамағат» – «Уағыз қауымы», 1926 жылы Үндістанда Маулана Мұхаммад
Ильияс тарапынан ұйымдастырылған саяси, пацифистік діни қозғалыс.
Таблиғшылар жүйелі практика
мен үй аралап, есіктен есікке жалғасқан белсенді уағызды ең басты құндылық деп біледі. Дегенмен олар терең діни білім алғанды құптай бермейді, оған немқұрайды қарайды, арзымайтын нәрсе деп есептейді.
Бұдан бөлек, бұл қозғалыстың өкілдері жұмыс істеу, отбасын бағу секілді міндеттерді мүлде ескере бермейді. Мысалы, олар әйел, бала-шағасын тастап, алыс сапарға кете береді. Ел аумағын адақтап кетсе мақұл, шетелдерге тартып кетуі де ықтимал.
Слайд 12"Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25
баптан
6-тараудан тұрады. Осы Заң Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағат¬тылықтың және азаматтардың діни наным-дарын құрмет¬теудің маңыздылығын танитынын негізге алады.
Слайд 13
ҚазАқпарат - Діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы
қабылданды.
Оны жүзеге асыру үшін 2013-2017 жылдар аралығында 199 млрд.
теңге бөлінеді.
Бағдарламаның басты мақсаты діни экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатерінен сақтандыра отырып, адам, қоғам, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Слайд 14Соттың шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған шетелдік ұйымдардың
тізімі
Слайд 15
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі
негізінде:
1. «Аль-Каида»
2. «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс»
3. «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс»
4.
«Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»)
-
Слайд 16ІІ. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:
1. «Асбат
аль-Ансар»
2. «Братья-мусульмане»
3. «Талибан» қозғалысы
4. «Боз гурд»
5. «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтер»
6.
«Лашкар-е-Тайба»
7. «Әлеуметтік реформалар Қоғамы»
процесі.
Слайд 17ІІІ. Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:
1.
«АУМ Синрикё»
2. «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы»
ІV. Астана қаласы сотының
2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:
Слайд 18Ұлы Абайдың жиырма екінші сөзі
«Ғылымды, ақылды, сақтайтұғын мінез деген сауыты
бар.
Сол мінез бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен, жеңілдікпен, иә біреудің орынсыз
сөзіне, иә бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсе мінездің беріктігі бұзылады.
Онан соң оқып, үйреніп те пайда жоқ. .
Слайд 19Қоярға орны жоқ болған соң,
оларды қайда сақтайсың.
Қоям дегенің
қоярлық,
тұрам дегенің тұрарлық,
мінезде азғырылмайтын ақылды,
арды сақтарлық беріктігі,
қайраты бар болсын» деген екен.