Слайд 1“Ар намысым,қасіретім,
мақтанышым- Желтоқсан!”
Слайд 2Мақсаты:
а)1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл-әкімшіл
солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан
болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып,жастардың алаңға не сбепті,қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру
ә)Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,өз ана тілін,әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу
б)Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп,өз пікірін,ойын айта білу қабілетін дамыту
Слайд 31986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас
қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!»
қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.Сол кездегі Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий Колбинді тағайындаған. Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұятшылдар» , «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.
Слайд 15Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан,
65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР қылмыстық
кодексінің 171-1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына, атуға кесілсін.
Слайд 18Қайрат:
”Ақтық сөзің не?” – деген,
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтамын оны халқыма,
Жоқ
пиғыл менде жасымақ.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Слайд 19 Желтоқсан құрбаны- Қайрат Рысқұлбеков Алматы
архитектура құрылыс институтының студенті.
1988
жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі оған берілген ату
жазасын 20 жыл
бас бостандығынан айыру жазасымен
ауыстырды.1988 жылғы мамырда-қайтыс болды.
1996 жылғы 9 желтоқсан – «Халық қаһарманы» атағы
берілді.
Қайрат Рысқұлбеков 1966-1988 ж.ж
Слайд 20Балалық шағы
Әскердегі кезі
Қайраттың
студенттік шағы
Қайраттың отбасы
Слайд 21 Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке орнатылған ескерткіш. Семей қаласы
Слайд 22 Желтоқсан құрбандары
Ләззат Асанова
Қайраттың әскердегі кезі
Сәбира Мұхамеджанова
Слайд 23Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер
болған. Осы ел намысын қорғап, ел болашағын ойлап, ерлігімен көзге
түскен 23-тің атынан Ләззат туралы айтқым келеді. Чайковский атындағы училищенің студенті-Ләззат танкімен тапталып өлтірілген. Оған көптеген ақын жазушылар жыр арнады. Желтоқсан оқиғасы туралы режиссер Қалдыбай Әсенов түсірген ”Аллажар” фильмінің басты кейіпкері де – Ләззат.
Слайд 25 Ләззат Асанова 1970 жылы қазіргі Алматы
облысы Жаркент ауданына қарасты
Айдарлы ауылында дүниеге келген. Жастайынан зерек өскен бала орта мектепті үздік бітіріп, Алматыдағы Чайковский атындағы музыка училищесіне өз талантымен оқуға түсті.
Ләззат Асанва
Слайд 26 Ләззат Асанова
Ләззат бауырларымен
бірге
Ләззат 10 жаста
1980 жыл
Ләззат
12 жаста 1982 ж
Жаркент қаласының орталығында Желтоқсан көтерілісінің құрбандары Ләззат
Асанова мен Ербол Сыпатаевқа қойылған ескерткіш
Ләззаттың анасы Алтынай Асанова Алматыдағы Республика алаңында
қызының рухына тағзым етуде.
17 желтоқсан. 2007
Слайд 28 Бұл оқиғаға байланысты 103 адам
жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға
алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.
Слайд 29
Тәуелсіздік құрбандары мәңгі
ел есінде!
Дауылға желтоқсанның желі айналды.
Ашуға мінді алатау кәрі, айбарлы
Күтпеген іс ақыры не болды деп
Күллі әлем алматыға қарай қалды
Кез емес жаугершілік «аттан» атты,
Алаңның шеруі емес салтанатты.
Қытымыр қыстың басы, сол бір айда
Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.
Слайд 30Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті.
1986ж. Желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі
бақытты, әрі қайғылы күн еді. Бүкіл ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды.
Слайд 341991 ж. 28 тамызда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев
жарлығымен Семей
полигоны жабылды
Слайд 35 Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында:
Біз барлық қиындықтарды еңсеретінімізге
және
Қазақстанда күшті ,өркенді
және әлемде құрмет-телетін
мемлекетке айналдыратынымызға
сенемін.
Слайд 371992 ж. 2 Наурыз БҰҰ - ға мүше болды.
Слайд 381992 ж. 4 маусым Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданды.
Слайд 39ІШКІ ӘСКЕРЛЕР ҚОЛБАСШЫСЫ - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІМ ІШКІ ӘСКЕРЛЕР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
ГЕНЕРАЛ-МАЙОР
ЖАҚСЫЛЫҚОВ РУСЛАН
ФАТИХҰЛЫ
Слайд 40 1992 жыл Алматы
Дүниежүзі қазақтарының
І құрылтайы
Слайд 411992 ж. Қазан- қараша Дүниежүзілік қазақтар құрылтайы.
Слайд 431993 ж. 28 қаңтар Конституция қабылданды.
Слайд 441993 ж. 15 қараша теңге айналымға шықты.
Слайд 47Астана күні. 1994 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру жөніндегі ұсынысын мақұлдау жөнінде қаулы
қабылдады. Осы құжаттың қабылданған күні негізінде Астана күні – шілденің 6-сы, мемлекеттік мереке болып белгіленді
Слайд 50
Тура жиырма бір жыл-сері күн шалқығалы,
Ніл көгімде қыран құс қалқығалы.
Көк
байрағын алашым желбіретіп,
Содан бері алмастай жарқылдады.
Слайд 52 Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен
–
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең – байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Слайд 53
Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық.
Қолымызда – тәуелсіздіктің
көк туы.
Елтаңбамызда - бар халықтың басын біріктірер киелі
шаңырағымыз.
Арманымызды алға апарар
қанатты пырақтарымыз бар.
Лайым бетімізден жарылқасын!
Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың
аруағы желеп-жебеп жүре көрсін!
Мы на великом пути.
Устремлены к заветной мечте.
В руках у нас голубое знамя независимости.
На гербе нашем священный шанырак - символ нашего единства.
И еще крылатые кони, несущие нашу мечту.
Да будет благословенна наша судьба!
Да осенят нас духи предков
на нашем великом пути!
НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ
Президент Республики Казахстан
Слайд 54Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы -
ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік
бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының ара қатынасы – 1:2
Слайд 55Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы –
дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы
күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Слайд 60Ендеше ең басты бағытымыз «ТӘУЕЛСІЗДІК» шежіресіне көз жіберейік
1991 жылы Ел
Тәуелсіздігін алды
1992 жылы Ел рәміздері бекітілді
1993 жылы Төл теңгеміз
айналымға түсті
1994 жылы Елде жаңа Парламент өз жұмысын бастады
1995 жылы Еліміздің Ата Заңы Конституция қабылданды
1996 жылы Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қ.Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді
1997 жылы Елордамыз Астанаға көшірілді, «татулық пен құғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жарияланды
1998 жылы Халықтар бірлігі мен сабақтастығы жылы
1999 жылы Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы
10 2000 жылы Мәдениетті қолдау жылы
11. 2001жылы Тәуелсіздік пен достық жылы
12. 2003-2005 жылы Ауыл жылы
13 2007 жылы Сазгер Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным»
әні мемлекеттік әнұран болып қабылданды
14. 2008 жылы Қазақ тілін қолдау жылы
15. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ (Еуропа Қауіпсіздік және
Ынтымақтастық Ұйымы) төрағалық етті.
Слайд 61Қандай дүние жетеді балауыңа!
Бәрі сенің, жан Отан, қалауыңа!
Өз бейнеңдей әлемге
тұр танылып,
Қазақстан гербі де, жалауы да!
Жұбан Молдағалиев
Слайд 62Мұхтар Шаханов “Төрт жыл кешіккен
шындық”
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім,
жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың.
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
Слайд 63Президент жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық
Қаһарманы” атағы беріліп, ата – анасына “Алтын жұлдыз” айрықша ерекшелік
белгісі тапсырылды.
Сәбира, Ләззат, Ерболдарға “Ақтау жөніндегі анықтама” қағаздары берілді.
Желтоқсан оқиғасына түбегейлі баға беру туралы комиссияның 24 томдық материалдары әзірленді.
Құйынның құрбандарының ерліктеріне арналған “Аллажар” фильмі түсірілді.
Алматы төрінен “Тәуелсіздік ескерткіші” бой көтерді.
Слайд 64Қайрат Рысқұлбеков- ату жазасына кесілген
Ляззат Асанова- белгісіз себептермен
қайтыс болды
Сәбира Мұхамеджанова - белгісіз себептермен қайтыс болды
Мырзағұл Әбдіқұлов-
ату жазасына кесілген.
Тарихта бұл есімдер “ЖЕЛТОҚСАН-86”
деген атпен мәңгі қалды