қазіргі Алматы
облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9
ақпанда дүниеге келді.Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір
жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали
Шығармалары1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ
поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.
Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға ұшырағанда да
“Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана” деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге
де, лауазым-атаққа да қызықпаған.
М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең,
ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдары, өмір мен өлім,
ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы
қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.