1937 ж.) - жазушы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Әкесі
Жармағамбет те, атасы Майлы да кедей адамдар болған. Жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Құлғизар мен әжесі Бойдастың тәрбиесінде өседі. Әжесі Бойдас кезі келгенде өлең де шығарып жіберетін сөзге ділмар жан болған. Бұл үйде ақындар, жыршылар жиі қонақ болып, ұзақ таңға небір дастандар жырланып, суырып салма айтыстар болып, өлеңдер айтылып тұрған. Оның үстіне шығыстың қиссаларын жақсы көретін әжесі кейіннен Бейімбет ауыл молдасынан хат таныған соң оған ұзақ таңға жыр-дастандар оқытып, тыңдайтын болған. Осының барлығы жас Бейімбеттің сөз өнерін сүйіп, әдебиет жолына түсуіне ықпал жасады. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан Бейімбет кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жылдай дәріс алады. 1913 ж. Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Медреседе оқып жүргенде татардың Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури сияқты белгілі жазушылармен танысады. Осында шығып тұрған «Садақ» атты қолжазба журналға белсене араласып, өзінің алғашқы прозалық туындысы, «Шұғаның белгісі» әңгімесін жариялайды. Өлеңдері «Айқап» журналында басқа да басылымдарда шыға бастайды.
Бейімбет – он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол – ірілі-ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы. Майлин аз өмірінде аса өнімді еңбек етіп, елуге тарта кітабын шығарды. Оның шығармаларында қазақ кедейінің мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі, арман-мүддесі бұрын болмаған деңгейде жан!жақты да терең суреттеліп, қміршең типтік бейнелер жасалды. Майлиннің ақындық қызметі 1912ж. жазылған «Мұсылмандық белгісінен басталады». Төңкеріске дейін жазған көп өлеңдерінде («Мұқтаждық», «Мал», «Байлыққа») ауылдың ауыр тұрмысы, әлеуметтік теңсіздік жырланады. 1916ж. ұлт-азаттық қозғалысы Майлин шығармашылығындағы халықтық сыйпатты күшейте түсті. Осы кезден жазылған «Қанды тұман» өлеңінде қараңғыға қамалған қалың елдің, аянышты халі суреттеледі. Ақынның шығармашылығында ұлт-азаттық, ағартушылық, демократтық сарындар түпкілікті қалыптасып, жаңа биіктергк бет алды. «Кедей», «Жауыз кім?», «Кедейге», «Құтты болсын», «Мейрамың», «Бүгін», «Гүлденсе ауыл - гүлденеміз бәріміз», «Коллективтің жырын айт» сияқты өлеңдерінде жаңа заман әкелген ауылдағы өзгерістерді, ондағы елдін тұрмыс-тіршілігін зор шабытпен жырға қосты. Майлин поэзиясындағы Мырқымбай бейнесі - жиырмасыншы жылдардағы қазақ кедейінің типік бейнесін жасау жолындағы үлкен табысы. Мырқымбай - тұтас бір қтпелі дәуірдегі ауыл кедейінің қмірінде болған қзгерістерді оның сана-сезімі, мінез-құлқы, іс-әрекеті, тұрмыс-тіршілігі арқалы шынайы суреттелген типтік бейне. Мырқымбай сияқты типтік дәрежеге көтерілген бейне қазақ әдебиетінде күні бүгінге дейін жасалына жоқ. Ол ақынның жиырма шақты өлеңінде, екі поэмасында бірде басты, бірде қосымша кейіпкер ретінде көрінеді. Майлиннің біраз өлеңдері әйел теңдігі тақырыбына арналған. «Қыздың сәлемі», «Қашқын келіншек», «Ақсуаттың жанында» сияқты өлеңдерінде ескі салтқа негізделген қазақ қыздарының аянышты тағдырлары суреттеледі. «Азат әйел», «Ғазиза», Шал мен қыз», «Ажар» сияқты өлеңдерінде жаңа заманда теңдікке жетіп, бақытты өмір сүре бастаған жастарды жырға қосты.
Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің іргелі жанрларын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып, биік белеске шығарысқан аса көрнекті суреткер жазушы, ақын әрі драматург Бейімбет Майлин — өндіре жазып, сөз өнерінің алтын қорына жататын туындылар берген бірегей дарын. Замандастары: "Маңдайына түскен шашын сұқ саусағына орай ширата отырып, жазудан бас алмайтын еді", — деседі. Сондықтан да кемел қаламгердің қыршын жаста — қырықтың төртіне жетер-жетпесте — дүние салғанына қарамай, атағы да зор, артына қалдырған әдеби мұрасы да аса бай. Бейімбеттің көлемді де, көркем тұңғыш туындысы, қазақ прозасының тартымды үлгілерінің бірі- «Шұғаның белгісі». Повесте ескі қазақ қоғамындағы ең өткір мәселе- әйел теңсіздігі сөз болған. Шығармада бірін- бірі сүйген екі жастың- Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық жай айтылады. Шұғаның әкесі қызын кедей жігіті Әбдірахманға бергісі келмей, түрлі жаламен Әбдірахманды жер аудартады. Осындай зорлыққа душар болған Шұға қайғыдан, күйіктен қайтыс болады. Жазушының негізгі мақсаты- жастардың бас бостандығына ерік бермей, қасіретке ұшыратқан ескі дәстүрлерді сынау. Жастардың бас азаттығын көксеу, бұған кедергі келтіретін әдеттерді батыл таңбалау ХХ ғасыр басындағы демократиялық қазақ әдебиетіндегі басты сарындардың бірі еді.
«Шұғаның белгісі» хикаятында оқиғалық өрілімдер, кейіпкерлердің мінездемелері, диалогтер, сезім, көңіл күйлері Қасым деген адамның әңгімесі болып беріледі. Мұндай әңгімелеу мәнері халық прозасының қалыпты баяндау тәсіліне жақын. Бірақ қаһармандар мінезі мен әлеуметтік жағдайды талдау шығарманың реалистік жазба әдебиет дәстүрінде жасалғанын көрсетеді. Шұға- айтқан сертіне берік, сезімі мөлдір, пәк махаббатты қастер тұтатын жан. Әбдірахман бейнесі де ескі қазақы ауыл арасынан шыққан көзі ашық, көңілі сәулелі жастардың келбетін танытады. «Шұғаның белгісі»- жастардың теңдік- еркіндікті аңсаған, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма.