Слайд 1"КОКШЕ" АКАДЕМИЯСЫ
е
Магистранттар клубы “Шоқан”
ұсынады
Слайд 3 Он тоғызыншы ғасырдағы қазақ қоғамының айсыз
аспанында құйрықты жұлдыздай жарқ етіп ағып өткен дарынды ғалым, даңқты
жиһангез - Шоқан Уәлиханов.
Қазақтың жұлдызы
Слайд 4 Бұл фәниде бар- жоғы отыз жыл
ғана ғұмыр кешкенімен артына қалдырған ұшан - теңіз еңбектері заман
өткен сайын жаңғырып, ұрпақ өскен сайын жанданып, уақытпен үндестік тауып, мән - маңызы артып келеді.
Қазақтың жұлдызы
Слайд 6 Шоқан (Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов – қазақ
халқының демократ – ағартушысы, ұлы ойшылы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географы,
саяхатшысы. Шоқан 12 жасына дейін мұсылманша хат таниды. 1847 жылдың күзінде Шоқанды әкесі Омбыдағы кадет корпусына оқуға береді. Кадет корпусының оқушылары әскери пәннен басқа географиядан, тарихтан, орыс және батыс әдебиетінен, философия негізінен, зоология және ботаникадан, физикадан, математикадан, геодезия, архитектура негізінен білім алды.
Шоқан Уәлихановтың
көз-қарасының қалыптасуы
Слайд 7 Шоқан кадет корпусында оқып жүріп
Оңтүстік Сібір, Байкал, Алтайды, Орал, Еділ, Каспий алабын зерттеген П.С.Палластың
«Саяхаты», Орал, Еділ, Каспий халықтарының тарихы мен этнографиясын жазған П.И.Рычковтың күнделігі сияқты сирек кездесетін көне жазбаларымен танысып, оларды қызыға оқыды. Эскадрондағы оқу барысында белгілі ғалым Г.Н.Потанинмен достасты.
Шоқан Уәлихановтың
көз-қарасының қалыптасуы
Слайд 8 Шығысты зерттеуші С.Сотниковпен, сурет мұғалімі А.Помаранцевпен, білімді
офицер К.К.Гутковскиймен, орыс әдебиетінің оқытушысы, ориенталист Н.Ф.Костилецкиймен, ғалым Гонсевскиймен, әдебиетші
В.П.Лободовскиймен ғалым И.Н.Березинмен араласып тұрды. Полицияның қатаң бақылауында болған атақты жазушы Ф.М.Достоевскиймен, оның досы патша үкіметіне қарсы күресуші С.Ф.Дуровпен танысты.
Шоқан Уәлихановтың
көз-қарасының қалыптасуы
Слайд 11Шоқан Уәлиханов - саяхатшы.
1855 жылы Шоқан Г.Х.Гасфорттың
Омбыдан Іле Алатауына дейінгі сапарына қатысты. «... Қырғыздың тілі мен
әдет – ғұрпын жете білетін корнет сұлтан Уәлиханов, әскери қызмет ете бастағанына 2 жыл өтпей жатып мені даламен алып жүргенде үлкен пайдасы тиді... мен Уәлихановты жоғары дәрежелі наградаға ұсынуды қажет деп санаймын, оның үстіне ол қырғыздар арасында да ерекше сыйлы екен», - деп жазды генерал – губернатор Г.Х.Гасфорт.
Слайд 13 1856 жылдың көктемінде Семенов Тянь –
Шанскиймен танысты. Бұл кездесуде Семенов Тянь – Шанский болашақ Шығыс
зерттеушісіне бағыт беріп, Шоқанның ғылыми жұмыстарына ықпал жасады. Осы жылы Уәлиханов екі экспедицияға (бірі Алакөлден Орталық Тянь- Шанмен Ыстықкөлге; екіншісі дипломатиялық тапсырмамен Құлжаға) қатысады. Экспедицияның мақсаты қырғыз халқымен танысу және Ыстықкөл алабын картаға түсіріп алу еді.
Шоқан Уәлиханов - саяхатшы,
саясатшы.
Слайд 14Шоқан Уәлиханов - саяхатшы,
саясатшы.
«Бұл экспедицияға қатысуымыз
үлкен абырой болды. Сөйтіп, Алатау қырғыздарының арасында екі ай жүріп,
көбінесе солардың аңыздары мен тілін зерттеп, әр-қилы пайдалы мәліметтер жинап алдық» - деп жазады Шоқан Уәлиханов. Бұл сапарында Шоқан қырғыз халқының «Манас» эпосын жазып алып, орыс тіліне аударуының ерекше үлкен маңызы болды.
Слайд 16Шоқан Уәлиханов - саяхатшы, саясатшы.
1854-1857жылдары Шоқан Ұлы
жүз қазақтарының және қырғыздан бұғы, сарыбағаш және солты руларының Ресейге
бейбіт жолымен қосылуы туралы мәселені шешуге жігерлі түрде қатысады. Сонымен бірге қазақтар мен қырғыздардың географиясын, тарихын, әдет – ғұрыпын, халық поэзиясын терең зерттей бастайды.
1855 жылы К.К.Гутковскийдің экспедициясымен Қапалда болып, қазақтың ауыз әдебиетінің үлгілерін жинады.
Слайд 18 Қазақстанның оңтүстік аймақтарымен тығыз байланыста болған Қоқан
хандығының экономикалық – саяси және әлеуметтік құрылысын жан – жақты
зерттеп, ол жайлы «Қоқан хандығы туралы жазба» деген белгілі еңбегін қалдырды.
Слайд 19 Алғашқы экспедиция кезінде Жетісу, Ыстықкөл аймағының
фаунасын, осы өңірден табылған көне қалалардың қалдығын, оларда болған суару
жүйелерін, эпиграфикалар мен балбал тастарды зерттеді. Ыстықкөлдің картасын жасауға қатысты.
Слайд 20 Ш.Уәлиханов экспедицияда жинаған материалдарын терең талдап, қорыту
арқылы «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы мен Құлжа
қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» дейтін тарихи этнографиялық шығармалар жазды.
Слайд 21 Шоқан Уәлихановтың ғылыми қызметі Орыс география
қоғамының назарын аударып, 1857 жылы 27 ақпанда қоғамның толық мүшелігіне
сайланған. Бұл Шоқанның жағырапия ғылымына қосқан қомақты үлесін мойындау еді.
Шоқан Уәлихановтың атын қаһарман саяхатшы ретінде даңқын шығарған 1858 жылғы Қашқарияға, Шығыс Түркістанға сапары болды. Одан жүз жыл бұрын Қытай басып алған, ұйғыр, қазақ, дүңген, қырғыздар тұратын бұл аймақта дәл сол 50-ші жылдары антициндік бас көтерулер болып жатқан - ды.
Шоқан Уәлиханов – географ.
Слайд 22 Осыған байланысты Қытай үкіметі европалықтардың Қашқарияға
сапарына тыйым салып, бұл заңды бұзғандарды өлім жазасына кесетіндіктерін жария
етіп қойған – ды. Шоқаннан бір жыл бұрын Қашқарияға барған немістің белгілі саяхатшысы Адольф Шлагенвейт жазаланған болатын. Оның қайғылы қазасы туралы нақты деректі де Ш.Уәлиханов әкелген. Шоқанды көпес керуеніне жол сілтеуші ретінде орналыстыру идеясын П.П.Семенов ұсынған.
Шоқан Уәлиханов – географ.
Слайд 23 Қашқар сапары аса қиында күрделі болғаны белгілі,
Шоқанның өміріне бірнеше мәрте қауіп те төнген. Шоқан елге аман-сау
оралып, «Алты шаһардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхараның) Шығыстағы алты қаласының жайы» деп аталатын тамаша еңбек жазды.
Шоқан Уәлиханов – географ.
Слайд 25 Шоқан Уәлихановтың есімі Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық-ғылыми
ойының тарихында құрметті орын алады. Ғалым Шоқан Уәлиханов тарих, география,
этнография, лингвистика, археология, қоғамдық және саяси экономия ғылымдары саласында жемісті еңбек етіп, кейінгі ұрпаққа аса бай, ғылыми еңбектер қалдырды.
Шоқан Уәлиханов тарихшы,
археолог, этнограф
Слайд 26 Шоқан Уәлиханов қазақ, қырғыз халықтарының қалыптасу процесін
зерттеуге үлкен еңбек сіңірді. Қазақ пен қырғыз халықтарының арасындағы айырмашылықты
көрмеген Шығыс зерттеушілерінен (А.Гумбольдт, К.Риттер ) өзгешілігі сол, Шоқан еңбектерінде екі халықтың этникалық құрамы, әлеуметтік-экономикалық құрылысы, тілі, шығу тегі, әдет-ғұрыптары жағынан екі бөлек халық екенін дәлелдеп көрсетті.
Шоқан Уәлиханов тарихшы,
археолог, этнограф
Слайд 27 Қазақ ұлтының этникалық құрамына кірген тайпалар әр
түрлі болғанымен, оларды біріктірген ортақ белгі қасиеттер болды. Қазақ халқының
Ұлы, Орта, Кіші жүзге бірігуін « ұлт болып қалыптаса бастау» кезеңіне жатқызады. Әр жүздің құрамына кіретін тайпаларды жүйелеп көрсетіп береді.
Шоқан Уәлиханов тарихшы,
археолог, этнограф
Слайд 29 Шоқан Уәлихановтың «Абылай», «Қазақ шежіресі», «Қазақтар туралы
жазбалар», «Қазақтағы шаман дінінің сарқыншақтары», «Көне замандағы қазақтың қару-жарақ, сауыт-саймандары»,
«Қазақтың көші-қоны», «Ұлы жүз туралы», «Киіз үй», «Егіншілік туралы» еңбектері қазақтың тарихы мен этнографиясына, әлеуметтік саяси өмір тіршілігіне арналды.
Шоқан Уәлиханов ұлы атасы Абылайдың ерліктері туралы әжесінің айтқан аңыз әңгімелерден, ақын жыршылардың өлең-жырларынан естіп өсті. Сондықтан да Шоқан «Халық аңыздары мен сөздерінде Абылай тұлғасы даңқ пен ізгілік бейнесіне ие болған» - деп жазады.
Шоқан Уәлиханов ғалым ретінде Абылайдың қоғамдық-саяси қызметіне шыншыл, обьективті баға береді. «Абылайдың жорықтары, оның батырларының ерліктері батырлық әңгімелердің желісінде болып табылады. Сыбызғымен және қобызбен орындалатын музыкалық пьесалардың көпшілігі Абылай заманын, Абылай өмірінің әр түрлі кезеңдерін көрсетеді» деп жазған «Абылай» атты тарихи очеркінде.
Шоқан Уәлиханов тарихшы, археолог, этнограф
Слайд 30 1857 жылы Шоқан Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы
да сапар шегеді. Бұл сапарында Шоқан қырғыз халқының өмірімен, тұрмысымен
бұрынғыдан да жақсы танысып, тарихы мен этнографиясын, халық поэзиясын терең зерттейді. «Этнографиялық очректер, стастикалық мәліметтер, тарихи хабарлар, Үйсіндер мен Алатау қырғыздарының халық әдебиетінің ескерткіштері жайлы менің жазбаларымның өзі бірнеше дәптер болды», - деп еске алады Шоқан Уәлиханов.
Слайд 31 Бұл сапарында жас Шоқанның әсіресе, қырғыз
халқының «Манас» атты атақты поэмасын бірінші рет ғылыми жолмен жазып
алып, «Көкетай ханның өлімі және оның асы» деген үзіндісін орыс тіліне аударады. «Алатау қырғыздарының ноғайлы дәуіріне жататын «Манас» атты жалғыз ғана эпосы бар. «Манас»- бір кезеңге және бір адамның-Манас батырдың төңірегіне жинақталған бүкіл қырғыз ертегілерінің, аңыз, әңгімелерінің энциклопедиялық жинағы. Қырғыздардың тұрмыс қалпы, салт-санасы, географиясы, діни және медициналық ұғымдары, олардың халықаралық қатынастары осы орасан зор эпопеяда айқын суреттеледі» деп жазады Шоқан Уәлиханов.
Слайд 32 Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов- қазақ және қырғыз
халықтарының бай әдебиет қорын тұңғыш зерттеуші. Бала кезінен қазақтың халық
поэзиясына құмартып, оның класикалық үлгілерін жазып алып, өзінің ата-анасына дауыстап оқып жүреді. «Қозы Көрпеш- Баян сұлу», «Ер Көкше» дастандарын бала кезінде жазып алып, кейін ұстазы Н.Ф.Костилецкийге берген.
Шоқан Уәлиханов- әдебиетші
Слайд 33 Қазақ әншілері мен жыршыларының Шыңғыстың үйіне жиі
келіп, жыршылардың орындауында дастандарды көп естігендіктен Шоқанның халық поэзиясын қастерлеу
сезімінің ерте оянауына елеулі әсер етті.
Шоқан Уәлиханов- әдебиетші
Слайд 34 Шоқан Уәлиханов «Қазақтың халық поэзиясының
үлгілері туралы», «Орта жүз қазақтарының аңыз- ертегілері», «18-ғасырдыңбатырлары туралы тарихи
аңыздар», «Едіге мен Тоқтамыс туралы аңыз», «Едіге», «Шона батыр», «Қозы Көрпеш- Баян сұлу», «Ер Көкше», «Манас» жырларын тұңғыш зерттеуші.
Шоқан Уәлиханов- әдебиетші
Слайд 36 «Бұрынғы ата-бабаларының ерлігі туралы жыр-дастандарға дегенде халық сүйіспеншілігінде
шек жоқ. Соншалықты мол мұраны ауыздан- ауызға, жазбасыз, баспасыз, алып
даланың бір шетінен екінші шетіне жеткізіп, ғасырлар бойы ойда сақтау, олардың ақындық суырып салма ғажап қабілетінің көрінісі болса керек» деп, жазады Шоқан Уәлиханов.
Слайд 37 «Қазақтар жаратылысының өзінен-ақ қабілетті, дарынды және ғажайып
сезімтал келеді... Сұлтандардың ерлік істері мен ескілікті жырлайтын суырып салма
ақындары олардың барлық руларында кездеседі. Қазақтардың батырлық эпосы мен аңыздары, ертегілері өте көп және олар өлең мен музыканы жақсы көреді »- деп жазған Ш.Уәлиханов.
Слайд 39Ш.Ш.Уәлиханов - жалынды публицист
Ш.Ш.Уәлиханов - жалынды публицист.
Публицист - дәуір тынысын дәл танып, күнделікті жағдайға белсенді араласатын
саяси - әлеуметтік құбылысты бұқараға таптық тұрғыдан пәрменді жеткізетін, халықтың талап - тілегіне дер кезінде үн қосатын қоғам қайраткері.
Шоқан Уәлиханов - жан-жақты білімді, дүниедегі өзгерістерге батыл қараған, жалынды қаламгер. Қашқардағы көтерілістердің нақты себептерін айта отырып, өз еліндегі ұқсас көріністерді ашып айтуға мүмкіндік алды. Шығыс Түркістандағы халық көтерілісін терең талдап көрсету революционер-демократтың ғана қолынан келетіні ақиқат.
«Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет» - деген Шоқан Уәлихановтың пікірі, әр уақытта маңызы зор.
Слайд 40 Шоқан Уәлиханов мұрасының бірі - бейнелеу өнеріндегі
зерттеулері. Бұл еңбектер ғалымның өнер саласындағы қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі
болғанын дәлелдейді. Негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеумен айналысқан. Ғалымның 150 - дей суреті бар. Бала кезінен сурет салуға құмартқан. Бұл өнерді ол Құсмұрын бекінісіндегі Уәлихановтардың үйінде ұзақ тұрған орыстың суретші - топографтары мен геодизистерінен үйренді.
Шоқан Уәлиханов - суретші
Слайд 41 Уәлихановтардың ауылына жиі-жиі келіп жүрген орыс
ғалымдары, инженерлер қабілетті Шоқанды көркемөнер мен әдебиетке құштарландыра түседі.
Шоқанның портреттерінің ішінен «Автопортретін» ерекше атай кетпекпіз. Академик жазушы Ғабит Мүсірепов «Автопортретінде» Шоқан өзінің өткінші сәттік көңіл күйін ғана емес, өз тіршілігінің ішкі мән – мағнасын тарқатқысы келгендігін өте орынды байқаған.
Шоқан Уәлиханов - суретші
Слайд 42 Көтеріңкі көңілкүй, асқақ рух, өз халқының ертеңіне
деген сенім аңғарылады.
Шоқан Уәлиханов творчествосынан сурет, оның ішінде
қарындашпен салынған суреттер айрықша орын алады. Сурет жанры дегеніміз, бейнелеу өнерінің түп атасы.
Шоқан Уәлиханов - суретші
Слайд 44 Уәлихановтың портреттік жұмыстары мен түрлі тақырыптарғы
сапарнамалық суреттері («Іле өзені жиегіндегі уақытша қоныс», «Отрядтың Түп өзеніненбалық
аулауы», «Отрядтың Ыстықкөл жағасына жасаған ашық аялдамасы», «Отрядтың Түп өзені бойында дамылдауы»), этнографиялық сипаттамалары («Ұйғыр келіншек», «Алатау қырғыздарының қыз – келіншектері», «Үш аяч», «Шығыс Түркістан ұйғырлары әйелдерінің бас киімдері мен шаш өрімдерінің сипаты», «Салт аттылар немесе ат баптау»), тақырыптық еңбектері («Сырымбеттегі Айғаным мекен – жайы», «Шақырым бағаны төңірегіндегі көрініс», «Тораңғы түбіндегі үй») Шоқан Уәлихановтың бейнелеу шеберлігін көрсетеді.
Шоқан Уәлиханов - суретші
Слайд 46Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектеріне пікірлер
«Шоқан Уәлиханов есімі
Түркістанның Махмұт Қашқари, Бабыр, Науаи сынды әйгілі ұлдары есімдерімен қаз
- қатар тұрады», «Шоқан мұралары шығыстану көгінде әрдайым жарқырап тұрар қордалы байлығымыз. Одан түркі халқы тегіс сусындайды, мәдениетін, ой-өрісін, кісілігін шыңдайды. Келер ұрпақ Шоқан еңбектерін жастанып оқитын болады. Өйткені, уақыт сынына төтеп берген мұра, бой бермеген тұлға - ең асыл мұра, ең дара тұлға!» - деген жазушы Шыңғыс Айтматов.
Слайд 47Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектеріне пікірлер
Қазақтың кемел
жазушысы Ғабит Мүсірепов: «Шоқанның ұлылығы соншама, біз оны енді ғана
толық түсіне бастағандаймыз... Шоқаны бар ел - шоқтығы биік ел» - деп жазған екен.
Шоқанның досы, орыс ғалымы Н.М. Ядринцев бір мақаласында: «Шоқан Уәлихановты есте қалдырудың төте жолы – қазақ халқы тағы бір Уәлихановтыдүниеге келтірсін деп тілеу», - деп жазған еді.
Слайд 48Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектеріне пікірлер
«Менің бір таңқалатыным:
Абылай ханның ұрпағы бірімен бірі жалғасып жатады, әр заманда, әр
қиырда шырақтары сөнбей жанып тұрады. Шоқан – соның куәсі» деп айтқан жазушы Сәбит Мұқанов.
Венгр ғалымы Қоңыр Мандоки: «Әлемде ориенталистикада бірауыздан мойындалатын саңылақ ғалымдар көп емес. Санаулы ғана. Сол санаулылар ортасындағы бірегей тұлғалардың бірі - қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов деп білемін» деген.