Слайд 1Сабақтың тақырыбы:
Әлеуметтік желілер
етістіктің түрлері
Етістіктің шақтары, олардың жасалуы; осы шақ
/ауыспалы осы шақ, нақ осы шақ/
Слайд 4Жаңа тақырып
15.01.2018 жыл
Етістіктің шағы: осы шақ, өткен шақ, келер
шақ.
Етістік шақтарының жасалу жолдары
Осы шақтың түрлері: нақ осы шақ пен
ауыспалы осы шақ
Слайд 5ДЖИГСО әдісі арқылы түсіндіру
Слайд 9Жаңа сабақты бекіту
Жедел тест
1. Қазақ тілінде етістіктің неше шағы бар?
А)
2. В) 3. С) 4. Д) 5. Е) 6.
2. Жалаң
нақ осы шақты табыңыз..
А) Отыр, жатыр, тұр. В) Отырды. С) Жүр, тұр.
Д) Отыр, жатыр, жүр, тұр. Е) Жатыр, тұр, жүр.
3. Күрделі нақ осы шақ етістігін табыңыз.
А) Келіпсің. В) Тыңдап отыр. С) Шыдамайды.
Д) Келген жоқ. Е) Ұнамай қалды.
4. Ауыспалы осы шақтың жұрнағын белгілеңіз.
А) –ып, -іп, -п. В) -ып,- іп,-а, -е. С) –а, -е, -й.
Д) –а, -е, -й, -п. Е) –ыр, -ір, -р.
5.Күрделі нақ осы шақты табыңыз.
А) Күле берді. В) Күліп тұр. С) Күліп барды.
Д) Күліп қайтты. Е) Күліп келеді.
Слайд 106. Жедел өткен шақтың жұрнағын табыңыз.
А) –ды, -ді, -ты, -ті.
В) –атын, -етін, -йтын, -итін.
С) –ған, -ген. Д) –ар, -ер,
-р. Е) –ып, -іп, -п.
7. Ауыспалы осы шақта тұрған сөзді табыңыз.
А) Оқы. В) Оқып. С) Оқимын.
Д) Оқысың. Е) Оқыған.
8. Ауыспалы келер шақтың жұрнағын табыңыз
А) –мақ, -мек, -бақ, -бек. В) -етін, -йтын, -итін.
С) –а, -е, -й. Д) –ар, -ер, -р. Е) –ып, -іп, -п.
9. Етістіктің ауыспалы келер шағын табыңыз.
А) Ұйықтаймын. В) Ұйықта. С) Ұйықтадым.
Д) Ұйықтамадым. Е) Ұйықтарсың.
10. Етістікті анықтаңыз.
А) Бесінші. В) Ол. С) Аспазшы.
Д) Келші. Е) Қызғылттау
Слайд 11Тест жауаптары
1.В
6.А
2.Д
7.С
3.В 8.С
4.С 9.А
5.В 10.Д
ӨЗ-ӨЗДЕРІҢІЗДІ ТӨМЕНДЕГІ КРИТЕРИЙЛЕР БОЙЫНША БАҒАЛАҢЫЗДАР.
Слайд 12Критерий арқылы бағалау
1-10- Жарайсың!
1-8 - жақсы
1-6 -
талпыну керек
Слайд 13Сергіту сәті
Мақалды сөйлетіңіздер
Слайд 161-тапсырма
Мәтіннен шақтарды тауып, түріне қарай ажыратыңыз. Бұл жерде ең жылдам
орындаған топ пен дұрыс жауаптар санына қарай бағаланады.
XXI ғасырдың алғашқы
он жылы ішінде дүние жүзіндегі Интернетке қосылған адам саны 350 миллионнан 2 миллиардқа дейін өсті. Ал ұялы телефон байланысын пайдаланатын адам саны 750 миллион адамнан 5 миллиардқа жетті. Қазір бұл көрсеткіш 6 миллиардқа тең.
Егер технология осы қарқынмен дами беретін болса, алдағы 5-10 жылдың ішінде жер бетіндегі 8 миллиард халықтың Интернетпен толықтай қамтылатыны анық. Байланыс әлдеқайда қолжетімді, ал жылдамдық аса жоғары болатыны да сөзсіз. Көп ұзамай-ақ, Интернет ең шалғай ауылдар мен елді-мекендерді қамтып, миллиондаған адамдардың қолына дәстүрлі телефоннан бұрын жетеді. Мұның барлығы әрбір жеке адамның және жалпы қоғамның әлдеқайда тиімді, әрі өнімді жұмыс істеуіне, интеллектуалдық және шығармашылық мүмкіндіктерді шексіз кеңейтуге мүмкіндік береді.
Технологиялар мен олардың негізінде пайда болған құралдар көпшілікке қолжетімді болған сайын, олардың мүмкіндіктері де кеңейе береді. Осы саланың мамандарына жақсы таныс Годон Мур тапқан заңдылыққа сәйкес, кез келген компьютердің күшін анықтаушы процессорлардың жылдамдығы әрбір 18 ай сайын екі есе көбейіп отырады. Яғни, 2025 жылғы компьютер қазіргі супер компьютерден 64 есе жылдам болады деген сөз.
Слайд 172-тапсырма
«Еркін жазу стратегиясы»
Берілген мақалдан етістікті тауып, қай шақта тұрғанын
анықтап, жіктеп беріңіз.
3-топқа 3 мақал беремін.
А) Үйдің ыстық-суығы қыс
түскенде білінер,
Адамның алыс-жуығы іс түскенде білінер.
Б)Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
В) Ой түбінде алтын бар
Ойлай берссең табарсың,
Жолың ұзақ болғанмен,
Жүре берсең барарсың
Слайд 18АЙТЫЛЫМ
«Ізденіс стратегиясы»
1-күрделі нақ осы шақ жасаңыз.
Отыр, тұр, жатыр,
жүр.
2-бұрынғы өткен шаққа айналдырыңыз
Айт, кел, жаз,
3-болжалды келер шаққа айналдырыңыз
Сөйле, аш,
бар.
Слайд 20Кері байланыс
«Жетістік баспалдағы»
Слайд 23Үй тапсырмасы
Осы шақта «Әлемді алаңдатқан әлеуметтік желілер» тақырыбына «төрт сөйлем»
әдісімен өзіндік пікір жазыңдар.
/Оқулықтағы 91-бет/