Слайд 2Өмірбаяны
Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді
болысының Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысы, Ақадыр ауданы) туған.
Сәкен
Сейфуллин қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Сәкен жастайынан ән салып, өлең шығарып, өнерге әуестенумен бірге, саяси тартысқа ерте араласты. Сәкен өз шығармаларында ерлікті, сұлулықты, адалдықты, асқақтата жырлады.
Әкесі Сейфолла домбырашы, шешен әрі саятшы болған.
Анасы Жамал ертелі – кеш Сәкенге аңыз-әңгіме, ертегілер айтып берген.
Табиғаттан дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қырмұрын, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Садуақас деген есімнің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен.
Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса – хиқаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді «орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен», — деп, тоғыз жасында Нілді заводына жіберді. Сәкеннің жан – жақты білім алуы, азаматтық — әлеуметтік көзқарастырының қалыптасуы, шығарамашылық қадамының басталуы оның 1908 – 1913 жылдары Ақмоладағы Приходская школада, қалалық училищеде, 1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған жылдарымен тығыз байланысты.
1914 жылы Қазан қаласында С. Сефуллиннің «Өткен күндер» атты алғашқы өлеңдер жинағы халық өмірі мен тұрмысын кең көлемде жырлады.
1916 жыл оқиғасы, революция шындықтары, өмір — тұрмыс сырлары «Тар жол, тайғақ кешу» романында суреттелген. Оның «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспресс» атты өлеңдер жинағы және т.б. шығармалары халық жүрегінен үлкен орын алды.
Сазгер ретінде Сәкен Сефуллин қазақтың жаңа музыкасының дамуына өзінің тамаша әндерімен үлес қосты. 1936 жылы қазақ әдебиетінің көзі тірі классигі С.Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланып, әлеуметтік ерекше қызметі ескеріліп, оған Еңбек Қызыл Ту ордені берілді. Сталиннің жеке басынатабыну кеселінен жазықсыз жалаға – репрессияға ұшыраған Сәкен Сейфуллин 1938 жылы 25 ақпанда мерт болды. Әкесі Сейфолла да репрессияға ұшырады.
Слайд 3С.Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды.
«Көкшетау» (1934),
«Қызыл ат» (1934), дастандарында заманалық мәселелер көрсетілген. «Қызыл атта» 30-жылдардың
бас кезінде Казақстанның ауыл шаруашылығында орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады. «Ақсақ киік» (1924), «Аққудың айрылуы» (1925) шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін суреттейді.
С.Сейфуллин проза, драмматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті.
«Жұбату» (1917) әңгімсі – Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. «Жемістер» (1935), «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С.Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғак, кешу», атгы тарихи-мемуарлық романында көрсетеді Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зерттеу, бастыру ісімен де шұғылданды. «Жер қазғандар», «Қыр балалары» атты хикаяттар жазды.
Өршіл рухты, әсем сазды әндер шығарды.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Слайд 4 Үш бәйтерек
Сәкен,
Бейімбет, Ілияс! Үшеуінің де жөргегі – ұланғайыр бір даланың топырағы.
Біреуі – соның кіндік ортасында, біреуі теріскей, біреуі – күнгей шалғайында бір жыл туыпты. Үшеуі де бір жаздың майсасынан алғаш нәр татып, бір қыстың ызғарынан алғаш қар басыпты.
С. Сейфуллин атамекен болашағының нұрлы, жарқын болуын тіледі, барлық саналы ғұмырын, күш жігерін осы ізгілікті іске арнады. Сәкен айналасы жиырма жылдың ішінде қазақ дәулеті шалқыған, өнер - білімі гүлденген халықтардың қатарына қосуды армандады.
Слайд 6Бейімбет Майлин
Бейімбет Майлин (1894-1938)
Бейімбет Майлин - аса көрнекті суреткер жазушы, ақын,
драматург Бейімбет Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай
облысы, Тараз ауданы, казіргі Майлин атындағы кеңшарда туды. Әкеден ерте жетім қалған бала жалшылықта жүріп, ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды, кейін көрші ауылдағы медреседе екі жыл оқиды. 1913-1914 жылдары Троицкідегі "Уазифа" мектебінде, оны бітіргеннен кейін Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде оқиды. Медресе қабырғасында талапты жастармен бірге "Садақ" қолжазба журналын шығарысады. Алғашқы тырнақалды туындысы "Шұғаның белгісі" әңгімесі осы журналда жарияланады. Медреседе белгілі татар жазушылары Мұхит Ғафури, Ғалымжан Ибрагимовтен сабақ алады, башқұрт ақыны Сайфи Құдашпен бірге оқиды. Денсаулығына байланысты оқуын аяқтай алмай, Бейімбет ауылға оралып, 1916-1919 жылдары ұстаздық етеді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезінде Бейімбет халық жағында болып, өлеңдер жазады. Жаңа үкімет тұсында 1919-1921 жылдары ауылдағы кеңес жұмысына қатысады. 1925-1934 жылға дейін баспасөзде және баспа орындарында бір түрлі қызметтер атқарады. 1934-1937 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің редакторы болып істейді. 1938 жылы Бейімбет Майлин өмірі биік белесіне енді шыға бергенде әділетсіздікке ұшырады.
Слайд 8Сөздікпен жұмыс
Шөл – суға тапшы аймақ
Сегіз көштік – ұзындық өлшемі
Таңы
– жануардың әсем,сұлу, мүсіні.
Қос – шатыр, күрке, далалықта паналайтын баспана.
Бетеге-
шөп атауы.
Қу баялыш- шөп атауы
Киік – аталық жануар.
Бөкен – аналық жануар.
Бетпақдала- Арқаның шөл даласы
Слайд 9Қосымша мәлімет
Өлеңнің бастапқы жолдарында баяндалған Арқа, Бетпақдала туралы мәлімет бере
кетейін. Арқа, яғни Сарыарқа Орталық Қазақстанды алып жатқан аймақ. Батысынан
шығысына дейін 1200 км өңірді алып жатыр. Бетпақдала осы сарыарқада орналасқан, батысы сазды, шығысы тасты құмды, шөлді жер.
(Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында орналасқан. Батысында Сарысу өзенініңтөменгі ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі.)
Слайд 10Қосымша мәлімет
Киік дегеніміз не? Киікті қазақ ақбөкен деп те атайды.
Киік шөлді жерді мекендейді. Оның мүйізі медицинада дәрі – дәрмек
жасау үшін пайдаланылады. Еті мен мүйізі бағалы. 1919 жылдан бастап Сарыарқада киік аулауға қатаң тыйым салынды. Үкiмет ақбөкендердi 2006 жылы «Қызыл кiтапқа» ендiрдi.
Слайд 11Өлең құрылысын сатылай кешенді талдау
1.Авторы:
2. Тақырыбы:
3. Жанр түрі – поэзия
(өлең). Өлең дегеніміз белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
4. Идеясы: автор тақырып арқылы сиындық өмір көріністерін суреттегенде оны өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат мүддесін, арманын білдіреді. Бұл өлең идеясы ---------------------- 5. Шумақ. Аяқталған синтаксистік бір тұтас ойды білдіреді.
Шумақ
6. Тармақ – өлеңнің әр жолы.
Тармақ
7. Буын – сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Буын
8. Бунақ – тармақтың белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.
Бунақ –
9. Ұйқас - өлең тармақтарындағы соңғы сөзлердің үндесуі.
Ұйқас түрі –
10. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.
11. Өлеңде көркемдегіш тәсілдердің қай түрі бар.
Слайд 12
Тест «иә», «жоқ» шартты белгілері арқылы.
1. С.Сейфуллин 1894 ж.дүниеге келді
ме? +
2. Киіктер орманды жерде мекен ете ме?-
3. Киікті бөкен
деп айтуға бола ма? +
4. 1919 ж. Киікті аулауға тыйым салынды ма? +
5. Бетпақдала - Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңірі ме? +
Үш бәйтерек: Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин бе?
С. Сейфуллин 1938 жылы дүниеден өтті ме?
8. Баялыш – шөп атауы ма?
Слайд 13Тест «иә», «жоқ» шартты белгілері арқылы
1. С.Сейфуллин 1894 ж.дүниеге келді
ме? иә
2. Киіктер орманды жерде мекен ете ме?
жоқ
3. Киікті бөкен деп айтуға бола ма? иә
4. 1919 ж. Киікті аулауға тыйым салынды ма? иә
5. Бетпақдала - Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңірі ме? иә
Үш бәйтерек: Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин бе? жоқ
С. Сейфуллин 1938 жылы дүниеден өтті ме? иә
8. Баялыш – шөп атауы ма? иә