Слайд 1 Есімше. Есімшенің жасалуы мен түрлері.
Сабақтың тақырыбы:
Слайд 2Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Есімше, оның жасалуы мен түрлері, сөйлемдегі қызметі
туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Оқушылар бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, танымдық
белсенділігін арттыру.
Дамытушылық: Сауаттылыққа баулу, алған білімі негізінде ойлау қабілетін дамыту.
Слайд 3Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты өту
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сахналық көрініс
Сабақтың
көрнекілігі: Слайд, қималар, тест жұмысы
Слайд 4Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен амандасу, оқу құралдарын тексеру;
ә) оқушылардың сабаққа қатысуы;
б) оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
Слайд 5
II. Сабаққа ден қою (ой қозғау)
Барша заттың бір өзімде қимылы,
Сөз
табының күрделісі, қиыны.
Сабақты, салт, есімше, көсемше боп,
Шақ, рай, етіс те
боп жиылдың.
Балалар, осы төрт шумақ арқылы қай сөз табын айтып тұрмын?
Тақтада етістіктің мағыналық топтары жазылған, «мағыналы белдеулер» сызбасы ілінеді.
Е _________________ болымды, болымсыз
Т
І ____________________ салт, сабақты
С
Т____________________ етіс
І
К____________________ есімше, көсемше
тұйық етістік
Слайд 6ІІІ кезең
Үй тапсырмасы
Балалар, біздің етістіктер ширегіндегі соңғы аяқталған белдеуіміз
– етіс. Стрелка етісті көрсетіп тұр. Бұл тақырыпты оның түрлерімен
толық танысып шыққан болатынбыз. Өткен материалды еске түсіру үшін мына қимларадағы сұрақтарға жауап берулерің керек.
Слайд 7 Сұрақтар:
Етіс дегеніміз не?
Етістің қандай түрлері бар?
Өздік етіс
нені білдіреді және қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
Өзгелік етіс нені білдіреді
және қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
Ырықсыз етіс нені білдіреді және қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
Ортақ етіс нені білдіреді және қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
Бір түбірге бірнеше етіс жұрнағы қалай жалғанады, мысал келтір.
Слайд 8ІV.Өткен тақырыпты қайталауға арналған тест сұрақтары
Слайд 9V. Жаңа сабақ:
Есімше. Есімшенің жасалуы мен түрлері.
Мақсат қою кезеңі.
Бүгінгі
тақырыпта нені білуіміз керек?
- Есімшенің ережесін.
- Есімшенің жасалу жолдарын.
- Есімшенің
сөйлемдегі қызметін.
Бүгінгі тақырыпта нені үйренуіміз керек?
- Есімшені етістіктің басқа түрлерінен ажырата білу.
- Қай сөйлем мүшесі бола алады.
Есімше – етістіктің ерекше түрі. Түбірі етістіктен болған, бірде етістер, бірде есімдер қызметін атқаратын етістіктің түрі есімше деп аталады. Мысалы: Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес. Естіген құлақта жазық жоқ. Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар.
Осы мақал-мәтелдердегі етістіктерді тауып, оның түбірін, мағыналық түрлерін оқушылармен бірге анықтаймыз.
Слайд 10 Есімшенің жасалу жолдары
Есімше
етістіктің негізгі эәне туынды түбіріне етіс және болымсыз етістіктің тұлғаларына
төмендегідей жұрнақтар қосылу арқылы жасалады.
– ған, ген, қан, кен – өткен шақ. Мыс: айтқан, жазған, көрген, кеткен
– ар, ер, р, с – болжалды келер шақ. Мыс: айтар, жазар, көрер, көрмес
– мақ, мек, бақ, бек, пақ, пек – мақсатты келер шақ. Мыс: айтпақ, жазбақ, көрмек, сезбек
– атын, етін, йтын, йтін – ауыспалы келер шақ. Мыс: баратын, келетін, қарайтын, сөйлейтін.
Есімшенің өзіне тән ерекшеліктері.
Есімше заттың қимылдық белгісін білдіреді. Мыс: оқыған кітап.
Есімше етістік түбірден жасалса да септеледі, көптеледі, тәуелденеді.
Сын есім сияқты зат есімнің алдынан келеді. Мыс: орылған егін.
Слайд 11VІ. Оқулықпен жұмыс
250-жаттығу. Жұптық жұмыс.
І қатар. Берілген
мәтіннің мазмұнын айтады
ІІ қатар. Есімшелерді табады.
ІІІ қатар. Есімшелерді түбір мен қосымшаға ажыратады.
Слайд 12VIІ. Тақтада жұмыс
Берілген сөйлемдердегі етістіктерді есімшеге айналдыру.
Қоңырау соғылды – соғылған
қоңырау
Ақындар айтысты – айтысқан ақындар
Шалғын жайқалды – жайқалған шалғын
Тас қаланды
– қаланған тас
Шам сөнді – сөнген шам
Слайд 13
251-жаттығу. Қарамен жазылған есімшелердің қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын және
олардың мағынасын түсіндіріңдер.
Үлгі: есімше – түсінгенге: түбірі
– түсін, - ген – есімшенің жұрнағы, өткен шақты білдіреді, - ге – барыс септігінің жалғауы.
Түсінгенге сөздерім
Құлағына хат болар.
Түсінбейтін жаманға,
Мал қимайтын сараңға,
Айтқаның мен айтпаған
Бәрі бірдей сап болар.
Қалағандарың сөз болса,
Мен жырлауға дайынмын.
Кәріліктің белгісі –
Көңілдің қошы келмеген.
Жалғыздықтың белгісі -
Өзіне өзі сенбеген.
Сақилықтың белгісі –
Халықтың қамын көздеген.
(Ақтан Керейұлы)
Слайд 14VІІІ.Кім жылдам
1 қатар
Мақалдарды аяқтап, есімшелерді тап.
1.Өнерлі жігіт
өрге озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
2.Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
3.Сөз тапқанға қолқа жоқ.
4.Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.
5.Көз жетпеген жерге сөз жетеді.
6.Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені,
Еменнің иілгені – сынғаны.
7. Айтылған сөз – атылған оқ.
8. Қарға сұңқар болмас, есек тұлпар болмас.
9. Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.
Слайд 152 қатар
Мәтіннен есімшені тауып, қай шақта тұрғанын анықтаңыз.
Музыка өнері
Музыка мәдени тәрбиелік роль атқарады. Адам сезімін, ойын дыбыс арқылы суреттейді. Қазақтың көне музыка өнерінің өкілдері - Әбу-Насыр-Әл–Фараби, Қорқыт, Қазтуған, Асан қайғы. Қазақтың 50-ден астам музыкалық аспабы болған. Оның ішінде домбыра, шаңқобыз, сырнай,сыбызғы аспаптары кең тараған. Бүгінгі күнде әр үйдің төрінен орын алатын қазақтың қара домбырасы әлемге әйгілі аспап болып танылған.
Слайд 16
3 қатар
Есімшенің сөйлемдегі қызметін көрсет.
1.Бастауыш
Ерінбеген етікші болар (мақ.)
Саған
айтарым осы.
Айтатыным жоқ.
2.Баяндауыш
Жауын жауар, көк шығар.
Ол саған айтатын.
3.Анықтауыш
Домбыраны қолға алсам, Ағылған жыр мен күй көрем. (Ж..) Өсер малда өлім жоқ.
Айтар сөзім осы.
Айтатын адамды іздеу керек.
4. Толықтауыш
Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім. (М.Әуезов)
5. Пысықтауыш
Осыны сезген сайын Абай тоқтаусыз жыр тереді. (М.Әуезов)
Слайд 17IХ. Қорытынды бөлім
Мақалды аяқта.
Қаһарлы сөз (қамал бұзар)
Сөз тапқанға (қолқа
жоқ)
Оқ жарасы бітер, сөз жарасы (бітпес)
Сахналық көрініс (есімше мен көсемше)
Х.
Бекіту:
Біз бүгін нені үйрендік, білім қорымызға қандай мәліметтер қосылды?
Слайд 18 ХІ. Үйге тапсырма
Оқулықтан 252-жаттығуды орындау.
1-тапсырма. Құрамында есімше кездесетін
бес сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңдар. Есімшелерге тұлғалық талдау жасаңдар.
2-тапсырма.
Құрамында есімше сөз бар мақал-мәтел тауып жазыңдар. Есімшелердің мағынасын түсіндіріңдер.
ХІІ. Оқушыларды бағалау
Слайд 19 Сабақ аяқталды!
Сау болыңыздар!