Разделы презентаций


Сұлтанбек Қожанов – тұғыры биік тұлға

Мазмұны1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім 2.1 Сұлтанбек Қожанов өмірі мен қызметі және шығармашылығы. 2.2 Сұлтанбек Қожанов – әдебиет пен мәдениеттің талғампаз жанашыры.3.Қорытынды.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1 Оңтүстік Қазақстан облысы
Созақ ауданы Раң ауылы
Б.Батырбекова

атындағы жом кмм

Ғылыми жоба
Тақырыбы:
«Сұлтанбек Қожанов –


тұғыры биік тұлға»

Орындаған: Орын Бердібек Қанағатұлы
6-сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі: Жақсыбаев Медет Данабекұлы


Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы   Раң ауылыБ.Батырбекова атындағы жом кммҒылыми  жоба Тақырыбы: «Сұлтанбек

Слайд 2Мазмұны

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім
2.1 Сұлтанбек Қожанов өмірі мен қызметі және шығармашылығы.


2.2 Сұлтанбек Қожанов – әдебиет пен мәдениеттің талғампаз жанашыры.

3.Қорытынды.

Мазмұны1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім 2.1 Сұлтанбек Қожанов өмірі мен қызметі және шығармашылығы. 2.2 Сұлтанбек Қожанов – әдебиет пен мәдениеттің

Слайд 3Зерттеу жұмысының өзектілігі

  С. Қожановтың тұлғасы саясат үшін

де, тарих үшін де қызмет жасайды. Ұлт барда ұлттық мүдде

бар. Ұлттық мүдде бар жерде оған қызмет етудің өлшеміне айналған С. Қожановтың тұлғасы менмұндалайды Академик М. Қозыбаев отандық тарих ғылымын тарихи қайраткерлермен тұлғалау зәру мәселелердің бірі екендігін айта келіп: «Күні кешеге дейін жеке адам мен халықтың қатынасы толық ашылмай келді. «Қайраткерлер» ұғымы қызметкерлер, мансап иесі дәрежесіне төмендетілді. Қайраткер – жасампаз адам, жоқтан бар жасаушы, өз мүддесін халық мүддесімен қабыстырып, өз халқын өркениет көгінде жарастырушы болса керек» деген ойды одан әрі өрбіткен ғалым «Отан тарихынан кей бір кездейсоқ адамдарды аластап, тарихи тұлғаларды өз тұғырына қондыру керек» деген пікір айтады. Тәуелсіздік жағдайында ұлттық тарихтың мазмұнын қайта бағалау тұрғысында айтылған бұл пікірдің көрнекті мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожановқа тікелей қатысы бар деп білеміз.  Отан тарихында осы кезге дейін ғылыми тұрғыда игерілмей келе жатқан тақырыптар да, тұлғалар да аз емес. Ал өзінің тарихи бағасын осы кезге дейін ала алмай келе жатқан тұлғалар бірі – Сұлтанбек Қожанов.Зерттеу жұмысыма арқау болған ұлт ардақтысы С.Қожановтың біреу білсе, біреу біле бермейтін қырларын ашу.
Зерттеу жұмысының өзектілігі    С. Қожановтың тұлғасы саясат үшін де, тарих үшін де қызмет жасайды. Ұлт

Слайд 4Зерттеу мақсаты

Сұлтанбектің өмірі мен шығармашылығын тереңірек танытумен қатар, оның елі

мен жеріне, ұлты мен халқына, қала берді күллі түркі дүниесіне

жанашырлықпен қараған іс-әрекеттерін зерделеп,халыққа таныту. Әйтсе де, қайраткердің қоғамдық-саяси қызметі мен әдеби-мәдени мұрасын зерттеп, зерделеуде кенжелік, соңын күткен кібіртіктеу байқалады. Оның сыры неде болды екен деген сауал әркімді де ойлантуы тиіс. Оның басты себебі С. Қожановтың партия мүддесінен ұлт мүддесін жоғары қойған шынайы ұлтжандылығы болды. Тоталитарлық билік саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға да аса бір сақтықпен қарады. Алғашқы кезекте коммунистік билікке барынша адал қызмет жасағандар ақталып, олардың тұлғасы советтік тәрбиенің идеялына айналдырылды. Ал пролетарлық интернационализмге ұлттық құндылықтарды, таптық төзімсіздікке ұлттық бірлікті қарсы қойған Алаш қайраткерлері мен алаштық рухтағы С. Қожанов сияқты партия қайраткерлерін ақтау кейінге шегеріле берді. Бұл – советтік биліктің саясаты. Тәуелсіз қоғамымызда осы саясаттың тоңы жібігендей.  Қайраткердің өз қызметіне қатысты соңына қалдырған деректерінде партиялық биліктің ыңғайымен бүгіп қалған жайттары да жоқ емес. Таратып айтар болсақ, ол өзінің Алаш қозғалысына тікелей қатыстылығын айтудан тартынып келген. Қазіргі кезде ашық айтылатын мәселе – шын мәнінде С. Қожановтың Алаш қозғалысының қайраткері болғандығы.
Зерттеу мақсатыСұлтанбектің өмірі мен шығармашылығын тереңірек танытумен қатар, оның елі мен жеріне, ұлты мен халқына, қала берді

Слайд 5Кіріспе
  
Сұлтанбек

Қожанов - қазаққа, жалпы түркі жұртына айтулы еңбек сіңіріп, өшпес

із қалдырған ірі тарихи тұлға. Ол алаш қайраткерлерінің аға толқынына жас шағында қолғанат, есейген уағында қамқор болды. Кеңес заманында басшылық орындарда отырып, Ахмет пен Міржақып бастаған ұлт зиялыларына ешкімнен тайсалмастан қызмет берді. Сау басына сақина тілеп, Мағжан Жұмабайұлының өлеңдер жинағына алғысөз жазып, баспадан шығартты. Оның ұйымдастыруымен жарық көрген атақты “Ақ жол” газетін Сталин өзінің тікелей тапсырмасымен жаптырды. Қоқан автономиясы тұсында Мұстафа Шоқаймен тізе қосып, түркі бірлігінің туын көтерді. Өзбек ағайындардың берідегі оннан астам техникалық жоғары оқу орны Сұлтанбек Қожанұлы өз қолымен қабырғасын қалап, тұңғыш ректоры болған Орта Азия мақта-ирригация политехникалық институтынан бөлініп шықты. Қарымды азамат біршама уақыт Өзбекстанның мақта шаруашылығына да жетекшілік етті.Ол – Түркістан республикасының оқу-ағарту саласын, жер-су мәселесін және ішкі істерін басқарған үш мәрте халық комиссары, Қазақ өлкелік партия комитетінің жауапты хатшысы болды. Ақын, аудармашы, публицист, педагог. Тіпті “Есептану” атты оқу құралының авторы.
Кіріспе          Сұлтанбек Қожанов - қазаққа, жалпы түркі жұртына айтулы еңбек

Слайд 6Негізгі бөлім.
1.2 .Сұлтанбек Қожанов өмірі мен қызметі және шығармашылығы

Бүкіл саналы ғұмыры желдің өтінде, жардың шетінде өткен, есімі

мен еңбегі өзі дәл болжағандай, республикамыз тәуелсіздік алған кезеңде ғана еленіп-ескеріле бастаған Сұлтанбек Қожанұлы 1894 жылы 10 қыркүйекте қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданына қарасты Ақсүмбе елді мекенінде дүниеге келген. Сұлтанбектің зеректігін аңғарған көзіқарақты Қожан оны Түркістан қаласындағы төрт жылдық орыс-түзем мектебіне тапсырады. Зерделі бала алғашқы тәлім-тәрбие ордасын үздік тәмамдап, ізінше үш сыныптық қалалық училищеге оқуға түседі. Сол уақытта Сұлтанбектің сақа тартуына септескен мынадай жағдайлар болды: біріншіден, ол Сыр бойындағы ағартушылық мектептің Қалжан Қоңыратбайұлы, Қоңырқұлжа Қожықұлы, Ахмет ишан Оразайұлы, Ералы Қасымұлы, Садық Өте­генұлы, Серікбай Ақайұлы секілді белді өкілдерінен ақыл-кеңес тыңдап, оң-солын танитын халге жетті; екіншіден, 1912 жылы тағдырдың тәлкегімен Түркістан қаласына сапар шеккен Міржақып Дулатұлымен ойда-жоқта жолығып, соңынан әлденеше дүркін дидарласуы саяси таным-түсінігіне талай жаңалық бойлатты; үшіншіден, жергілікті жұрттың ортасында сыртқы түр-әлпетіне қарай “Ұзынсақал” атанып кеткен орыс тілінің оқытушысы, ойы оқшау ұстаз Иван Михайлович Яковлев ішкі Ресейдегі қоғамдық-әлеуметтік ахуалдан жан-жақты хабардар етіп, сауатын саралады. Міне, сол Ұзынсақал-Яковлев сүйікті шәкірті Сұлтанбекті Ташкенттегі мұғалімдер даярлайтын семинарияға қабылдату үшін көп жәрдем жасайды. Әйтпесе, айла-шарғыға жүйрік түркістандық миссионер П.Остроумовтың қарамағындағы бұл оқу орнының табалдырығын отар өлкенің талапкер жастары оңайлықпен аттай алмайтын. Содан да шығар, Ташкент мұғалімдер семинариясын 25 жыл ішінде жергілікті жұрттардың арасынан небәрі 65 адам ғана бітірген: нақты айтқанда, олардың 11-і өзбек, түркімен және татар ұлттарының өкілдері болса, 54-і қазақ пен қырғыздың ортасынан шыққан. Қысқасы, сол аз топтың ішінде Сұлтанбек те бар. Ол 1913 жылы сынақ пен сұрыптаудан сүрінбей өтіп, студент қатарына ілігеді.

Негізгі бөлім. 1.2 .Сұлтанбек Қожанов өмірі мен қызметі және шығармашылығы   Бүкіл саналы ғұмыры желдің өтінде, жардың

Слайд 7

Жігерлі жас семинарияда

оқып жүрген уақытында саясатқа шындап ден қояды. Сол мезгілде талай

халықтың санасын билеген түрікшілдік және жәдидшілдік идеяларына көңілі елтіп, ықыласы ауады. Оның үстіне 1908 жылы Түркістанға сапар шегіп, талай мешітті, медреселі орындарға аялдап өткен атақты ойшыл Ысмағұлбек Гаспринскийдің соңынан шұбырған даңқты да дақпыртты әңгімелердің ізі әлі суымаған еді. “Туркестанская правда” газетінің қосымшасы – “Костры” журналында (1923 жыл, №3-4) жарық көрген өмірбаяндық деректеріне сүйенсек, Сұлтанбек Қожанұлы 1915 жылы жастардың “Кеңес” атты жасырын үйірмесін құрған. Оған мүшелікке кейіннен түркіменнің, өзбектің, тәжіктің ірі қайраткерлеріне айналған К.Бөриев, Х.Сахатмурадов, И.Теджибаев, А.Рахымбаев, т.с.с. өзімен бірге оқитын достары тартылған. Зерттеуші Асқар Мұстафиннің мәліметі бойынша, осы іске Мұстафа Шоқай мұрындық болып, идеялық жетекшілік жасаған Ұйым мүшелері ара-арасында тағы бір алаш ардақтысы Санжар Аспандияровтың әкесінің үйінде өздерінің құпия мәжілістерін өткізіп отырған. “Кеңес” атты қолжазба журнал шығарған. Сұлтанбек семинарияны аяқтаған соң, Әндіжан уезіне барып бала оқытады. 1917 жылғы ақпан төңкерісі туралы хабарды осында жүріп есітеді. Өзінің жорықтас жолдасы, түркімен жігіті Күмісқали Бөриев екеуі Орынбордағы “Қазақ” газетінің басқармасына: “Қоқан-21/ІІІ. Мың басылыққа кісі керек болса, біз бармыз. - Сұлтанбек Қожанұлы, Күмісқали Бөриев”, - деген мәтінмен жеделхат жолдап, ол аталған басылымның 1917 жылғы 24 наурызда шыққан санында жарық көреді.
Бостандық идеясының буына бой алдырған Сұлтанбектің алдында тың соқпақ, соны өріс жатқандай көрінеді. Уақытша үкімет заманында ол Түркістан аймағындағы саяси қозғалыстардың қайнаған шебінде жүреді. Ұлт азаттығының тағ­дыры талқыға салынған тұста жергілікті халықтың жолбасшылары түрлі-түрлі топқа, тарапқа, тармаққа бөлініп кеткен еді.
Жігерлі жас семинарияда оқып жүрген уақытында саясатқа шындап ден қояды.

Слайд 8 Соның салдарынан қоғамдық-әлеуметтік бағыт-бағдар жөнінде жеке тұғыры, өзінше түсінігі,

бөгде талабы бар әлденеше ұлттық ұйым дүниеге келді. Мысалы, “Шуро-и-исламия”

және “Шуро-и-улема” қоғам­дары шариғат жолына шырағдан жағып, мемлекеттің мәртебесін мұсылманшылықтан іздеді. Бірақ, басқа түгілі, өзара басы бірікпеді, жұлдызы жараспады. Сұлтанбек Қожанұлы мен Санжар Аспандияров бастаған топ болса, за­йырлы жолды тұтынып, 1917 жылдың маусымында өлкедегі орыс жұмысшы­ларының одағымен терезе теңестіру ниетінде мұсылман жұмысшыларының мекемесін аяқтандырды. Олар өз ұйымының мақсат-мұраты туралы: “Келешекте орыстар мен мұсылмандардың арасында жаңаша қарым-қатынастар қалыптастыра аламыз ба деген үміттеміз, өйткені, тек демократиялық ұйымдар ғана ортақ мәмілеге келмекші және жергілікті жұрттың орыстарға сенімсіздігін жоймақшы. Түркістан мұсылмандарының ішіндегі жұмысшы қозғалысының ізашарлары бола отырып, біз өз халқымыздың болашақта бостандық пен теңдікке жететініне зор сеніммен қарап, күрделі міндетімізге кірісеміз”, - деп жазды.
Жұртшылық мүддесін жоқтаған Сұлтанбек Қожанұлы 1917 жылдың шілде айында Орынбор қаласында өткен бірінші жалпықазақ съезіне делегат болып қатысты. Соның артынша – тамыздың басында өткізілген Түркістан аймағы қырғыз-қазақтарының жалпы жиылысында хатшылық жасап, Тұрар Рысқұлов, Ибраһим Қасымов, Ғалимұхамед Көтібаров, Иса Тоқтыбаев, Садық Өтегенов секілді азаматтармен бірге Сырдария облыстық қырғыз-қазақ комитетіне мүшелікке және Бүкілресейлік құрылтай жиналысына өкілдікке сайланды. Мұнан арғы қайраткерлік іс-қимылына тоқталсақ, Хасен Оралтайдың “Алаш” атты еңбегінде жазылғандай, Сұлтанбек Қожанұлы “Қоқан автономиясы” үкіметінің негізін қалаушылардың бірі болды.

Соның салдарынан қоғамдық-әлеуметтік бағыт-бағдар жөнінде жеке тұғыры, өзінше түсінігі, бөгде талабы бар әлденеше ұлттық ұйым дүниеге

Слайд 9Осы саяси құрылымның жаршысына айналған “Бірлік туы” газетінің жауапты шығарушысы

міндетін 1917 жылғы желтоқсанның 16-сынан бастап басылым жабылғанға дейін, яғни

1918 жылғы сәуірдің ортасына дейін атқарды. Газет жұмысына М.Дулатұлы, Х.Болғанбайұлы, А.Мәметұлы, Ш.Сарыбайұлы, Қ.Құлетұлы, Н.Құлжанұлы, И.Тоқтыбайұлы белсене атсалысты. Мұстафа Шоқай бастаған өзінің саяси серіктері секілді, Сұлтанбек Қожанұлы да Қазан төңкерісін қуана қарсы алған жоқ. Бұған “Бірлік туы” газетінде жарық көрген “Түркістанда орыс сиездері”, “Өзіміздің большевиксінгендерге”, т.б. мақалалары – айғақ. Ол сол сәтте “Қайтейін?” атты торығыс пен түңіліске толы өлең жазып:
Қу заман, ит тіршілік қорладың ғой,  Көрсем де қанша икемдеп, болмадың ғой.  Жете алмай дегенімнің жалғызына,  Талап көп, талайсыз боп сорладым ғой...  Келемін әурелікпен өткізіп жас,  Іс етпей, құр талаппен қатырып бас.  Табиғат, тағдыр, заман тізе қосып,  Болғандай маған қарсы ынтымақтас, -  деп сары уайымға да салынады (Бірлік туы, 1917 жыл, 25 қараша).
Қоқан автономиясы қан-жоса болып таратылған соң, Сұлтанбек Қожанұлы аз ғана уақыт саясаттан сырттаңқырап, қажыр-қуатын ағартушылық жұмысқа арнайды. Мұғалімдік мамандығына кірісіп, Түркістандағы халыққа білім беру бөлімінің инспекторы болып істейді. Сөйте жүріп, аштыққа ұшыраған қазақтарға жәрдем беру комитетін басқарады. Ташкентке барып, педагогикалық училище мен педагогикалық курстарда сабақ береді. Ұстаздық қызметіне ұйымдастырушылық қабілетін ұштастырып, Қазақ-қырғыз институтының қабырғасын қаласады. 1919 жылы қайтадан Түркістан қаласына ауыстырылып, уездік-қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметіне бекітіледі. Ал 1920 жылдың наурызында Алашорда қайраткерлеріне кешірім .
Осы саяси құрылымның жаршысына айналған “Бірлік туы” газетінің жауапты шығарушысы міндетін 1917 жылғы желтоқсанның 16-сынан бастап басылым

Слайд 10жарияланған шақта коммунистік партияның қатарына өтіп, көп ұзамай Сырдария облыстық

революциялық комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалады. Сөйтіп, Сұлтанбек Қожанұлын ірі саяси-қоғамдық

тұлға ретінде қалыптастырған 1920-1924 жылдардың аралығын қамтитын Түркістан автономиялық кеңестік социалистік республикасындағы қайраткерлік кезеңі басталды.
Ол 1920 жылдың қыркүйек айында қазақтар С.Аспандияров, О.Жандосов, Н.Төреқұлов, түркімен Қ.Атабаев, өзбектер С.Қасымқожаев, А.Бабажанов, Т.Оразбаев, тәжік А.Рахымбаевпен бірге Түркістан коммунистік партиясы орталық комитетінің толық мүшелігіне енгізіліп, өлкедегі ықпалды партия және кеңес қызметкерлерінің қатарына қосылды. Бұдан кейінгі мерзім ішінде Түркістан коммунистік партиясы V-VІІІ съездерінің, Түркістан республикасы кеңестері ІХ-ХІІІ съездерінің, Кеңес одағы коммунистік партиясы Х, ХІІІ, ХІV съездерінің делегаты болып сайланды.
Мұрағат құжаттарына жүгінсек, Сұлтанбек Қожанұлының жергілікті жерлерде Кеңес өкіметі қойған міндеттерді халық тұрмысына лайықтап шешу, республикалық бюджетті орталық ұйымдардың алдында тиесілі дәрежеде қорғау, комис­сариаттардың басы артық әкімшілік құрылымдарын қысқарту, ауыл шаруашылығы кооперацияларын тиімді ұйымдастыру, оқу-ағарту мекемелерін есепке алу және қаржылық-материалдық жағдайын ойластыру, мұғалімдер даярлау сапасына көңіл бөлу, билер мен қазылар сотын қаржыландыруды ұмыт қалдырмау, аймақтық баспасөздің дамуына ықпал ету, көшпелі және жартылай көшпелі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағдарлау, Түркімен облысына, оның ішінде, әсіресе, жәуміттерге қатысты мәселелерді, сондай-ақ Ферғанадағы жер-су проблемаларын уақытылы талқыға салу, салық саясатын жүзеге асыру, бағаны реттеу, т.б. қыруар шаруамен қатар айналысқандығын көреміз. Ол кеңседе көп отырғанды қаламайтын, ел ішін аралап, жағдайды өз көзімен көргенді ұнататын басшы болды. Тапсырылған қай істі де абыроймен атқарып, білгірлігі мен тындырымдылығының арқасында әріптестері мен қалың жұртшылықтың алдында зор бедел жинады.

жарияланған шақта коммунистік партияның қатарына өтіп, көп ұзамай Сырдария облыстық революциялық комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалады. Сөйтіп, Сұлтанбек

Слайд 11 Сәбит Мұқанов өзінің “Есею жылдарында”: “Обкомдағы кабинетіне

барған мені Сұлтанбек жылы шыраймен қарсы алып, шүйіркелесе, теңдесе сөйлесті.

Оның да өлең жазатынын сонда ғана білдім. Ташкентте қазақ тілінде шығатын “Ақ жол” газеті мен “Шолпан” журналындағы “Тоқпақ” және “Замандас” - соның псевдонимі екен. Ол жалпы әдебиетті, оның ішінде қазақ баспасөзін көп оқитын адам екен”, - деп суреткерлікпен айналысқаны туралы сыр тарқатса, Әуелбек Қоңыратбаев “Керуен” атты естеліктер кітабында: “Ол - өткір тілді, тапқыр, кең тұлғалы кісі-тін. Қызыл тілге келгенде, мен ондай шешен адамды көрген емеспін. Ашуы жоқ, мінезі дарқан, сөздерін тастай етіп айтатын арыстан туған кемеңгер адам еді”, - деп ауыз сөзге ақпалығын да айтады. Сұлтанбекті көзімен көріп, сөзін тыңдаған өзге де - Ғалым Ахмедов, Дүйсеқұл Сарқұлов, Шафик Шокин, Айтжан Бутин секілді қадірменді азаматтардың естелік жазбаларындағы пікірлер де осы төңіректе тоғысады. Сұлтанбектің публицистикалық және әдеби мақалалары, өлеңдері, аудармалары сол кездегі мерзімді басылымдардың беттерінде көбіне “Тоқпақ” және “Тарпаң” деген бүркеншек аттармен жарияланып тұрған. Оның көсемсөздік шығармаларында дәуірдің тынысы, қоғамның мұқтажы, елдің тілегі қапысыз бедерленсе, поэзиясына әлеуметтік әуезділік, азаматтық және адамгершілік ауан, пәлсапалық пайым тән. Ол орыстың А.Крайский, П.Арский, А.Безымянский, Д.Бедный секілді пролетариат ақындарымен қоса, орыс символизмінің көрнекті өкілдерінің бірі К.Бальмонттың өлеңін де қазақшалаған.

Сәбит Мұқанов өзінің “Есею жылдарында”: “Обкомдағы кабинетіне барған мені Сұлтанбек жылы шыраймен қарсы алып,

Слайд 121.2 Сұлтанбек Қожанов – әдебиет пен мәдениеттің талғампаз жанашыры.

Сұлтанбек Қожанов Ахмет Байтұрсынұлына “тіл тазартуға

тынбай еңбек қылып келе жатқан, амал мәселесін іс жүзінде шешіп, тіл құралдарын жазып, қазақтың ұлт мектебіне негіз қалап, ұлт мәдениетінің түп қазығын мықтап қағуына еңбегімен себеп болған, қазақ ұлт мәдениетінің бірінші қайраткері” деп жоғары баға берген (Ақ жол, 1924 жыл, 3 сәуір). Ал Мағжанның кітабына жазған алғысөзінде: “М.Жұмабайұлының өлеңдері қазақ әдебиетінде үлкен орын алған деп санап басып отырмыз... М.Жұмабайұлының өлеңдері әдебиет тарихындағы соңғы 10-15 жылдағы ағымдарды тексеруге де жақсы құрал бола алады деп ойлаймыз... М.Жұмабайұлы өлеңдерінің тіл жағынан, әдебиет тану жағынан пайдасы көп болады деп сенеміз... Мағжан өлеңдерінің ішінде кез келетін марксизм дүние тануына ұйқаспайтын жерлерін оқушылар көре салып үрікпей, көркемдік жағына, сыршылдық жағына, суреттеу жағына көбірек көз салуы керек, тарихи мәнісіне жете түсінуі керек”, – дейді. Олай болса, С.Мұқановтың Сұлтанбек туралы: “Совет өкіметіне қарсы өлең-жыр жазудан тынбай келе жатқан алашордашыл ақын – Мағжан Жұмабаевтың Қазақстанда бастыра алмаған өлең, поэмаларын 1923 жылы Ташкент қаласында бастырды да, өзі кіріспе сөз жазып, Мағжанды аспанға шығара мақтады; “Алаш” лидері Ахмет Байтұрсыновтың 1923 жылдың күзінде Орынборда құлаған 50 жылдық юбилейін Ташкентте өткізіп, Түркістан республикасының басқарушы газеті – “Ақ жолда” Байтұрсыновты мақтаған мақалалар бастырды, портретін жария­лады...”, – деп жазуында талай сырдың жатқаны белгілі.
1.2 Сұлтанбек Қожанов – әдебиет пен мәдениеттің талғампаз жанашыры.       Сұлтанбек Қожанов

Слайд 13Қорытынды

Шүкіршілік етеріміз, Сұлтанбек Қожанұлы-ның өзі

де жоқтаусыз қалған жоқ. Әкесінің соңындағы мұрасының жарыққа шығуына жанын

салып қызмет етіп, әрбір табылған дерекке балаша қуанып, өле-өлгенше бәйек болып өткен туған қызы – топырағы торқа болғыр Зиба апамыздың әңгімелерін есітудің сәті түсті. Сұлтанбектің есімі мен еңбегін жұртқа танытуда зайыбы Гүләндам, профессорлар Ә.Тәкенов пен Т.Қожакеев, тарихшы М.Қойгелдиев, жазушы Б.Қойшыбаев, журналистер Ж.Әлмашұлы мен А.Тасымбеков, деректанушы Р.Сарғожин, өзбек ғалымы Р.Раджапова елеулі еңбек сіңірді. Сұлтанбектанушылардың қатары жылдан-жылға молайып келеді. Сонымен қатар Сұлтанбек Қожановтың бізге қалдырған өшпес мұраларын жадымыздан ешқашан өшірмек емеспіз.
Қорытынды     Шүкіршілік етеріміз, Сұлтанбек Қожанұлы-ның өзі де жоқтаусыз қалған жоқ. Әкесінің соңындағы мұрасының

Слайд 14Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
 
1. Қозыбаев М. Өркениет және ұлт.

– Алматы: Сөздік-Словарь, 2001. − 369-б. 2. Алаш қозғалысы құжаттар мен

материалдар жинағы. Сәуір 1920-1928 жж. – Алматы: Ел-шежіре, 2007. Т.3.Кн.1.-304 с  3. Алаш қозғалысы құжаттар мен материалдар жинағы. 1917, желтоқсан – 1920, мамыр. – Алматы:  4. «Алаш». 2005. Т.2. – С. 496.  5. Шоқай М. Таңдамалы. Т.2. – Алматы: Қайнар, 1999. – 520-б.  6. Волкогонов Д. А. Сталинизм: сущность, генезис, эволюция: доклад по совокупности работ на соискание ученой степени доктора исторических наук. – М.: 1990. С. 47.  7. Ленин В. И. Полное собрание сочинения. изд. 5-е. Т.20. – М.: Политиздат, 1973. − С. 532.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:   1. Қозыбаев М. Өркениет және ұлт. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2001. − 369-б. 2.

Слайд 15Пікір  

Ғылыми зерттеу жұмысында 6 сынып

оқушысы Орын Бердібек  қазақ халқының қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанов туралы

зерттеген.
Ғылыми жұмыста қоғам қайраткерінің өмірдерегі, алаш қайраткерлерімен қарым-қатынасы және атқарған қызметі туралы әр түрлі материалдар іздестірген.
Орын Бердібектің бұл зерттеу жұмысын тарих сабағында немесе тәрбие сағаттарында қосымша сабақ ретінде қолдануға болады. Ғылыми жұмысты оқи отырып оқушының көп құжаттар іздегенін және де алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады.
Пікір      Ғылыми зерттеу жұмысында 6 сынып оқушысы Орын Бердібек  қазақ халқының қоғам қайраткері

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика