Слайд 1Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Уразбаева Баян Мамановна
5 сынып
Слайд 2Сабақтың тақырыбы:
Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»
Слайд 3Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: «Қозыкүрең» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, білім көкжиегін кеңейту. Қазақ-қырғыз
халықтары арасындағы тарихи қалыптасқан қарым-қатынастың, адал көңіл-ниеттің, шынайы бауырластығы туралы
әңгімелеу. Табиғат перзенті жылқы малына деген сүйіспеншілік көзқарасты ұғындыру.
Дамытушылығы: Оқушының өз бетінше іздене білу, қорытынды, тұжырым жасаудағы машығын дамыту, ой-өрісін, сөздік қорын, ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелілігі: Адами сезімді қастерлеу, ортақ пікір, тиянақты тұжырымдама жасауға баулу, оқушыларды адамгершілік, қайырымдылық, бірлік, достық, отанды сүюге, бауырластық рухында тәрбиелеу.
Слайд 4Сабақтың түрі: білімді жүйелеу, бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап,
талдау, жинақтау,ой қозғау,топтастыру, «6 кадр», ой толғаныс, эссе жазу. Ойын
әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: Қ.Жұмаділовтың портреті, кесте-сызба, интерактивті тақта, слайдтық көріністер, жылқының суреті.
Слайд 5Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу: І топ: «Тұлпар»
ІІ топ: «Қозыкүрең»
ІІІ топ: «Сәйгүлік»
Слайд 6Психологиялық дайындық
Сыныбымыз тап – таза,
Бор да дайын тақтада.
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға.
Слайд 7 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«6 кадр» әдісі арқылы
сұрақ қою.
Қабдеш Жұмаділов кім?
Қабдеш Жұмаділовтің қандай шығармаларын білесіңдер?
Жазушы қандай
романы үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болды?
«Қозыкүрең» әңгімесі не туралы?
«Қозыкүрең» әңгімесі неге Қозыкүрең деп аталады?
Сәйгүлік дегеніміз не?
Слайд 8 ІІІ. Тірек білімді бекіту.
І. Қызығушылығын ояту.
1.
Мәтін жоспары бойынша түсінігін мазмұндап айту.
Қонаққа бару.
Қонақта.
Қызық әңгіме.
Майданға ат апару.
Қозыкүреңнің
қашуға дайындығы.
Қозыкүреңнің елге оралуы.
Қозыкүреңді арулап көму.
Сыйлық.
Слайд 10ІҮ. Жаңа сабақ.
2. Мәтінді талдау
Шығарманы оқи отырып, қай кейіпкердің іс-әрекетіне
сүйсіндіңдер ?
Қазақ пен қырғыз халқының достығы, ортақ салт дәстүрі туралы
не білесіңдер ? (Мәтіннен Ержанның ойларын тауып оқу).
Қозыкүреңнің елге қашатынын Саяқбай қайдан білді ?
Қозыкүрең елге оралғанда Саяқбай неге жылады ?
Төреқұл досы Ағыбайға «Қоянкөк» дөненді сыйға тартуы, оны Ағыбайдың қабылдап тұрып «Берген жомарт емес, алған жомарт» деуі неліктен ?
Параллелизм дегеніміз не ?
Слайд 113. Мағынаны тану.
Топтық жұмыс
1 топ. Кейіпкерлерін ата?
2 топ.
Әңгімедегі Саяқбай жылқышы қандай
адам?
3 топ. Ағыбайға Төреқұлдық сыйы.
Екі достың диалогін оқу.
Слайд 124. «Кім көп біледі» ойыны.
Жылқыға байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
Жылқы –
малдың патшасы,
Түйе – малдың қасқасы.
Жүйрік атқа жел
қамшы.
Жүйрік ат – бірде ат, бірде қанат.
Жылқылы елде жау көп,
Жатақ елде дау көп.
Жүйрікті кекіл қағысынан байқайды.
Слайд 13Ү. Жаңа сабақты бекіту.
5. Семантикалық карта.
Слайд 14Ой толғаныс.
Сөздікпен жұмыс (кесте бойынша)
Слайд 15ҮІ. Қорытынды.
Шығармашылық тапсырма.
«Менің тұлпарым» тақырыбына шағын эссе жазу.
«Туған жерге
келе жатқан Қозыкүрең» тақырыбында сурет салу.
Жылқы малын топтастыру.
Слайд 17ҮІІ. Үйге тапсырма:
«Туған жерді сағындың ба, Қозыкүрең ?» әңгіме
желісі бойынша ертегі жазу.
ҮІІІ. Бағалау.