: II курс,
III және IV жарты жылдық.
Дайындаған анатомия пәнінің
оқытушысы: Каримова Н.К.2010-2011 оқу жылдығы
Қаңқа қызыметі:
1. Механикалық:
- адам денесінің тіреуіші, қорғаушысы. Сондықтан адам тік жүреді,
қозғалады.
2. Биологиялық:
- қаңқа зат алмасуға қатысады,
- қан сүйектерде пайда болады,
-минералды тұздардың алмасуына қатысады.
Омыртқа жотасы (алдынан көрініс):
1 — мойын омыртқалары;
2 — кеуде омыртқалары;
3 — бел омыртқалары;
4 — сегізкөз омыртқасы;
5 — атлант;
6 — көлднең өсіндісі;
7 — құймышақ
Омыртқа жотасы(columna vertebralis) 33-34 омыртқадан құралған . Олар 5 бөлімнен тұрады: мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құймышақ. Құрылысы мен пішіні жағынан омыртқалар бір-біріне ұқсас, бірақ әр бөлімнің өзіне тән ерекшелігі бар.
Омыртқалар бір-бірімен серпімді шеміршек арқылы біріккен. Әрбір омыртқаның денесі, доғасы, бірнеше өсінділері бар.
II мойын омыртқасы
А — алдынан көрініс; Б — сол жақтағы көрініс:
1 — омыртқа тісшесі;
2 — жоғарғы буын ойдымы;
3 — қыр өсіндісі;
4 — төменгі буын ойдымы;
5 — омыртқа денесі;
6 — омыртқа доғасы;
7 — көлденең өсінді;
8 — көлденең өсіндісінің тесігі
I и II мойын омыртқалары басқа омыртқаларға өзгеше, атланттың денесі жоқ, екінші мойын омыртқасының жоғарғы тесігімен ерекшеленеді, бастың бұрылуына мүмкіндік тудырады.
III бел омыртқасы
(үстінен көрініс):
1 — қылқанды өсіндісі;
2 — жоғарғы буын өсіндісі;
3 — төменгі буын өсіндісі;
4 — көлденең өсіндісі;
5 — омыртқа өзегі;
6 — денесі
Мойын омыртқаларының саны 7. Көлемі кіші, көлденең өсіндісінде тесік болады.
Бел омыртқалары саны-5, бір-бірімен тығыз байланысқан. Денесі мен білікше өсіндісі үлкен, жалпақ.
Кеуде омыртқасының саны-12., денесі жоғары және төменгі бүйірінде қабырға үшін ойығы бар. Бұл ойыққа қабырғаның басы келіп қосылады. Өзек тесігі дөңгелек, білікше өсіндісі ұзын, арқадан төменгі қарай, тасбақаша жатады.
6 — сегізкөз ойығы;
7 — артқы сегізкөз тесігі;
8 — ортадағы қылқанды өсінді;
9 — оң құлақшасы;
10 — аралық сегізкөз өсінді;
11 — латеральды сегізкөз өсінді
12 — сегізкөз қуысы;
13 — сегізкөз ұшы.
Сегізкөз бірігіп кеткен 5 омыртқалар жиынтығы. Пішіні үшбұрышты, жалпақ, төменге қарай тарылады. Алдыңғы бетінде көлденең 4 сызық, омыртқалардың қосылуынан қалған. 4 жұп тесігі бар, жұлынның жүйкелері шығады.
Құйымшақ 4-5 жетілмеген омыртқадан тұрады. Олар бір-бірімен серпімді шеміршек арқылы байланысқан.
Омыртқаның бірігуі
Дененің тірегі болып табылатын меншікті бағананың өзін түзетін омыртқа денелері өзара омыртқа аралық дисктер (discus intervertebralis)деп аталатын симфиздер арқылы қосылып, байланысады. Әрбір осындай диск талшықты-шеміршекті табақша болып табалады. Бұл талшықтар табақшаның беттерінде аса берік фиброзды сақина (annulus fibrosus) түзеді, табақшаның ортасында жұмсақ талшықты шеміршектен тұратын арқа хордасының қалдығы сілікпетәрізді ядро (nucleus pulposus) болады. Бұл ядро күшті қысылған және ұдайы кеңеюге тырысады, сондықтан ол серпіндіріп және буфер тәрізді соққыларды жұмсартып тұрады.
Омыртқа бағанасының бассүйекпен қосылуы шар тәрізді буындағы сияқты үш білікті айнала қозғалуға мүмкіндік беретін бірнеше буындардың қосылысы болып табылады.
Ауыз омыртқа-шүйде буыны,(articulatio atlanto-occipitalis), айдаршықтарға жатады., ол шүйде сүйектің екі айдаршығын және ауыз омыртқаның ойыс жоғарғы буын шұңқырынан құрылған. Бұлар біріңғай үйлесімді буын түзіпқозғалыс жасайды.
Төс (sternum) – кеуекті, кемікті сүйек. Үш бөліктен тұрады. Сабы, денесі, семсершесі. Төстің сабының екі шетінде 1 қабырға мен бұғана сүйегі бірігетін жерінде ойық бар.
Қабырға (costae)
Қабырғалар 12 жұп, иілген ұзын сүйектер. Оның омыртқа және төстік ұшы бар.
Омыртқа ұшында басы, мойыны және томпағы бар. Төс жағынан қабырға шеміршекке өтеді. Үш топқа бөлінеді:
Жоғарғы 7 жұп-негізгі қабырға, 3 жұп-жалған, 2-жұп кезеген қабырғалар. Олардың алдыңғы ұштары иілгіш серпімді шеміршектер, басқаларға қарағанда қысқа, төс сүйекпен байланыспайды.
Төс пен қабырғаның бірігуі
( артқы көрініс)
1 — латеральды көлденең қабырға буыны;
2 — ішкі қабырғааралық мембрана;
3 — сыртқы қабырғааралық бұлшық ет;
4 — сүйек үсті буын;
5 — көлденең аралық буын;
6 — сары буын.
Кеуде қуысының бірігуі.
Қабырғалар артқы жағынан кеуде омыртқаларымен, алдынан төспен бірігіп, кеуде торын құрайды.
Нағыз қабырғаның шеміршекті бөліктері симфиздер немесе жалпақ буындар (articulationes stemocostales) арқылы төспен қосылады. 1-ші қабырғаның шеміршегі синхондроз түзе тікелей төспен бітісіп өседі. Жалған қабырғалардың әр қайсысы ( VIII, IX және X) өз шеміршегінің алдыңғы шетімен тығыз дәнекер бітісу (синдесмоз) арқылы жоғары жатқан шеміршектің төменгі жиегімен қосылады.
Қабырға мен омыртқалар
арасындағы буын:
1 — көлденең өсінді;
2 — көлденең қабырға буыны;
3 — қабырға басы;
4 — қабырға иілісі;
5 — қабырға басының буынының капсуласы;
6 — қабырға денесі;
7 — қабырға шеміршегі;
8 — төс денесі;
9 —төс мембранасы ;
10 — төс-қабырға буыны
Қабырғалардың омыртқалармен қосылыстары.
Қабырғалардың бастарының буындық беттері мен кеуде омыртқаларының шұңқырымен қосылған. Буындық беттерінің әр қайсысы екі көрші омыртқаларының ойысымен терімен буындасады.
Қабырғалардың омыртқалармен буындасуы қабырға мойнының бойымен өтетін айналу білігімен бірыңғай үйлесімді буын ретінде әсер етеді.
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть