Слайд 1Сабақтың тақырыбы:
«Әріптер»
Пәні: Сызу негіздері
Оқытушылар :Мырзаев М.А.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Оңтүстік Қазақстан Обылысының Білім басқармасы Гуманитарлық-педагогикалық колледжі
Слайд 2Көрнекілік: өшіргіш , сызғыш, қалам. интерактивті тақта, плакат, А4 формат,
дидактикалық материалдар.
Сабақтың мақсаты:
Ойындар арқылы балалардың белсенділігі мен инициативтігін
арттыру және білім сапасын көтеру.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа қатысуын және
оқу құралдарын тексеру
Слайд 3Дәрістің түрі: аралас.
Оқыту әдісі: рольдік ойындар технологиясы, практика.
Пәнаралық байланыс: Геометрия,
Шрифт, үйлестіру,бейнелеу өнерінің тарихы, сурет, кескіндеме, ұлттық ою өрнегі,
Түсіндіру
әдісі: баяндау, түсіндіру (Жалпы әріптер туралы түсінік беру)
Слайд 4Рольдік ойын технологиясы – балаларды оқу процесіне жұмылдырып, оларды байқампаздыққа,
зерректікке, есте сақтау мен ойлау әрекеттерін дамытуға баулиды. Бұрын алынған
білімді тексеруде және бекітуде, сондай – ақ оны тереңдете түсуде ойын технологиясын кең қолдануға болады. Ойын- оқушының өмірде кездескен қиыншылықты жеңіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін де қалыптастырады.
Слайд 5 Ойын арқылы оқушы нені меңгереді
1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін
меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын
мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
Слайд 65. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында
шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9.
Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
Слайд 711. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде
оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен
іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.
Слайд 14Тапсырма: 1
Оқушыларға сызба қаріптері жайлы тереңірек түсіндіріп өтемін.
Қаріп деп әріптердің,
цифрлардың және сызбаларда қолданылатын белгілердің жиынын айтады.ғылымда, техникада, сәулет өнерінде
неше түрлі қаріптер пайдаланылады. Сызба салу, оларды іс жүзінде қолдану тәжірибесін қорытудың нәтижесінде сызбадағы өлшемдердің шамасын көрсету және жазуларды орындау үшін қалыптасқан арнаулы сызба қаріптері қабылданған.
Қаріптің өлшемі (Һ) деп бас әріптердің милиметрмен есептелген биіктігіне тең шаманы айтады. Бас әріптердің биіктігі (һ) жазу жолына перпендикуляр бағытта өлшенеді.
Слайд 15Сызба қарпінің қабылданған өлшемдері: 1,8 (ұсынылмайды), бірақ рұқсат етіледі); 2,5;
3,5; 5; 7; 10; 14; 20; 28; 40. Қаріп сызығының
жуандығын d әрпімен белгілейді. Сызба қарпінің төменде аталған төрт түрі белгіленген: тік және көлбеу А түріндегі (d = . һ), тік және көлбеу Б түріндегі (d = . һ) қаріптер. Көлбеу қаріптер жазу жолына 75 -қа тең бұрыш жасап көлбейді. А және Б түріндегі қаріптің өлшемдерін кестеден көрсетеміз.
Слайд 16 Кіші әріптердің биіктігі (с) қаріп өлшемінің (А түріндегі қаріптер
үшін) немесе (Б түріндегі қаріптер үшін) бөлігіне тең болады. Әріптің
ерекшелігін көрсетіп, жазуды жеңілдету үшін көмекші тор пайдаланылады. Көмекші тор сызықтарының арақашықтығын қаріп сызығының жуандығына тең етіп алады. Әріптердің арақашықтығын қаріп сызығының жуандығынан екі есе үлкен етіп алады. Бірақ көршілес сызықтары параллель болмайтын әріптердің арақашықтығын екі есе, яғни қаріп сызығының жуандығына азайтуға болады. І әрпінен кейін А немесе Д әріптерінің біреуі жазылса, онда олардың аралығы үлкейіп көрінеді, сондықтан арақашықты кемітеді. Кіші әріптің биіктігі өлшемі кішірек келесі қаріптің өлшеміне тең. Мәселен, қаріптің өлшемі 14 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 10, ал қаріптің өлшемі 10 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 7 және с.с. болады.
Слайд 18Сабақты бекіту
(Әділ сот рольдік ойыны)
Ойын шарттары:
Баға әділ қойылу керек.
Әр ойын
рольіне түскен тұлғалар өз рольін сомдай білу керек.
Әрбір ойын
тұлғасы ойын рольіне сәйкес өз ойын толық жеткізу керек мысалы: адвокат- ақтаушы, прокурор- даттаушы, сот- әділ болуы тиіс.
Слайд 19 Қорытындылау (білімін бағалау).
Бағалау әдісі:
Шығармаларды деңгейлеріне және шығармашылық сипаттарына
сай әділ бағалау мүмкіндіктерін қарастыру
Үй тапсырмасы: Трафаретпен әріптерді ойып келу