Слайд 1Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі Оңтүстік Қазақстан облысы ,Сайрам
ауданы, Гуманитарлық-Педагогикалық колледжі
«ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС»
Тақырыбы: «Халық өнері - асыл
қазына»
Орындаған: Хилватов А.Ш.
Слайд 2 Ағаш шебері және ағаштан жасалған өнімдер
«Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі,
рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен,
мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады».
Н. Ә. Назарбаев
Слайд 4Пайғамбарлар туғанда,
Бесік болған бұл ағаш.
Мұнаралы әр жерде,
Мешіт болған бұл ағаш.
Шеберлердің
қолында,
Кәсіп болған бұл ағаш.
Слайд 5Қашаған жырау қасиетін осылайша жырлаған ағаш пен оны өңдеу кәсібі
сонау ерте замандардан бері жалғасып келеді. Бұл адамзаттың табиғат тартуын
табиғи тұтыну бұйымына айналдырған табысты еңбегі.
Бұл ағаш шебері бастаған жұмыстың бірі, жыл санауымызға арқау болған жануарларды бейнелейтін қолшоқпар. Қоғам дамып, қолөнерге қатысты техниология жаңара түскенімен, шын шеберлер дәстүрлі әдістер арқылы ең жақсы өнімдер жасаудан жаңылған емес.
Тұрпаты тегіс ағаштан гөрі, бұтағы көп без ағашын керекке жарату кез-келген шебердің қолынан келмейді. Әгараки жөнін таба білсеңіз, көркі көз тартатын, әркімге таңсық ағаш өнімін жасап шығаруға болады. Демек бір қарағанда артық көрінген қыңыр ағаштың қалауын тапса, үздік қолөнер туындысына айналады, тек сұранып тұрған сурет пен дайын өрнекті көре білу керек.
Слайд 6Дегенмен бұраң безді шауып отырғанда, болмашы ғана қателіктен әу бастағы
жоспар мүлдем өзегріп кетуі мүмкін. Өйткені, бұл өнер өте нәзіктікті,
образды ойлау мен аса ұқыптылықты қажет етеді. Сондықтан шеберге қойылар талап қашанда жоғары.
Жалпы алғанда, адамзаттың ағаш өңдеу тарихы тым тереңде. Тіптен кейбір елдер ағашты киелі санап табынатын болған. Мәселен, Африка елдерінде ағашты жығудан бұрын түбіне пальманың майын құяды екен. Белорустар болса безі бар ағашты қиған адамға жара шығады, өсіп тұрған ағаштың қабығын аршыса, мал қырылады деп ырымдаған. Көршілес орыс шаруаларында жөке ағашын қиған адам орманда адасып кетеді деген сенім болған. Ал біздің қазақта «бабын тауып бақ өсір» деген өнегелі өсиет бар. Сондықтан халқымыз орманды орынды пайдаланып, көшпелі өмірге бейім, күнделікті тұрмыста көп қолданылатын көптеген тұрмыстық заттарды жасап, керегіне жаратқан. «Шыдамы жеткен шебер болар». Шеберлердің айтуынша, шетелдіктердің көзі қазақы сандықтағы өрнекке көбірек түседі. Бұл таңданыс сезімі табиғатты үйлесімді пайдаланып ыңғайлы бұйым жасаған біздің өнерге деген қызғушылықтан туса керек. Сондай-ақ, «атамның көзі» еді, «әжемнен қалған ақ сандық болатын» деп ырымдап, көне жәдігерлерді киелі санап сақтау салты бүгінге дейін сабақтасқан.
Слайд 7 Қазақ өмірінде көп қолданылатын ағаштан жасалған бұйымдардың түрлері сан алуан.
Ыдыс-аяқ қоюуға ыңғайлы асадалдан тартып, қымыз құятын тегене, саптаяқ, піспек,
ет тартатын астау, кесе, қасық. Осыладың бәрі өз орнымен әлі күнге дейін кәдеге жарап келеді. Ағаштан шабылған кез-келген ыдыс мықты әрі әдемі.Темірде көбіне тат болады, ал ағаш табиғи, таза өнімге жатады. Шеберлердің айтуынша, қазір ағаш ыдыстарға деген сұраныс арту үстінде. Тіптен бізде бір өзі бірнеше түрлі қызметке лайық бұйымдар да бар.
Халқымызда: «тез басында жатпайды қисық ағаш», - дейтін қанатты сөз бар. Қайбір шебердің айлап істеген жұмысын хас шебер қысқа уақытта аяқтайды. Бабалардың өнегелі жолын жалғаған өнерлі перзенттер ағаштан бұйым жасауды одан ары жаңғыртып, жандандыра түспек. Өйткені ол ұлттық ұлы мұрамыздың маңызды бір саласы, асыл
Халқымыздың өмір-тіршілігінде ағаштан жасалатын бұйымдар өте кең таралған. Сонымен бірге, қазақтың тұрмыстық тұтынуындағы бүтін аспаптың
түгелдерлігінің заты ағаш.
Слайд 8Себебі, ертеде қазақтың баспанасы киіз үйінен бастап, қарапайым қасығына дейін
ағаштан жасалып отырған.
Неге десеңіз, ағаш бұйымдар ыңғайлы, пайдалануға тиімді, сонымен
бірге ол тұрмыстық зат есебінде ғана емес, сән үшін де қолданылып, биік өнер дәрежесіне жеткізілген. "Алтынмен аптап, күміспен қаптап" дегендей, әр әулеттің жағдайына қарай зерлеп, әшекейлеп жасалған дүниені тұтынып келген. Ерте кездері бұл өнердің иесін ұста, он саусағынан өнер тамған шебер деп құрмет тұтқан. Қазіргі күні бұл кәсіп қолданбалы сәндік өнер деп айтылады
Слайд 9Әсілі, бағзы заманда темір ыдыстардың қат кезінде даладағы малшы алдындағы
қойын сауып жіберіп, отқа тасты қыздырып, ағаш тостағандағы сүтке қызып
тұрған тасты салып жіберіп пісіреді екен. Мұны "қорықтық" болмаса "тас қорық" деп атаған. Қазақтың ет тартатын астау-табағы, құрт езетін астауы, сүт, қымыз құятын шарасы, шөміш, саптыаяқ секілді барлық ыдыс-аяғы ағаштан жасалған. Оның ішінде сыйлы, қадірлі қонағына ұсынатын ыдыс-аяқтың жөні тіптен бөлек. Кейінгі кездері ел ішінде осы дәстүрді ұстанатын отбасылардың қатары көбейіп, ағаш бұйымдарды күнделікті тұрмысына қолдана бастады. Қазір қазақтың өз өнерін, байлығын өзіне көрсететін заман. Дегенмен, ағаш бұйымдары табиғи зат болғаннан кейін таза ұстап, орнымен қолдансаңыз ұзақ жылға шыдас береді.
Ата-бабаларымыз ағаштың түрін, жай-күйін өте жақсы білген.
Слайд 10Ата-бабаларымыз ағаштың түрін, жай-күйін өте жақсы білген. Сондықтан, ыдыс-аяқты көбінесе
ағаштың безінен, қатты жерінен жасап отырған. Ағаш ыдыс жарылып кетпеуі
үшін оны майлап, май сіңіру керек. Сонда оның ішіне су сіңбейді. Екінші әдіс – оны құрсаулау. Күбінің, үлкен шара ыдыстың сыртын темірмен құрсаулап тастайды. Бұл да жарылып кетпеуден сақтайды және ыдыстың сырты, түбі әр затқа соғылып мүжіліп кетпесін дегеннен туған. Ағаш ұсталарының өздерінің арнайы құрал-сайманы бар. Олар ағаш шабатын шот, қашаудың түр-түрі, ыңғыру, үскі секілді құралдар. Бұрынғы уақытта ағашты иіу, жұмсартудың тәсілдері болған. Әкемнен естуімше, ертеде ағашты малдың қиымен араластырып, су құйып жерге көміп тастайды екен. Сол кезде ол қызады да, белгілі бір күйге жеткенде ағаш жұмсарады. Дәл осы сәтте қазып алып, тезге салып, өзіне қажетті қалыпқа иіп жасап алады. Міне, осындай күрделі әдіс-тәсілдердің арқасында бүгінгі күні адам баласының ойы жетпейтін дүниелерді жарыққа шығарып отырған.
Слайд 11ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ МАҢЫЗЫ
Өткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды
етеміз
Еліміздің ұлан — ғайыр даласы тарихи ескерткіштерге тұнып тұр. Егемендік
алғанға дейін де барды танытып, барынша аян етуге талай талпыну болғанын білеміз. Бірақ осы көкейді тескен мақсат қағаз жүзінен, мінбеде айтылған сөздерден әрі аспады. Оның негізгі себебі біздің тарихымыз сол кездегі саясатқа байланысты билік басындағыларға қажет болмады. Еліміз қазір бүкіл әлемге танылды. Егемен еліміздің саяси — әлеуметтік тәуелсіздігін баянды етудің тегеуірінді бір кепілі мәдени – рухани жаңғыру. Демек саяси — әлеуметтік тәуелсіздігімізді мәдени рухани азаттықпен ұластырғанымызда ғана еліміздің егемендігі, халық тағдырына қатысты мұраттарымыз өміршең болады. Елімізде соңғы жылдары мәдени, рухани саланы дамытуға көп көңіл бөлініп жатыр, оның ішінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша орындалып жатырған жұмыстар — ол ерекше. «Мәдени мұра» бағдарламасына байланысты Елбасының «Ұлытау-ежелгі, тарихи астана, қазақ халқының алтын бесігі,-ұлттық символымызды қалыптастырып, дамытуымыз керек» деп көптенгі ойды іске асыруға қозғау салған болатын. Ұлытаудың тарихи ескерткіштері ел өткендегісін көз алдыға елестетер көріністер, бұл біздің қазақ халқының үлкен мақтанышы және зор мәртебесі.
Слайд 12Жалпы өнер рухани байлықтың тұнып тұрған қайнар көзі болып саналады.
Соның ішінде тоқталып отырғанымыз –қол өнер және бейнелеу өнері. Бейнелеу
өнерінің адамға сыйлар рухани байлығы ұлан ғайыр.
Ертеден бастап, қазақ халқы осы бейнелеу өнеріне өте жақын, және біте қайнасып келе жатырғаны белгілі. Халықымыздың қол өнер шеберлерінің тіккен киім кешектері, киіз үйдің іші сыртын безендіруге қолданған адам таңғаларлық керемет ою өрнектері, ағаштан ойып жасаған ер тұрман, темірден жасалған зергерлік бұйымдары қазіргі таңда бүкіңл әлемді таңқалдырып отырғанына куәміз және біз оны мақтанышпен көрсете аламыз. Тәуілсіздік алғанға дейіносындай ата-бабаларымыздың қолымен жасалған сәндік қол өнері туындыларын көре тұра, қазақ халқы көшпенді болғандықтан өнерге, оның ішінде бейнелеу өнерімен байланысы болмады деген пікірлерді естіп келдік. Қазір алғашқы дизайнерлік шешімдердің үй тұрмысында қолданылуы, біздің ұлы шеберлерімізден бастау алғанын мақтанышпен айтуымыз керек. Жалпы дүние жүзінде дизайн шешімдерінің алғашқы бағытының қалыптасып дамуына біздің ертедегі қол өнері шеберлеріміздің тікелей әсері болды деп айтуымызға әбден болады.
Слайд 13Егемендіктің алғашқы кезеңдерінен бастап ақ мәдени салада үлкен өзгерістер байқалып,
өнерде жаңа өзіндік көзқарастар, бағыттар қалыптаса бастады. Жахандану заманында, алпауыт
елдермен бірге ең бастысы ұлттық ерекшелігімізді сақтап қалу, әрбір қазақ азаматының негізігі борышы болмақ. Бұл бүгінгі күннің көкейкесті мәселесінің бірі. Өйткені дәл осы кезде неше түрлі ағымдар мен бағыттардың бәсекеге түсіп, арасынан ең көркемі, қарапайымы халыққа қажеттісі, әсіресе Батысқа елкітеп келе жатырған жастарымызға еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ой тастап тәрбие беретін, ұлттық сезімге тәрбиелейтін, өз мәдениетіне, өнеріне мән беріп, соны жандадыратын тарихи ескерткіштерімізге ерекше көңіл аударуымыз қажет. Ондай қажетті бағыттарды үсті үстіне дамытып, өз ұлтымыздың, еліміздің өнерін, ұлттық құндылықтарымызды дүниежүзіне көрсете білуіміз керек.
Қазақ бейнелеу өнерін қалыптастыруда ұлтымыздың мақтанышы, алғашқы кәсіпқой суретшіміз Әбілхан Қастеев ағамыздың еңбегі ерекше. Бірақ қазіргі уақытта әртүрлі ағымдардың пайда болуы, реализм бағытына, оның қаншалықты өмірге қажеттілігі жайлы теріс пікір айтушылар пайда болуда. Қалай дегенде де Әбілхан атамыздың шығармашылық жұмыстары біз үшін, Қазақ халқы үшін, қайталанбас әлемдік зор туынды екендігі белгілі. Мұны айтып отырған себебіміз, қазіргі шығармашылық көрмелерде жас суретшілердің батыстың мағанасыз салынған суреттеріне еліктеулерін көп кездестіретін болдық. Біз мектеп қабырғасынан бастап, ұлттық рухымыз бен болмысымыздың соншалықты жалаңаштануына жол бермеуге қызмет жасауымыз керек. Жезқазған қаласының №7 мектеп гимназиясында бейнелеу өнері және технология сабақтарында осы Ұлытау-Жезқазған өңіріндегі тарихи ескерткіштер мен тасқа салынған суреттерді оқыту арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беруге ұйымдастырылып жатырған мәдени-тәрбиелік жұмыстар жетерлік.
Слайд 14Қазақ бейнелеу өнерін қалыптастыруда ұлтымыздың мақтанышы, алғашқы кәсіпқой суретшіміз Әбілхан
Қастеев ағамыздың еңбегі ерекше. Бірақ қазіргі уақытта әртүрлі ағымдардың пайда
болуы, реализм бағытына, оның қаншалықты өмірге қажеттілігі жайлы теріс пікір айтушылар пайда болуда. Қалай дегенде де Әбілхан атамыздың шығармашылық жұмыстары біз үшін, Қазақ халқы үшін, қайталанбас әлемдік зор туынды екендігі белгілі. Мұны айтып отырған себебіміз, қазіргі шығармашылық көрмелерде жас суретшілердің батыстың мағанасыз салынған суреттеріне еліктеулерін көп кездестіретін болдық. Біз мектеп қабырғасынан бастап, ұлттық рухымыз бен болмысымыздың соншалықты жалаңаштануына жол бермеуге қызмет жасауымыз керек. Жезқазған қаласының №7 мектеп гимназиясында бейнелеу өнері және технология сабақтарында осы Ұлытау-Жезқазған өңіріндегі тарихи ескерткіштер мен тасқа салынған суреттерді оқыту арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беруге ұйымдастырылып жатырған мәдени-тәрбиелік жұмыстар жетерлік.
Еліміздің орта мектептерінен бастап, жоғары оқу орындарының өнерге байланысты мамандықтарының оқу бағдарламалары өзінің Отанын, салт дәстүрін, әдет ғұрпы мен жерінің сұлулығын, өз менталитетімізге тән тапсырмалармен толықтырылған жөн деп ойлаймын. Өйткені сол арқылы ұрпақты тәрбиелеп салт санамыз бен өзіміздің ұлттық бояу түсімізге тән әдет ғұрпымызды келешекке жеткізетін біз боламыз. Бұл біздің егемен еліміздің беделі жоғары елдер қатарында болуына қосатын мойнымыздағы парызымыз, себебі, өз отаныңды, ұлттық өнерімізді бізден артық түсініп, бізден артық жеткізетін біз, яғни қазақ халқы.
Слайд 15Әрбір шығармашылық өнер белгілі бір мағыналық терең ойды білдіретін, әрі
көркем туынды болу керек, мағанасы төмен, бейнелеу өнерінің ешқандай талабын
сақтамай құр шимай сызықтардың біздің халқымызға ешқандай қажеті жоқ деп ойлаймыз. Әрине бұл жерде суретші өмірдің тура жансыз көшірмесін жасауға міндетті емес. Ол өмірдің материалынан мәдениеттік көзқарас қалыптастыратын ерекше туынды жасауға міндетті. Бұл жерде атақты орыстың суретші-ұстазы В.Крымовтың бір естелігін айтып кеткен дұрыс сияқты. Бірде суретшілердің көрмесіне барып, жаңа бағытқа бет алған бір суретшінің жұмысын көрдім, керілген кенепке ешқандай бояу жағылмаған, тек ортасына үлкен бір көр шегені қағып қойған. Көрмеге келген көрермендер мынаны «қай нақұрыс» жасаған деп күбірлесіп өтіп жатыр. Екінші бір жұмыста стол үстіндегі шай жабдықтары бейнелеген натюрмортты көріп «қандай керемет» деп тоқтап мұқият зер салып қарайды. Міне осыдан қарапайым халықтың әдемі мен жаманды ажырата алатынын, ненің қажет, ненің қажет емес екендігін түсінетінін байқауға болады.
Слайд 16Әрине, айналадағы, өзге елдердегі болып жатқан жаңалықтарды, шет елдердегі жақсы
өнер туындыларынан хабардар болу, оны білу, көру, тыңдау қажет, бірақ
біз үшін ол тек салыстырма ретінде пайдаланғанымыз жақсы. Өнер арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеп, еліміздің болашаққа деген сенімін нығайта түсу біздің міндетіміз. Туған еліміздің әлемдегі өркениетті елдермен терезесі тең болуына, еліміздің жастарының санасы терең, әрі жан жақты, білім жоғары, елінің патриоты болуы басты шарт. Қазіргі таңда, кез келген суретшіміз ұлттық ерекшелігімізге сәйкес, әлемдік деңгейге көтеріліп, елімізді әлемге танытып жатыр. Қазіргі таңда мәдениет саласында елімізді алдынғы орында әлемге танытып жүрген спорт пен өнер салалары екені даусыз. Сондықтан біз шет елдердің өнер бағыттарына еліктеп, шет елде көрме ашамын, оларды таң қалдырам, сол арқылы танымал боламын деу таяз түсінік деп ойлаймын.
Біз, болашақ жастарымызға әрбір елдің мәдениетін, өнерін дамытуға ықпал жасайтын, ерекше орны бар тарихи ескерткіштерді, тасқа салынған суреттерді, адамның рухани байлығын жетілдіретін ұлттық өнерімізді қастерлеуді қалыптастыруды, оқыту барысында тиімді қолдана білейік.
Слайд 24 НАЗАР АУДАРЫП,
ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!