халық суретшісі. Суретшінің басты бағыты литография және линогравюра. Е.Сидоркиннің көптеген
жұмыстары кітаптарды суретпен безендіруге арналған. Суреттердің тақырыбы: “Қазақ халық ертегілері”, “Көңілді алдампаздар”, “Қазақ эпосы”, “Қазақ халық ойындары”, “Сәкен Сейфуллинді оқығанда”, “Абай жолы” т.б.
Е.Сидоркиннің жұмысы қазақ халқының арасында кеңінен танымал болды. Себебі, Сидоркин еңбектері ұлттық нақышқа толы. Е.Сидоркиннің гравюралары техника жағынан қазақ текеметтері мен сырмақтарында пайдаланатын ақ және қара түстерді қолданған. Қылқалам шеберінің көптеген суреттері Мәскеу, Лейпциг, Краков, Венеция, Будапешт сынды қалалардағы халықаралық көрмелерге қатысып, жүлделі орындарға ие болған.