Слайд 1Металды көркемдеп өңдеу технологиясы
Ашық сабақ
(5 сынып)
Слайд 2Сабақтың мақсаты
1.Білімділік:
Оқушыларды металды көркемдеп өңдеу
технологиясымен таныстыру.
2.Тәрбиелік:
Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:
Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту.
Слайд 3Металды көркемдеп өңдеу технологиясы
Сабақтың типі:
жаңа сабақты түсіндіру сабағы.
Сабақтың түрі:
дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі:
баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі:
презентация,суреттер,бұйымдар
Пәнаралық байланыс:
физика,математика,сызу,тарих
Слайд 4Өткен сабақты қайталау
Металды түзету мен майыстыру
Қаңылтырдан немесе жолақ металдан
жасалған дайындамалар қалай өңделеді?
Металды түзету үшін қандай құралдар пайдаланады?
Металды қолмен
түзететін құралдарды атаңыз...
Қалыңдығы 0,5 мм металды немен түзетеді?
Металды түзету үшін тағы қандай құралдар қажет?
Қаңылтыр, жолақ немесе дөңгелек материалдарды қалай қалыпка келтіреді?
Ол үшін қандай қыспақтар керек?
Слайд 5
Металды көркемдеп өңдеу технологиясы
Халық шеберлері темірді, күмісті, алтынды және олардың
қоспаларын көркемдеп өңдеу әдісін ерте кезден-ақ білген.
Бертін келе олардың технологиясын
жетілдіріп, тамаша бұйымдар жасаған. Мысалы, темірді бедерлеп кұю мен өрнектеудің озық үлгісіне Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі Тайқазан, алтыннан бедерлеп жасалған Алтын адам, республикамыздың тарихи-өлкетану мұражайларындағы зергерлік бұйымдар жатады. Болат темірден жасалған қару-жарақтар, темірден жасалған үй мүліктерін күміспен батырмалап өрнектеу, жұқа қаңылтырдың бетін бедерлеп көркемдеу жұмыстары - осындай еңбектің жемісі.
Слайд 7
Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі Тайқазан
Слайд 8
Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі Тайқазан
Слайд 10
Ұста
Халкымыз ағаш пен темір өңдейтін колы епті адамды ұста
дейді.
Темір өңдейтін ұста арнаулы шеберханада жұмыс істейді.
Оны ұстахана
немесе дүкен деп атайды.
Слайд 13
Зергер
Ал әсемдік бұйымдарын: білезік, жүзік, алқа, сырға т.б. жасайтын
шеберді зергер деп атайды.
Зергер - темір мен құнды металды
және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеуші. Халық ұста мен зергерді ісмер дейді. Ісмердің қолынан шыққан бұйымдар, туындылар халық мәдениетінің дамуына, көркемдік талғамының жетіле түсуіне зор ықпал етеді.
Слайд 15
Зергер
Зергер - темір мен құнды металды және олардың қоспаларын
көркемдеп өңдеуші. Халық ұста мен зергерді ісмер дейді. Ісмердің қолынан
шыққан бұйымдар, туындылар халық мәдениетінің дамуына, көркемдік талғамының жетіле түсуіне зор ықпал етеді.
Слайд 23
Бедерлеу өнері
Бедерлеу өнері - ежелден келе жатқан дәстүрлі қолөнердің
бір саласы; ағаштан, сүйектен, мүйізден, былғарыдан, қыштан жасалған заттар мен
алтын, күміс, мыс бұйымдарға түрлі әшекей, ою-өрнектердің ойылып бедерленуі. Көбінесе, зергерлік бұйымдар және ожау, астау, келі, келсап, кебеже, сандық, торсық сияқты тұрмыстық заттар жасауда қолданылады. Сәндік мақсатқа қоса белгілі бір заттың бетіне, табанына, қырларына беріктік, тұтқырлық сапа дарыту үшін ойық шаппашот, ыңғуыр, пышақ, сарнауық, қырғы, қашау, шекіме, т.б. арнаулы құралдар пайдаланған.
Слайд 24
Бедерлеу өнері
Шеберлер сандық, кебежелерді қаптаған қаңылтырға ою-өрнектер сызып, оларды
қуалай шекіме аспабымен із түсіріп, ұрып бедерлеген. Торсық жасағанда иі
қанып, тобарсыған теріні ою-өрнекті ағаш қалыпқа қигізіп, ұрып бедер салады. Бедер түсіруші шеберлерді бедерші деп атаған. Бедерлеу өнері халық арасында бүгінге дейін өз жалғасып тауып келеді
Слайд 25
Шапқы
Ісмерлер затты көркемдеу үшін, арнаулы болаттан жасалған шағын құралдарды
пайдаланады, олардың ұшында өрнек ізін салатын өткір бедері бар. Мұндай
құралды шапқы дейді. Олар арнайы болаттан жасалады (42-суретті қара).
Шапқымен із салу, сызу, бедерлеу тәсілдерін орындаған. Соңғы жылдары темірді көркемдеп, одан әсем әшекей заттар жасау сәулет өнерінде кеңінен қолданылып жүр. Уақыт өткен сайын халық шеберлері металды көркемдеп өңдеу технологиясын жетілдіріп келеді.
Слайд 27
Шапқы
43-суретте көрсетілген бедерлегіштер темірден немесе ағаштан жасалады.
Слайд 30
Бедер салу
Қаңылтырдың бетіне бедер салу мен сым темірді көркемдеп
өңдеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Бедер салу жұмысы, негізінен, қаңылтырдың бетіне
жүргізіледі. Бұйымның бетін нүктемен,сызықпен бедерлеу тәсілдері дәл әрі алуан түрлі болып келеді.Мұнда сызықпен бедерлеу,нүктемен көлеңке беру әдістері көп қолданылады
Слайд 33
V. Түсінік тексеру.
Сынақ өткізу.
Слайд 34
VI. Жаңа сабақты бекіту
Қауіпсіздік ережелері
Темірді көркемдеп өңдеу барысындағы
қауіпсіз
жұмыс істеу ережелері
1.Қаңылтырдың шетін қиғанда, қолыңды жарақаттап алудан сақтан.
2.Қаңылтырдың бетін
тазалағанда, үрлемей, арнаулы сыпырғышпен сыпыр.
3.Қаңылтырдың бетін, жиегін саусағыңмен сипама.
4.Белгі салатын және ұшы өткір шапқыларды, үшкір қаңылтырдың бөлігін қалтаңа салма, лақтырма, қасыңдағы оқушыға қарай сілтеме.
5.Қаңылтыр дайындаманың бетін тегістегенде, өрнекті бедерлегенде, екінші қолыңды соғып алма.
6.Балға мен бедерлегішті (шекігішті) осылай (4-сурет) ұста!
Слайд 35
VI. Жаңа сабақты бекіту
Жұмыс істеу бағыты
Слайд 36
VI. Жаңа сабақты бекіту
Сарамандық жұмыс
Қатты ағаштан
бедер салғыш жасап,
жұқа каңылтыр бетіне
әр түрлі
бедер салып үйрен.
Слайд 37
VII. Сабақты қорыту
Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
42-46 беттер