Слайд 2Сылақ жұмыстарына арналған агрегаттар
Орындаған: арнайы пәндер оқытушысы
Имашев А.С
Слайд 3Сабақтың мақсаты: Ерітіндіні әзірлеуге, тасымалдауға және жағуға арналған
механизмдер түрлері, сылақ агрегаттары мен станцияларын таныстыру.
Көрнекілігі: Ерітінді араластырғыш түрлі
конструкциялар суреттері, ерітінді насосы, механикаландыру жұмысы туралы слайд, сылақ агрегатының қызметі туралы плакат.
Слайд 4Сабақтың барысы
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Сабаққа дайындығын қадағалау
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Топ –
топпен жұмыстандыру
Сабақты қорытындылау
Слайд 5Ерітіндіні әзірлеуге, тасымалдауға және жағуға арналған механизмдер
Тербелмелі електер мен мөлшерлегіштер. Толтырғыштарды (құмды, шлакты, мәрмәр және гранит үгінділерін), сондай – ақ байланыстырғыш материалдарды електен өткізу үшін тербеліс дірілдеткіштен берілетін механикалық тербелмелі електер қолданылады. Мұндай електердің өнімділігі жоғары, әрі шағын да ыңғайлы. Електер рамаға керілген және қажет кезінде оларды ауыстыра салу қиын емес.
Жұмыс көлемі шағын болған кезде қолмен мөлшерлеуге болады. Жұмыс көлемі үлкен болған кезде материалдарды көлемдік және массалық мөлшермен өлшеп алатын мөлшерлегіштер қолданылады.
Ерітінді араластырғыштар мен ерітінді насостары. Ерітінділерді әзірлеу үшін СО-23Б, СО-46Б, СО-26Б сияқты түрлі конструкциялы ерітінді араластырғыштар қолданылады.
СО-23Б ерітінді араластырғыштың
дайын илендіснің көлемі 65л, электрдвигателінің қуаты 3кВт, араластырғыштың массасы 65 кг, өнімділігі 1,2 – 1,5 м³ /сағат.
І – жетек, ІІ – тележка, ІІІ – бункерлі қол арба, 1 – тұтқа; 2 – бункер, 3,5 – қалақшалар, 4 – қалқа, 6 – редуктор, 7 – электрдвигатель, 8 – таяныш, 9 – электр жабдықтары бар шкаф, 10,11 – доңғалақтар.
Ерітінділерді және сусыма
тасымалдауға және жағуға арналған механизмер. Бір орталықтан заводтарда әзірленген ерітінділерді құрылысқа автомашиналар кузовтарына самосвалдарға салып жеткізеді.
Ерітіндін өлшеп беретін әрі механикалық жолмен бұлғап араластыратын ерітінді тасығыш автомашиналар және ерітінді тасығыш автомашиналар кеңінен қолданылады.
Слайд 8 Өнімділігі 4м³/сағат ерітіндіні тасымалдау және
горизонталь бойынша 50 м-ге дейін, вертикал бойынша 15 м-ге дейін
қабырға бетіне ерітінді жағуға арналған. СО-49Б, СО-48М, СО-50А ерітінді насостарының конструкциялары ұқсас.
СО-49Б насосы
Слайд 9СО-50А ерітінді насосы
СО-48М ерітінді насосы
Сылақ агрегаттары. Сылақ агрегаттары сылақ ерітінділерін әзірлеуге,
оларды сүзгіден өткізуге, орнына тасымалдауға және өңделетін қабырға бетіне жағуға арналған.
Агрегаттың құрамына мыналар кіреді:
Ерітінді араластырғыш;
Тербелмелі елегі бар аралық бункер;
Ерітінді насосы;
Шлангалар мен компрессорсыз фарсонка;
Электрдвигатель;
Қаңқа.
Слайд 11СО-57А сылақ агрегаттары
1 – бункер, 2 – ерітінді насосы, 3
– ерітінді илегіш, 4 – тербелмелі елек,
5 – доңғалақ
орнатылған рама.
Слайд 12Сылақ агрегаттарының құрастырылуы
Слайд 15Ерітінді жағуға арналған робот машиналар
Слайд 16 Цемент – зеңбірек
жоғарғы және төменгі конус–резервуарлардан немесе біртұтас біріккен камералардан тұрады. Жоғарғы
резевуарлардың тиеуші варонкасы бар, ол арқылы резервуарды құрғақ қоспамен толтырады. Корпустың сыртқы жағынан болат түтік өткізгіш өтеді, оған компрессордан жұмсақ шлангалар қосылады. Осы шлангалар бойынша цемент – зеңбірекке сығылған ауа беріледі. Сығылған ауа дайын ерітіндіні диаметрі 25 – 38 мм-лік шлангалар бойымен қабырға бетіне атқылайды.
Слайд 18Пневматикалық және электрлі ысқылағыш машиналар.
Сылақты ысқылауға арналған машинкалар электрлі
және пневматикалық болып келеді.
Электрлі ысқылағыш машина СО-86А түрлі
сылақ ерітінділерін ысқылауға арналған. Машинаның электрдвигателі редуктор арқылы салмақ түсетін алюминий дискілерді қарама – қарсы жаққа айналдырады; бұларға пенопластан немесеи ағаш жоңқалағыш материалдан жасалған ысқылағыш дискілер бекітілген. Тегістелетін қабырға бетін дымқылдау үшін су беріледі. Тұтқалар двигатель қалқанындағы кронштейндерге бекітіледі.
Пневматикалық ысқылағыш машина түрлі сылақ ерітінділерін ысқылауға арналған. Машина пневматикалық двигательден, редуктордан және ауыстырмалы жұмыс двигателінен тұрады. Двигательдің корпусы машинаның тұтқасы қызметін атқарады. Жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін машина қосымша бүйірлік тұтқамен жабдықталған.
Слайд 20СО -86А ысқалағыш машинасы
электрлік
пневматикалық
Қабырға бетін ысқылау
Слайд 22Сабақты қорытындылау
Сылақ жұмыстарына арналған механизмдердің ұтымды жақтары қандай?
Материалдарды електен өткізу
үшін қандай електер қолданылады?
Бункерлі қол арба дегеніміз не?
Компрессордың қызметі қандай?
Слайд 23
Назар аударғандарыңызға
көп – көп рахмет!!!