Слайд 1Тұқым себу технологиясы
Мақсаты: Тұқым себу технологиясы тәсілі туралы түсінік беру,
тұқым себу мерзімі және себу тереңдігі туралы білім бере отырып,
іскерлік қабілеттерін дамыту, еңбек сүйгіштікке, тиянақтылыққа баулу.
Слайд 2Үй тапсырмасын тексеру
Жер қыртысының беткі қабаты?
Топырақ құрылысы неше қабаттан тұрады?
Көктемгі
жұмыстарын ата?
Ротациялық кестесі не үшін керек?
Тыңайтқыш түрлері?
Жер өңдеуде қолданылатын техника?
Слайд 3Өсімдіктердің тұқымнан дамуы
Слайд 4Картоп түйнектерінің пайда болуы.
Слайд 5Өсімдіктердің әр түрлі ұзақтықта тіршілік етуі.
Слайд 6Жұмбақ шешу.
Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң
бәріне тең,
Адамзат, жан- жануар арасында,
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.
жер
Слайд 7Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір
сүріп жүрмейсің
ауа
Слайд 8Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді
күн
Слайд 9Жылт- жылт еткен
Жырада өткен
су
Слайд 11“Тіршіліктің тірегі сен- Жер Ана”
Табиғатқа Жер Ана табынады,
Жер! Су! Ауа!
Деп қағады дабыл әлі.
Солардың да сарқылмас қайнар көзі
Өз бойынан адамның
табылады.
Бойымызда бәрі бар ғаламаттың,
Оны өзің баулитын, ала алатын
Сондықтан да тіршіліктің тірегі сен.
Слайд 12Тұқым себер алдында атқарылатын жұмыс (зертханалық жұмыс)
Тұқым калий перманганатының (марганцовка)
қарақошқыл ерітіндісімен өңдейді. Ол үшін тұқымды 15-20минут ерітіндіге батырады. Ерітіндінің
түбіне түскен тұқымдар жарамды болып есептелінеді, сондан кейін бұл тұқымдарды сумен жуады да кептіреді
Слайд 13Зертханалық жұмысқа керекті заттар
1 литр су
Тұқым
Калий перманганаты
Слайд 14Тұқым себу мерзімін нақтылау үшін тұқым өніуіне қажетті температура
Слайд 15Тұқым себу мерзімі
Суыққа төзімді өсімдіктерді сәуір аяғында мамыр басында себеді.
Жылу сүйгіш өсімдіктерді мамырдың екінші жартысында немесе одан кейін егуге
болады.
Слайд 16Тұқымды себу мерзімі және сіңіру тереңдігі
Слайд 17Тұқым себу технологиясы
Әсіресе ұсақ тұқымдарды себудің технологиясына ерекше көңіл аудару
керек. Оларды ұшталған шыбықпен тайғыздау қазған жүйекке себеді. Жүйектің нығыздалған
табанына себеді. Тұқымның бір-бірімен ара-қашықтығы 1-1,5 см етіп отырғызады. Тұқымды тым жиі себуге болмайды. Кешіктіріп еккен кезде, алдымен жүйектің табанына су жіберіп, тұқымды ол сіңгеннен кейін ғана отырғызады.
Слайд 21Тұқымның көлеміне қарай егілуі.
Тұқымның ұсақтары (шалқан, сәбіз, аскөк) 1-2 см
тереңдікке егіледі, орташалары (қызылша, қияр, қызанақ) 2-3 см-ге, ал ірілері
(бұршақ, бадана, асқабақ) 3,5 см тереңдікке егіледі.
Слайд 22Қорыту
Төмендегі берілген өсімдіктерді егу уақытына қарай топтастырып орналастырыңдар:
1. ерте
2. уақытылы 3. кеш
Бидай, күнбағыс, асқабақ, мақта, пияз, қызылша, қызанақ,
қауын, арпа, сәбіз, аскөк, жүгері
Слайд 24Үйге тапсырма
§ 6 168-171 беттерді оқу