ассоц. профессоры
Ақбаева
Л.Н.Алматы 2015
САНА мәселесі философиядағы басты және күрделі мәселелердің бірі, себебі сананы
көру, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес. Сана адамның жануарлар
дүниесінен ерекшелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам мен оны
қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны күмәнсіз.
Сананы түсінудегі әртүрлі көзқарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады:
материалистік сананы материяның дамуында пайда болатын табиғи қасиеті деп
түсіну; идеалистік сананы материяға жат, одан алғашқы, жаратылыстан тыс пайда
болатын рухани субстанция деп ұғыну.
Сөйлеудің негізгі бірліктері, элементтері сөз бен сөйлем. Сөз мән мен дыбыстың
бірлігі болып табылады. Сөздің материалдық жағы (дыбысы, жазбаша кескіні) затты
білдіретін таңба болып табылады. Ал сөздің мәніне келсек, ол затты бейнелейді және
сезімдік немесе ақыл-ойлық бейне болып табылады. Сөйлем материалдық форма
ретінде азды-көпті аяқталған ойды, пікірді жеткізуші.
Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды жақындатты, олардың бір-біріне
бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы ретінде тіл пайда болды. Еңбек пен тіл
адамның миын, сезім органдарын дамытты, есту, көру, сезу, қабілетін күшейтті, санасын
қалыптастырды. Сөйлеу тілдің, қарым-қатынас жасасу құралдарының
белгілі бір жүесінің көмегімен жүзеге асатын қызмет болып табылады.
САНА бейнелеудің жоғарғы формасы. Бейнелеу барлық материяға тән қасиет.
Әрбір зат, құбылыс өзі әсер еткен нәрседе өзінің «ізін», бейнесін қалдырады.
Адамның өзін саналы тіршілік етуші ретінде түсіне білуі, өзіне деген сыни көзқарасы,
өз мүмкіндіктерін бағалай білуі өзіндік сана болып табылады.
Өзіндік сана ұғымын ғылыми айналысқа енгізген – Сократ болды.
САНАЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ САНАСЫЗДЫҚ
Австриялық психиатр 3. Фрейд психиканы «саналылық», «санасыздық» және
«саналылықтың алдындағы» (предсознательное) деп бөлді.
Швейцария психологы К. Юнг «ұжымдық санасыздық» ұғымын ғылымға енгізді.
Ол бойынша адам психикасында санасыздықпен қатар «ұжымдық санасыздықтың»
терең қабаттары бар. Онда «бастапқы» психикалық құрылымдар немесе
«архетиптер» (грекше arhe – бастау және typos – пішін, үлгі деген сөз) орналасқан.
Архетиптер адам өмірінде психикалық дағдарыс кезінде жүзеге асырылады.
«Архетиптік матрицаға» әдебиет пен өнер қалыптастырған априорлық «мәңгі» бейнелер
кіреді. Мысалы, «ана», «көлеңке», «бетперде», «анима мен анимус» т.б. архетиптері.
Саналылық адамның өз қылықтарының қоғамдық салдарларын, қоғам
алдындағы парызын түсінуі.
Санасыздық (бессознательное) адам түйсінбейтін психикалық құбылыстардың
жиынтығы. Оларға биологиялық түрде тұқым қуалау арқылы берілетін
инстинктілер, автоматты түрде жасалатын іс-қимылдар стереотиптері, сезімдік және
интеллектуалдық интуиция, түс көрулер, гипнотикалық күйлер т.б. жатады.
Қоғамдық сана қоғамның өзін-өзі, өзінің қоғамдық болмысын және қоршаған
ортаны түйсінуінің нәтижесінде пайда болатын қоғамдағы әр түрлі пікірлердің,
теориялардың, идеялардың, діни сенімдердің жиынтығы.
Қоғамдық сана және жеке сана
Қоғамдық сана мен жеке сана өзара диалектикалық байланыста.
Жеке сана қоғамдық сананы байытады, ал жеке сана қоғамдық сананың
жетістіктері арқылы жетіліп, дамып отырады.
Қоғамдық сананың құрылымы
Зерттеушілер қоғамдық сананың құрылымында қарапайым немесе әдеттегі (өмір
тәжірибесінен туған ойлар) және теориялық сана (ғылымнан пайда болған теориялар),
қоғамдық психология (әлеуметтік топтар психологиясы) және қоғамдық идеология
(қоғамдағы теориялар) деңгейлерін, сонымен қатар мынадай түрлерін: саяси сана,
құқықтық сана, мораль, дін, өнер, ғылым және философияны атап көрсетеді.
Қарапайым сана нақты өмір сүріп отырған адамдардың санасы, бір тұлғаның
екінші тұлғадан айырмашылығын көрсететін, адамдардың күнделікті өмірлерінің
қарапайым уайым-қуаныштарының, үміттері мен түңілулерінің жиынтығы.
Қоғамдық психология дегеніміз белгілі бір қызмет және басқа да жағдайлар
арқылы біріктірілген адамдардың әлеуметтік көңіл-күйлері мен сезімдері, қоғамдық
пікірлері, салт-дәстүрлері мен мінез-құлықтары және әлеуметтік әдеттері.
Теориялық сана маңызды байланыстар мен заңдылықтардың ғылымда және
қоғамдық сананың басқа формаларында бейнеленуі, ол тарихи және теориялық
алғышарттарға, рухани қызметке сүйенеді.
Идеология (грекше idea – идея және logos – ілім деген сөз) саяси, құқықтық,
эстетикалық, діни, көркемдік идеялар мен тұжырымдамалардың жүйесінен
тұратын, өзінде теориялық негіздермен қатар, идеологиялық ұстанымдарды
көпшілікке тарату механизмдерін біріктіретін күрделі рухани құрылым.
Қоғамдық сананың формаларына мыналарды жатқызуға болады:
САЯСИ САНА, ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА, ДІНИ САНА, ӨНЕР,
МОРАЛЬ (АДАМГЕРШІЛІК), ҒЫЛЫМ және ФИЛОСОФИЯ.
ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ФОРМАЛАРЫ:
саяси сана (саяси сезімдер, идеалдар, мүдделер, мақсаттар, міндеттер, партия
бағдарламалары), Қоғамның саяси ұйымы қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымның
сипатына қарай ерекшеленеді.
2) діни сана (діни сезімдер, идеалдар, дінді білу);
3) этикалық сана (мінез-құлық ережелері, нормалары);
4) эстетикалық сана (эстетикалық: сезім, идеал, талғам, баға), дүниені көркем
образдар түрінде бейнелейді;
5) құқықтық сана (еркіндік, әділеттілік, әділетсіздік);
6) өнер (әдебиет, музыка, театр, кескіндеме, графика, архитектура, скульптура, кино,
цирк, би, балет, хореография, фотография, эстрада, сәнді-қолданбалы өнер т.б.);
7) ғылым (жаратылыстану, техникалық, экономикалық, әлеуметтік).
Саяси сананың құрылымы екі деңгейден тұрады:
қарапайым-практикалық, идеологиялық-теориялық.
Қарапайым саяси сана ұжымдық-әлеуметтік шығармашылық жемісі.
Оның құрылымында рационалдық пен эмоционалдық, пайымдаулар мен эмоциялар,
дәстүрлер мен қазіргі заманғы құбылыстар, әдеттер, көзқарастар, дүниетанымдық
элементтер араласып жатады.
Қарапайым саяси сана теориялық қағидалар мен философиялық категорияларға
емес, ойлаудың алғашқы формаларына, күнделікті тәжірибеге негізделген,
ол қарапайым адамның қоғамдық құбылыстарға деген реакциясын бейнелейді.
САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ белгілі бір таптың, мемлекеттің көзқарастарын, саяси
мақсаттары мен стратегиялық міндеттерін біртұтас теориялық пайымдау жүйесі.
ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА адамдардың мемлекет тағайындаған заң ережелері мен заң
мекемелерінің жиынтығы болып табылатын нақты құқыққа деген қатынастарын
білдіретін көзқарастарының, идеяларының, теориялары мен түсініктерінің жиынтығы.
Құқықтық сананың екі деңгейі бар:
практикалық құқықтық сана адамдардың құқықты практикалық қолдануы,
қоғамда қабылданған нормативтік актілерге қатысты қылықтары, іс-әрекеттері.
Ол мынадай компоненттерден тұрады: құқықтық сезімдер, құқықтық дағдылар мен
әдеттер, құқықтық білімдер.
6. САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАС
2) Теориялық құқықтық сана құқықты, оның шекаралары мен нормативтерінің
шекараларын түсінуге, құқыққа қатынас тәсілдері мен құралдарын анықтауға және
құқықтық білімді жетілдірдіруге арналған ой қызметі үдерісі мен оның жемісі.
Құқықтық сана әр түрлі қызметтер атқарады:
6. САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАС
Мораль немесе адамгершілік санасы адамдар өздерінің мінез-құлықтарында
басшылыққа алатын, олардың бір-біріне қатынасын білдіретін
принциптердің, ережелердің, нормалардың жиынтығы.
Эстетикалық сана адам өзі өмір сүріп отырған шындықтың құбылыстарын
әсемдік пен ұсқынсыздық, трагедиялық және комедиялық тұрғысынан бейнелейтін
эстетикалық түсініктер жиынтығы.
Эстетикалық сананың құрылымына заттар мен құбылыстардың эстетикалық
құндылығын, адам жасаған заттардың, табиғат құбылыстарының, адамдардың арасындағы
қатынастардың әдемілігін ұсқынсыздық пен әсемдік, асқақтық пен опасыздык,
трагедялық пен комедиялық тұрғысынан бейнелейтін көзқарастар, сезімдер кіреді
Эстетикалық сана психологиялық (сезімдер, талғамдар) және
теориялық-идеологиялық (идеялар, теориялар) деңгейлерден тұрады.
Екінші деңгей біріншісінен жоғары және оны эстетика ғылымы зерттейді.
Өнер көптеген қызметтер атқарады. Олар:
Қоршаған шындыққа эстетикалық қатынас немесе эстетикалық сана
ерекше сала өнерде көрініс табады.
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть