Разделы презентаций


АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

Содержание

ЖОСПАР:КІРІСПЕ:НЕГІЗГІ БӨЛІМ:Жалпы ауыр металл дегеніміз не?;Ғалымдардың мәліметтері бойынша құрылған кестелер;Ауыр металды ластаушылардың ерекшеліктері;Кадмий ауыр металына сипаттама;Кадмий металының улы әсерінен туатын аурулар;Маңғыстау облысының ауыр металдармен ластану проблемасы;ҚОРЫТЫНДЫ. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.ГЛОССАРИЙ.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ КАФЕДРА:

ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ.
Тақырыбы: Антропогендік факторлар әсерінен

туындайтын “экологиялық аурулар”

Тапсырма: Кадмий, Ауыр металдарының улы әсерінен болатын ауруларды сипаттап нақты деректерді беру.

Орындаған: ПФИЯ 107-группа, Тынайқұлова Мөлдір
Тексерген: Кенжебаева Ш. К.


Алматы 2013 ж.

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ  КАФЕДРА: ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА.

Слайд 2

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ:
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
Жалпы ауыр металл дегеніміз не?;
Ғалымдардың мәліметтері бойынша құрылған

кестелер;
Ауыр металды ластаушылардың ерекшеліктері;
Кадмий ауыр металына сипаттама;
Кадмий металының улы әсерінен

туатын аурулар;
Маңғыстау облысының ауыр металдармен ластану проблемасы;
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
ГЛОССАРИЙ.

ЖОСПАР:КІРІСПЕ:НЕГІЗГІ БӨЛІМ:Жалпы ауыр металл дегеніміз не?;Ғалымдардың мәліметтері бойынша құрылған кестелер;Ауыр металды ластаушылардың ерекшеліктері;Кадмий ауыр металына сипаттама;Кадмий

Слайд 3Кіріспе:
ХХ ғасырдың басында,

ғылым мен техниканың дамуы өндіріс орындарының жедел өсуіне ықпал етті.

Осыған орай алғаш рет қоршаған ортаға химиялық элементтердің түсуі мен таралуы, және олардың тірі ағзаларға зиянды әсерін жүйелі түрде зерттеу өзекті мәселелер қатарынан орын алды.
Қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелердің бірі-пестицидтерден кейін ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де қарқынды түрде жүзеге асуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтары (ЖЭО) немесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады.

Кіріспе:       ХХ ғасырдың басында, ғылым мен техниканың дамуы өндіріс орындарының жедел

Слайд 4Жалпы ауыр металл дегеніміз не?
Жалпы ауыр металл

дегеніміз, салыстырмалы атомдық салмағы 40-тан, тығыздығы 5 г/куб см-ден жоғары

химиялық элементтер. Ауыр металдарды улы элементтермен қоса есептегенде Менделеев таблицасының 2/3-дей бөлігі кіреді. Олардың ішінде кадмий, қорғасын және сынап элементтері ең улы ауыр металл болып саналады. 1980 жылғы UNESCO-нің шешімі бойынша бұған тағы сегіз элемент (V, Co, Mn, Cu, Mo, Nі, Zn, Cr) және үш металлоид (As, Se, Sb) қосылған болатын. Сонан соң олардың қатары тағы екі металмен толықтырылды (Tі, Sr).
Ауыр металдар арасында “улы” сөзінің түсінігі тек ауыр металдардың жеке түріне ғана қатысты емес, олардың ортадағы концентрациясына байланысты. Ауыр металдар арасында тапшы жағдайда өсімдік тіршілігі үшін өте қажетті микроэлемент, ал ортадағы концентрациясы жоғары болғанда улы ауыр металл болып есептелетін түрлері бар. Ауыр металдардың улы концентрация шегі өсімдік түріне жекелеген түрлердің төзімділігі мен химиялық элементтің өсімдік тіршілігінде алар орнына байланысты.
Жалпы ауыр металл дегеніміз не?   Жалпы ауыр металл дегеніміз, салыстырмалы атомдық салмағы 40-тан, тығыздығы 5

Слайд 5Овчаренко М. М. (1995) мәліметтері бойынша түсті металл балқыту заводтардан

әр жыл сайын қоршаған ортаға бөлінетін улы ластаушылар:



Новосибирскідегі Қоршаған ортаны қорғау комитетінің анықтауы бойынша ауаның ластануының 70 %-дан көбі автотранспорттан болса, 11 %-дайы ЖЭО үлесіне тиеді.

Ал көмір және мұнай өнімдерін жағудан:

Ал автотранспорт газынан – 260000 тонна қорғасын бөлінеді.

Овчаренко М. М. (1995) мәліметтері бойынша түсті металл балқыту заводтардан әр жыл сайын қоршаған ортаға бөлінетін улы

Слайд 6Элементтердің тірі ағзаларға улы әсері жағынан мынадай кластарға жіктеуге болады.

Г. И. Оксенгендлер (1991) мәліметтері бойынша кадмий және

қорғасын іс жүзінде барлық жерлерде таралған және олар улы әсер ету жағынан бірінші класқа жатқызылады. Бұл элементтердің қандай да мөлшері болмасын адам ағзасы үшін өте қауіпті және қалыпты мөлшерден жоғарылауы тірі ағзаларда зат алмасудың әртүрлі бұзылуына әкеледі.
Элементтердің тірі ағзаларға улы әсері жағынан мынадай кластарға жіктеуге болады.   Г. И. Оксенгендлер (1991) мәліметтері

Слайд 7Ауыр металдардың қоректік ортадағы өсімдіктерге улы әсер ету концентрациясына байланысты

төмендегідей қатарға жіктеген:
1. Өте улы 1 мг/л-ден төмен концентрациясында: Ag,

Be, Hg, Sn, Cd, Nі, Pb;
2. Орташа улы 1 мг/л-ден - 100 мг/л аралықтағы концентрациясында: As, Se, Al, Ba, Cо, Cu, Cr, Fе, Mn, Zn;
3. Улы әсері төмен 100 мг/л концентрациясында: Ca, Mg, Sr Lі;



Ауыр металдардың қоректік ортадағы өсімдіктерге улы әсер ету концентрациясына байланысты төмендегідей қатарға жіктеген:1. Өте улы 1 мг/л-ден

Слайд 8 Әртүрлі жолдармен ауаға тараған ауыр металдардың шаң

түріндегі жалпы фракцияларында өте ұсақ бөлшектері (0,001-0,005 мкм) және орташа

деңгейдегі фракциялары әр жерде ірі көлемдегі фракцияларына қарағанда 34 - 54 %-дай мөлшерін құрайды.
Осындай ұсақ деңгейдегі фракциялар Дж. Уэсти (1988) мәліметтері бойынша адам тыныс алу жолдарындағы қан тамырлары мен тыныс алу жүйелері үшін ең қауіпті болып саналады.
Әртүрлі жолдармен ауаға тараған ауыр металдардың шаң түріндегі жалпы фракцияларында өте ұсақ бөлшектері (0,001-0,005

Слайд 9Ғылыми деректерге сай, трофикалық байланыстар арқылы адам ағзасы улы заттарды

көбірек қабылдайды:

Ғылыми деректерге сай, трофикалық байланыстар арқылы адам ағзасы улы заттарды көбірек қабылдайды:

Слайд 10 Ауыр металдардың басқа ластаушылардан мынандай ерекшеліктері бар:

Ауыр металдар арнайы ластаушы заттар тобына жатпайды, себебі бұл заттар

арнайы ластағыштарға қарағанда (мысалы, пестицидтер мен бензапирен) биосферада қалыпты, экологиялық таза аймақтарда да кездеседі.
Ауыр металдарға “өзін-өзі” тазарту ұғымы қолданылмайды, яғни олар қоршаған ортада ыдырамайды. Олардың жартылай тазаруының алғашқы кезеңі (бастапқы концентрациясының жартысы) әр элемент үшін әртүрлі және ұзақ уақытты қажет етеді: мырыш 70-310 жылға дейін, мыс 310-1500 жыл, кадмий 13-110 жыл, қорғасын 740-5900 жылды қажет етеді. Бұл көрсеткіштер топырақ түріне, ортаның рН-на және тағы басқада қасиеттерге байланысты өзгеріп отырады.

Ауыр металды ластаушылардың ерекшеліктері.

Ауыр металдардың басқа ластаушылардан мынандай ерекшеліктері бар:  Ауыр металдар арнайы ластаушы заттар тобына жатпайды,

Слайд 11Қазақстандағы ауыр металдармен ластануы. Өзекті проблеммасы.
Ауыр металдармен

ауаның, судың және топырақтың ластануы Қазақстанның ірі өндірістік орталықтарында да

экологиялық өзекті мәселе болып саналады. Мысалы, Семей қаласының өндірістік орындарына жақын маңдағы топырақ құрамындағы кейбір ауыр металл концентрациялары қалыпты жағдайдағы топырақпен салыстырғанда мырыш-7,4; қорғасын-9,9; мыс-3,8; кадмий-13,3; марганец-1,3; кобальт-2,4 есеге жоғарылаған. Ауыр металдардың топырақтағы мөлшері, таяу маңдағы өсірілетін ауылшаруашылық өсімдіктері мен бау-бақша дақылдарында бақылағанда 2 - 3,5 есеге дейін жоғарылаған.
Қазақстандағы ауыр металдармен ластануы. Өзекті проблеммасы.  Ауыр металдармен ауаның, судың және топырақтың ластануы Қазақстанның ірі өндірістік

Слайд 12Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау мамандардың алдына қойылып отырған мәселелері:

Бірінші мәселе - ауыр металдардың қоршаған ортадағы жалпы және белсенді

мөлшерін анықтау.
Екінші мәселе - табиғи объектілердің ластану деңгейін болжау мақсатында ластаушы заттардың таралуына қарапайым және айтарлықтай сенімді модельдерін жасау.
Үшінші кезекте ластанудың келеңсіз әсерлеріне жол бермеу мақсатында ауыр металдарды ғылыми негізделген түрде залалсыздандыру және нормалау тұр.
Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау мамандардың алдына қойылып отырған мәселелері: Бірінші мәселе - ауыр металдардың қоршаған ортадағы

Слайд 13Кадмий.
Ауыр металдардың ішінде ең улы және қоршаған ортаға

кеңінен таралғаны кадмий болып есептеледі. Қоршаған ортаның кадмиймен ластануы кейінгі

жылдары Швецияда, Америка Құрама Штаттарында бірнеше есе жоғарылаған.
Кадмийдің айтарлықтай бөлігі топыраққа және суға жауын-шашын арқылы түседі. Жыл сайын Балтық теңізіне 200 тонна кадмий түссе, оның 45% ауадан келеді.
Бұл элемент тірі ағзаларға қауіптілігі жағынан бірінші класқа жатқызылады. Кадмий адам және жануарлар ағзасына жиналуға қабілетті және жүрек, қан тамыры әрекетіне басқа да аурулардың пайда болуына себепші. Адам ағзасына 10 мг кадмийдің жиналуы улану белгілерін білдіреді.

Кадмий.  Ауыр металдардың ішінде ең улы және қоршаған ортаға кеңінен таралғаны кадмий болып есептеледі. Қоршаған ортаның

Слайд 14Гипертония
Итай-итай
Бұлшық еттің жиырылуы
Қан тамырлардың ауруы (аора)
Жүрек ауруы
Бауырдың ауруы
Бүйректің ауруы
Кадмий металының

улы әсерінен туатын аурулар.

Аурулар

ГипертонияИтай-итайБұлшық еттің жиырылуыҚан тамырлардың ауруы (аора)Жүрек ауруыБауырдың ауруыБүйректің ауруыКадмий металының улы әсерінен туатын аурулар.Аурулар

Слайд 15Маңғыстау облысының ауыр металдармен ластану проблемасы.
Маңғыстау облысы экологиясы

ауыр аймақтардың қатарына жатады. Мұнда ауа бассейні табиғи және антропогендік

жолдармен ластанады.
Антропогендік ластану өнеркәсіп пен көлік тасымалына байланысты. Әрбір автомобиль әрбір 1км-ге орта есеппен 40г зиянды заттар шығарады, ал облыс бойынша оның мөлшері жылына 100 мың тоннадан асып түседі.
Облыс бойынша ауаға ластағыш заттар шығаратын объектілердің саны 7 мыңнан асады, бірақ олардың басын көпшілігі ұсақ жылыту қазандары болып табылады, олардың әрқайсысы жылына орта есеппен 5-10 тонна ластағыш заттар шығарады. Атмосфераны ластайтын негізгі өнеркәсіп объектілері Ақтау, Жаңа Өзен қалаларының кәсіп орындары мен мұнай кәсіпшіліктері болып отыр. Ақтау қаласында осындай 26 кәсіпорын бар. 1980-87 жылдары облыс бойынша ластағыш заттардың мөлшері жан басына шаққанда 793кг-нан 948кг-ға, яғни 20%-ке өсті. Оның 90%-і мұнай кәсіпшіліктеріне тиесілі. “ Маңғыстау мұнай “ өндірістік бірлестігі бойынша 110-120 мың т ластағыш заттар шығарылды, ал Қазақ газ өңдеу заводында осындай көрсеткіш 23мың т жетеді.
Маңғыстау өңірі табиғатты экологиялық жағынан ежелден қолайсыз, батпақты, тұзды топырақ болып келеді. Оның үстіне кейінгі кезде құрамында күкіртті сутегі газы 25% мөлшерде Теңіз кен орнының ашылуы, оның өндіріске берілуі, Теңіз газ өңдеу зауытының іске қосылуын экологиялық жағдайды қиындата түсірді.
Маңғыстау облысының ауыр металдармен ластану проблемасы.  Маңғыстау облысы экологиясы ауыр аймақтардың қатарына жатады. Мұнда ауа бассейні

Слайд 16 Атырау облысы бойынша атмосфераға 135,1 мың т зиянды

заттар (оның ішінде 132,8 мың т газ тәрізді заттар, 2,3

мың т қатты заттар) шығарылған. Бұл улы заттарды атмосфераға, негізінен, ескі технологиялық жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Теңіз суын ең қауіпті ластаушы заттың бірі – ыдырамайтын ауыр металдар (мырыш, калий, барий). Судағы мыс пен мырыштың мөлш. 20 мкг/л (рұқсат етілген шектен 2 есе артық), ал барийдікі – 50 мкг/л (бұл – 5 есе артық). Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде.
1991–92 жылы қуыстарды тексеру кезінде ыдырайтын радиоактивті заттардың сақталғаны анықталды («А.» я. п-ндағы 9 жер асты қуысындағы радиоактивтік заттардың қалдықтары 1996–97 жылы көмілді). Сондай-ақ бұл жерлерде таллий, қорғасын, кадмий, күшәла, бром, хлорид, сульфаттардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары болған. Жер асты сулары ауыр металдармен ластанған. Радиоактивті заттармен ластанған топырақты, суды, егістік жерлерді, мал жайылымдарын тазартып, залалсыздандыру жұмыстары аяқталмаған. «А.» я. п-ндағы жергілікті тұрғындарды мед. тексеруден өткізгенде, ауруға шалдыққандары мен қайтыс болғандарының саны (әсіресе балалардың) облыстағы орташа деңгеймен салыстырғанда 2 – 2,5 есе жоғары болған. Әсіресе рак (ісік), сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуы басым (балалардың 95%-ы анемия ауруына шалдыққан). Сонымен қатар мал өлімі де көбейген.


Атырау облысы бойынша атмосфераға 135,1 мың т зиянды заттар (оның ішінде 132,8 мың т газ

Слайд 17Қорытынды.
Қоршаған ортаны өсімдіктер көмегімен қайта қалпына келтіру

(фиторемедиация) технологиясы соңғы жылдары қарқынды дамуда. Мұндай жұмыстар тек шет

елдерде ғана емес қазіргі таңда Қазақстан үшін де өзекті мәселе қатарынан орын алады. Өйткені, қоршаған ортаның ауыр металдармен, пестицидтермен, радионуклеидті заттармен, автотранспорттың жағар май қалдығы және мұнай өнімінің қалдықтарымен ластануы соңғы жылдары елімізде қарқынды етек алуда.
Топырақтың ауыр металдармен ластануы табиғат ресурстарын тиімсіз пайдалану салдарынан болып отыр. Биосфераның ластануының негізгі көздері – мұнай және газ скважындарын салу; мұнайды тасымалдау, жинау; мұнайды өңдеуге дайындау; мұнай өнімдерін өңдеу мен сақтау және т.б.
Сөз соңында айтарым, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге негізделген кешенді тәсіл қажет. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын өмірге енгізу мен айналысатын мамандардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бұл айырмашылық кәдімгі «істегім келеді» мен «қолдан келеді» деген сөздердің айырмашылығындай. Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсе, өзіміздің Жер – Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.

 

Қорытынды.   Қоршаған ортаны өсімдіктер көмегімен қайта қалпына келтіру (фиторемедиация) технологиясы соңғы жылдары қарқынды дамуда. Мұндай

Слайд 18Пайдаланылған әдебиеттер:
Овчаренко М. М. Тяжелые металы в системе почва-растение-удобрение
Алексеева Ю.

В. Тяжелые металлы в почвах и растениях // Л.: Агропромиздат,

1987.- 141 с.Химия в сельском хозяйстве.- 1995 г. - С. 4.
Кіршібаев Е. А., Сәрсенбаев Б. Ә., Сапахова З. Б Кейбір табиғи астық тұқымдас өсімдіктерге ауыр металдардың әсері // Биотехнология, теория и практика.- 2004. - №2. - Б. 90-100.
Грановский Э.И. Проблемы устойчивого развития города Атырау и Атырауского региона //Аналитический обзор. - Алматы, 2003.
Палымбетов Б.Экономический потенциал Атырауской области. . - Алматы, 2001.
Новиков Р.А. Проблематика комплексного управления устойчивым развитием городов в прибрежных зонах. - М., 1997.
Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері
«Табиғаттағы тепе-теңдік ғажайыптары» деген кітап
«Батыс Қазақстан» газеті. 22 қараша, 2003 ж.
Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық» атты мақаласы



Пайдаланылған әдебиеттер:Овчаренко М. М. Тяжелые металы в системе почва-растение-удобрениеАлексеева Ю. В. Тяжелые металлы в почвах и растениях

Слайд 19Глоссарий:

Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo -

өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін

қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар.
Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Ч. Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді.
Итай-итай ауруы организмде кадмий мөлшері көбейген жағдайдан туатын ауру. Оны алғаш рет 1950 жылы Жапонияда Тояма атты префектурасында анықталды. Оның негізгі белгілері – бүйрек қызыметінің бұзылып, сүйектің майысуы.


Глоссарий:		  Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және

Слайд 20Глоссарий:

Гипертония артериалдық қан қысымының (140/90 және одан жоғары)

көтерілуіне байланысты ауру. Қан қысымы - адам денсаулығы жағдайының маңызды

көрсеткіші. Толқулар, тәнге түсетін салмақ, реніш және шеккен бір тал шылым немесе ішкен бір шыныаяқ кофе азғана уақытқа қан қысымын көтеруі мүмкін, сонан соң ол бұрынғы деңгейіне түседі. Егер жоғары қан қысымы (140/90 және одан жоғары) ұзақ уақыт түспесе, жүрекке және жүрек қан-тамырларына салмақ түсіп, бұл ауруға әкеліп соғады. Гипертония ауруы көзінде ми, жүрек, бүйрек, көз қан тамырлары зақымдалады.


Глоссарий:		  Гипертония артериалдық қан қысымының (140/90 және одан жоғары) көтерілуіне байланысты ауру. Қан қысымы - адам

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика