Слайд 1Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
Тақырыбы: Антропогендік факторлар әсерінен
туындайтын “экологиялық аурулар”
Тапсырма: Диоксин улы заттары қалай түседі және қандай ауру тудыратынын нақты деректермен сипаттау
Кафедра:Педагогика және психололгия Тексерген:Кенжебаева Ш.К.
Орындаған:Сағатбек Фариза
Факултет:ПФИЯ
Группа:109
Алматы қаласы
2013
Слайд 2Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
Диоксин улы затының адам организміне түсуі
Уланудың әсерінен пайда болатын
аурулар
Диоксин – химиялық қару ретінде
Глоссарий
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3 Кіріспе
Өнеркәсіптің қарқынды дамуы мен адамның іс-әрекетінің нәтижесінде
қоршаған табиғи ортаның тепе-теңдігі бұзылуда. Табиғатқа қатты, сұйық, синтетикалық, газ
күйінде заттар шығарылып, су, ауа, топырақ сапасын төмендетті. Зиянды заттардың адам тіршілігіне қажетті азық-түлік, су, т.б. құрамында мөлшерден тыс көп болуының салдарынан адам мен табиғат зардап шегуде.Улы затттардың ішіндегі ең қауіптілерінің бірі- диоксиндер болып табылады. Диоксиндер — полихлорланған дибензодиоксиндер (ПХДД) және соларға ұқсас полихлорланған дибензофурандар (ПХДФ) класына жататын улы химиялық заттектер. Диоксиннің канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсері анықталған. Диоксиндер химиялық, целлюлоза-қағаз, металлургия және өнеркәсіптің басқа да салаларының қосымша ластағыш заттектері болып табылады.
Слайд 4Диоксиннің құрылымдық формуласы
Диоксиндер — полихлорланған дибензодиоксиндер (ПХДД) класына жататын улы
химиялық заттектер. Диоксиндер химиялық, целлюлоза-қағаз, металлургия және өнеркәсіптің басқа да
салаларының қосымша ластағыш заттектері болып табылады. Олар сондай-ақ өнеркәсіптік және түрмыстық қоқысты, қорғасын қосылыстары бар бензинді, қозғалтқыш отынын жаққан кезде және жанартаулардың атқылауы кезінде түзіледі. Өте тұрақты қосылыс болғандықтан (топырақтағы жартылай ыдырау кезеңі шамамен 10 жыл). Диоксиндер топырақта, өсімдікте, жануарда және адам организмінде жиналады
Слайд 5Диоксиндер суды және судағы тіршілік көздерін улап,одан жануарлардың ағзасына,өсімдікке,
құстарға таралады.Оларды
тұтыну барысында адам организмі уланады.
Слайд 6Диоксин улы заттары кездесетін ошақтары
Қалдықтарды өртейтін орындарда
Сүтті тағамдарда
Балықтарда
Өсімдікте
Жануарлар майында
Шаянтектестерде
Ауада
Слайд 8Адам организімне диоксин улы затының түсуінің негізгі 3 жолы бар:
Тері
қабаты арқылы сіңіру
Тыныс алу арқылы жұту
Асқазан ішек жолы арқылы
Слайд 10
Диоксиннің елеусіз мөлшері біз тұтынатын тағаммен асқазан
ішек жолдары арқылы сіңіріледі.Құрамында диоксин бар жабдықтармен жұмыс істеу барысында
уланбау үшін ластанған материалдар жанында азық-түлік сақталмауы және тұтынылмауы тиіс.
Улы затпен жұмыс істейтін адамдар үшін ең қауіптісі терінің жалаңаштануы,себебі тері улы затты тез сіңіріп алады.Тері қабатын тікелей жанасудан қорғау үшін тиісті жеке қорғаныс құралдарын үнемі киіп жүру керек.
Үлкен көлемдегі төгілуі орын алған немесе шаңның ластанғандығы топшыланатын
қызметтерде органикалық булар мен шаңдар үшін сүзгісі бар респираторлық маска
көмегімен қорғану қажет.
Сақтану шаралары
Слайд 11Денсаулықта диоксин әсерінен болуы мүмкін проблемалар
Репродуктивтік функцияға және дамуға
әсері.Бала көтеру проблемалары,жаңа туылған нәресте салмағының азаюы, мүгедектік,неврологиялық ауытқулар.
Неврологиялық/мінез-құлықтық проблемалар.Оқып
үйрену қабілетінің баяулауы,зейіннің жетіспеушілігі және есте сақтау жетімсіздігі,обыр.
Иммундық жүйенің улануы мен басылуы.Инфекцияларға шалдыққыштық,құлақ жиілігі мен тыныс алу жолдарының инфекциялануының жоғарылауы.
Слайд 12Уланудың әсерінен пайда болатын аурулар
1968 жылы
Жапониядағы Юшода болған оқиғада,тағам Kanechlor 400 (48 % шамасындағы хлормен
диоксин қоспасы) ластануы орын алды.Зардап шеккендерде келесідей белгілер байқалды: қабақтың ісуі, хлорлы безеулер,терінің шұбарлануы,көру қабілетінің бұзылуы,аяқ-қолдың ұйыуы,шаршағандық және әлсіздік.Кейінірек сондай-ақ зағиптық,гепатит,іш өтушілік,етек кір айналымында өзгріс,бас аурулары және шаштың түсуі байқалды.
Жоғары мөлшерімен күшті әсері электрлі конденсаторлар және өзге де құрамында диоксин бар жабдықтарды қоса кездейсоқ өрт немесе жарылыс, немесе қатты ластанған тағамды тұтынудың салдары болуы мҥмкін. Бұл өз кезегінде хлоракнаның (сиқын бұзатын жанға бататын ауру) пайда болуына, бауырдың зақымдануына, лоқсуға, бас айналуға, көру қабілетінің
нашарлауына және бронхитке алып келеді,онымен қоса диабет,эндометрит ауруы пайда болады.
Слайд 14Диоксин – химиялық қару ретінде
Ядролық ,
химялық қарулар сынаудың басты полигоны Вьетнам болды.1967-1971 жылдары Вьетнамда улы
заттарды қолдану барысында 2 млн адам шеккен.Мыңдаған адам көз жұмды.Бұл соғыста тек Вьетнам тұрғындары емес,сонымен қатар 60 мың американдық солдаттар және мыңдаған басқа елдің солдаттары да зардап шекті.
Слайд 15 Вьетнамда қолданылған химиялық қарудың зардабы үлкен
болды.Адамдарда қатерлі қан аурулары ,
бауыр,обыр аурулары пайда
болып ,иммундық жүйелері төмендеді.Өлі баларды туу және мутация ұшыраған ,ауыр тұқымқуалаушылық аурулармен ауыратын балалар саны 10 есе көбейді.Химиялық қарудың көптеген пайдалы жануарлар,өсімдіктер,құстар жоғалды.Олардың орнына қауіпті инфекция тасымалдаушы жануарлар мен паразит өсімдіктер пайда болды.
Слайд 17Глоссарий
Диоксиндер — полихлорланған дибензодиоксиндер
(ПХДД) класына
жататын улы химиялық заттектер.
Инфекция (латынша infestio –
ластану) микроорганизм мен потогендік микробтардың әрекеттесуіндегі эволюциялық қалыптасқан биологиялық процестер комплексінің даму барысындағы қағыну күйі.
Концерогендер (латын тілінен аударғанда cancir — рак, генезис — шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады.
Мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio — өзгеру) – хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады;
Тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos — құбыжық) — жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар.
Слайд 18Қорытынды
Антропогендік факторлардың әсерінен қоршаған орта
ластануда.Өнеркәсіптің қарқынды дамуы нәтижесінде биосфераға синтетикалық,улы заттар шығарылып,топырақ,ауа,суды ластады.Улы заттар,оның
ішінде диоксиннің,адамға қажетті азық-түлік,су т.б. құрамында болуының салдарынан адам және табиғат зардап шегіп,қатерлі ауруларға ұшырап жатыр.Диоксиннің адам өміріне және табиғатқа зардабын азайту үшін , өнеркәсіп кәсіпорындарында ластағыш көздерден және санитарлық-қорғау зоналарындағы эмиссияны күндіз-түні автоматты түрде бақылау жүйесін енгізу және атмосфералық ауаның, суаттардың, топырақ, азық-түлік өнімдері мен ауыз су жағдайын бақылау мен бірегей ғылыми-өндірістік оперативті мониторинг орталығын құру керек.
Слайд 19Пайдаланылған әдебиеттер
«Экология және қоршаған ортаны қорғау» Ұ.Б.Асқарова (Алматы ,2007)
«Экология пәнінен
практимум» А.Т.Қуатбаев (Алматы, 2006)
http://ru.wikipedia.org/wiki/Диоксиндер